Қазақстан республикасы білім және ғылым министірлігі маңҒыстау аудандық білім бөлімі



бет9/11
Дата30.10.2022
өлшемі4.65 Mb.
#463620
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
минерология және кристаллография

Цеолиттер (грек. — қайнайтын) — сілтілік және сілтілік жер металдарының сулы алюмосиликаттары түріндегі минералдар. Құрылымы [(Sі, Al)O4] тетраэдрлерінің қаңқасынан тұрады, бұның теріс зарядтарын Ca, Na, K иондары теңестіреді. Қаңқадағы тетраэдрлер арасындағы байланыстардың беріктігіне қарай Цеолиттер бір (натролит тобындағы минералдар), екі (гейландит тобындағы минералдар), үш өлшемді болып ажыратылады. Бірінші және екінші топ минералдарының пішіні талшық және пластинка тәрізді.
Тетра́эдр — қырлары төрт үшбұрыш және үшбұрышты пирамида тәріздес қарапайым көпқырлардан түзілген пішін. Тетраэдрдің 6 қыры, 4 төбесі және 4 қабырғасы болады. Барлық қырлары тең жақты болып келетін тетраэдр – дұрыс тетраэдр деп аталады. Бұл пішіндердің біршама тегіс жазықтықтары "Кристалл жақтары" деп аталса, сол жақтардың бір - бірімен шендесу сызықгары "Кристалл қырлары" деген атауға ие.

Қорытынды
Мен жұмысымды қорытындылай келе жобадағы қойылған мақсатқа жеттім деп ойлаймын. Басты мақсатым – минерология, кристаллография және басқа да жер туралы қолданбалы ғылымдар туралы мағлұматтар беру және өзіміздің таңдап алған екі нысанымыз Сарытаған марганец кендерінің және Ақтұмсық бор тауларының минералдық құрамы мен кристалдық бейнесін анықтау, оны көрсету болатын.
Н.И.Андрусов пен А.И.Антиповтың еңбектеріне сүйене отырып, онда берілген теориялық түсініктерді, ғаламтор, БАҚ құралдарынан алынған мәліметтерімізге көз жеткізу үшін, сол нысанға танымжорық жасадық. Танымжорық кезінде тапқан минералдарымызды Ш.Есенов атындағы Ақтау мемлекеттік технологиялар және инжинеринг Университетінің «Геология кафедрасының» аға оқытушысы Черкешова Салима Муналбаевна апайдың көмегімен нақтыладым. Андрусовтың келтірген минералдарының дәл үлгісін Университеттің «Минералдар коллекциясындағы» минералдармен салыстырып көзімді жеткіздім.
Осылай теориялық білімімізді практикамен ұштастыра отырып, жеткен жетістігімізді сіздерге толықтай жеткізу.
Жұмысымды қорытындылай келе айтарым бүгінде жаһандану заманында жас ұрпаққа әлемдік стандартқа сәйкес білім беру мәселесін республикамызда ғылыми – педагогикалық тұрғыдан ізденіспен әлемдік жинақталған тәжірибеге, отандық қол жеткен табыстарды саралай отырып, оқыту мен тәрбиелеуді жаңаша ұйымдастыру көкейтесті мәселе болып отырғандығын ұғындыру.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет