Қазақстан республикасы білім және ғылым министірлігі маңҒыстау аудандық білім бөлімі



бет7/11
Дата30.10.2022
өлшемі4.65 Mb.
#463620
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
минерология және кристаллография

ІІ.3.2.Монтмориллонит - жасырын кристалды, топырақ тәрізді, тығыз массалы агрегаттар құрайды және ұсақ қабыршақтар түрінде кездеседі. Магмалық жыныстардың, олардың туфтарының, кальцийлі, темірлі шөгінді жыныстардың жер бетінде, құрғақ климат жағдайында, сілтілік ортада үгілуінен, сазды жыныстардың шайылып екінші жерге тұнуынан пайда болады. Түсі ақшыл сұр, көкшіл ақ, қызғылт, кейде жасыл; Моос шкаласы бойынша қатт. 1 – 2,5; тығыздығы 1,8 г/см3. Мұнай өнімдерін тазарту, сабын қайнату, резина, қағаз, құрылыс материалдарын, тамақ өнімдерін тазарту, т.б. үшін қолданылады.
Каолинит– силикаттар класындағы сазды минерал. Түсі таза күйінде ақ, көкшіл, қоспаларына қарай – қызыл, қара, ашық жасыл. Қатты 1 – 3, менш. салм. 2,6 г/см3. Каолинит топырақ құрамында, үгілу қабаттарында, ылғалды климат жағдайында континенттік су алаптары түбінде түзілген көмірлі тау жыныс қабаттарында кездеседі. Каолиниттің диккит және накрит деген полиморфтық түрлері бар. Бұл минералдарды 650 – 800°С-қа дейін қыздырғанда толығымен судан арылады. Каолинит керамика өндірісінде, фарфор мен фаянс, металлургияда шамот кірпішін, бұрғылау ерітіндісін дайындауға, құрылыста, қағаз өндірісінде, алюминий тотығын алуда қолданылады. Каолинит негізінен алюмосиликатты таужыныстардың морылуынан және төмен температуралы метасоматозда пайда болады.
Цеолит - түссіз, ақ, жасыл, қызғылт, қоңыр түсті болып келеді. Қатт. Мосс шкаласы бойынша 3,5 — 5,5, тығызд. 2,1 — 2,5 г/см3. Цеолиттер негіз құрамды эффузиялардың суынуынан пайда болған қуыстарда, гидротермалдық процестердің ақырында қалыптасқан түзілімдерде, экзогендік жағдайда алюмосиликаттар мен табиғи шынының өзгеруінен жаралады. Жасанды жолмен алынған Цеолиттердің таңдап адсорбциялау қасиеті болады. Цеолиттерден жоғары сапалы сорбенттер, молек. өлшеуіштер жасалады. Цеолиттер табиғатта кең таралған. Табиғи Цеолиттер суды тазартуға қолданады.
Барит ауыр шпат – сульфаттар класының минералы. Стронций мөлшері көп болса, баритоцелестин деп аталады. Кристалдары тақтайша жалпақ, сирек призма немесе бағана пішінді болып келеді. Минералдық агрегаттары түйірлі массадан тұрады. Көбіне ақ, кейде әр түсті, шыныдай жылтыр. Қаттылығы 3 – 3,5, меншікті салмағы 4,3 – 4,7 г/см3. Гидротермаль кендер мен шөгінді жыныстарда кездеседі. Қазақстанда көп таралған (Бадам барит кені, т.б.). Резина, қағаз, химия өндірістерінде толықтырғыш ретінде пайдаланылады, бұрғылау ерітінділеріне қосылады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет