Қазақстан республикасы білім және ғылым министірлігі маңҒыстау аудандық білім бөлімі


«Жыңғылды және Сарытаған қонысының минерологиясы мен кристаллографиясы» тақырыбына



бет11/11
Дата30.10.2022
өлшемі4.65 Mb.
#463620
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
минерология және кристаллография

«Жыңғылды және Сарытаған қонысының минерологиясы мен кристаллографиясы» тақырыбына
Түйіндеме


Зерттеу жұмысының тақырыбының өзектілігі:
Жыңғылды және Сарытаған өлкесіне қатысты кешенді зерттеу, Н.И.Андрусов пен Кирилл Игнатьевич Шпактың Сарытаған және Жыңғылды жеріне жүргізген зерттеу жұмыстары туралы деректерді дамыта ашып көрсету.
Зерттеу жұмысының мақсаты:
Жалпы орта білім беру ұйымдарындағы оқушылардың белсенді өмірлік ұстанымдарын қалыптастыру, отаншылдық және азаматтыққа тәрбиелеу, дарынды және талантты балаларды анықтау, сонымен қатар Қазақстанның геология ғылымының үздік іс – тәжірибелерін насихаттау, геологиялық өлкетануды дамыту.
Зерттеу жұмысының міндеті:

  • Геология негіздері, табиғатты қорғау қызметі, туристік дайындық бойынша оқушылардың практикалық дағдыларының сапасы мен деңгейін айқындау;

  • Оқушылардың геологияға деген қызығушылығын арттыру;

  • Минерология,кристаллография және басқа да жер туралы қолданбалы ғылымдар туралы мағлұматтар беру;

  • Оқушыларды геологиядан жарыстар мен конкурстарға қатысуға дайындау;

  • Балаларды геология саласы бойынша шығармашылыққа тарту.

Зерттеу жұмыстарында қолданылатын әдіс - тәсілдері:
Команда шығару, ауыл әкімімен, ақасақалдарымен кездесу, экспедиция ұйымдастыру, қажетті деректер мен материалдар жинау, көрмеге оқушылар қолынан бұйымдар дайындау.
Дерек көздері:
БАҚ, естеліктер, Е.В. Ливеровская «Тротичное отложения Мангышлака» Ленинград 1980 г, «Маңғыстау облысының атласы» концепциясы, экспедиция кезінде алынған деректер.
Зерттеудің нысаны:
Сарытаған қонысы, Жыңғылды ауылындағы Ақтұмсық бортаулары
Зерттеу жұмысының жаңалығы: Танымжорық кезінде табылған минералдар мен тау жыныстарының сол өңірге зерттеу жүргізген Андрусовтың деректерімен дәл дәл сәйкес келуі.
Ғылыми жобаны жан - жақты зерттей жүріп, қорытындылай келе ұсынысым:

  • Тарихтың мақсаты – өз халқына қызмет ету десек, бүгінгі ұрпақтан қандай ащы болмасын шындықты жасырмағаны дұрыс. Тек шындықпен сусындап, әділеттік рухта тәрбиеленген ұрпақ қана ел намысын қорғай алатын азамат болып өседі.

  • Тәуелсіздік алдық, әлі де болса өлкеміздің геологиялық тарихын талдап, оны ұрпаққа жеткізу біздің міндетіміз. Ол үшін өлке туризмін дамыту, геологиялық, танымдық сайыстар көптеп ұйымдастырылуы керек деп ойлаймын. Сондықтан өлке геологиясы әлі де зерттелсе, әсіресе осы кезеңде.

  • Өлкедегі аймақты геологиялық зерттей жүріп, Сарытаған және Жыңғылды жерінің болашақ ұрпақ үшін геологиялық мұражай және туризмді дамытудағы орталық ретінде көрсетуді жолға қою.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет