Қазақстан республикасы білім және ғылым министірлігі маңҒыстау аудандық білім бөлімі


ІІ.2. Маңғыстау марганец кендерінің тобы және Жыңғылды бор таулары



бет4/11
Дата30.10.2022
өлшемі4.65 Mb.
#463620
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
минерология және кристаллография

ІІ.2. Маңғыстау марганец кендерінің тобы және Жыңғылды бор таулары Маңғыстау облысы Шетпе темір жол станциясынан оңтүстік - батысқа қарай15 км жерде.

  • Кен орнын алғаш 1908 жылы Н.И.Андрусов (1861 — 1924) ашқан.

  • 1942 — 55 жылы толық геологиялық зерттеу жүргізіліп кендердегі марганец мөлшері мен жалпы қоры анықталды.

  • Маңғыстау марганец кендері тобының жаралуы негізінен палеоген шөгінділерімен байланысты. Кен қабаты кварц - глауконит құмдары мен марганец араласқан құмтастан құралған. Солтүстік - батыстан оңтүстік - шығысқа қарай созылған ( ұзындығы 3,5 — 20 км, ені 1,5 — 4,0 км аралығында ).

  • Маңғыстау марганец кендерінің тобы 4 телімнен тұрады ( Сарытаған, Шақырған, Қарақыз, Қызылтұран ). Бұлардың әрқайсысында 1 - ден 8 - ге дейін линза пішінді кен денелері бар. Кендері жұмыр болып келеді. Мұндағы марганец мөлшері 20%. Басты минералдары: псиломелан, пиролюзит, вад, темірдің гидрототықтары. Сондай - ақ, кварц, глоуконит, дала шпаттары, минералдар кездеседі.

Оңтүстік Ақтау. Қаратау жоталарының оңтүстігінде орналасқан. Ақтау жотасының биіктігі батыста ( Жаужол ) 200 – 240 метр, Тұщыбек ауылының тұсында 264 метрге дейін көтеріледі. Салыстырмалы биіктігі Жыңғылды ойпаты тұсында 123 метрге жетеді. Жыңғылды ауылының символы. Өңкей бордан түзілген ерекше көрініс беріп тұратын, табиғи ескерткіш. Каспий мен Арал теңіздері ежелгі Тетис мұхитының қалдығы дегенді растап тұрғандай. Қаратауды шырқ айнала суын да, нуын да түртпектей 1846 жылы Бас штабтың офицері М.И.Иванин жазса, оның ізімен қыруар экспедицияны бастап, 1851 жылы осы өңірдің көмір, темір тағы басқа жер асты байлықтарын зерттеу үшін, теу кен инженері А.И.Антипов Жыңғылдыда қосын тігіп біршама уақыт аялдаған. Осы экспедицияның құрамында Т.Шевченко да болыпты. Жыңғылдының эстетикалық табиғи әсем көріністері ақын жүректі, қылқаламды өнер иесінің назарынан тыс қалмапты. Украинаның айтулы ақыны міне, осы күндері Жыңғылды жеріндегі Ақтұмсық пен Сартөбедегі қос күмбезді тамды асқан шеберлікпен қағаз бетіне өрнектей түсірген.
Бор — түсі ақ, біркелкі ұсақ түйірлі кальций карбонатынан құралған жұмсақ шөгінді жыныс. Бордың құрамындағы бір клеткалы әктасты балдырлардың — кокколито - форидтердің қалдықтары 10 — 75%-ке, фораминиферлер 5 — 6%-ке, кейде 40%-ке дейін жетеді. Аздап моллюскілердің, белемниттің, аммониттің, мшанканың, теңіз лаласы мен кірпілерінің, маржандардың, т.б-дың қалдықтары кездеседі. Бор химиялық шөгуден және органикалық қалдықтардың ыдырауынан түзіледі. Бордың қаттылығы 1-ге жуық, меншікті салмағы 2,2 — 2,8 г/см3. Бор құрамында кварц, монтмориллонит, каолинит, гидрослюда, опал, глауконит, халцедон, цеолиттер, пирит, барит, темір оксидтері болады. Ол қағаз, шыны, цемент, парфюмерия өндірісінде, косметикада, медицинада қолданылады.
ІІ.3.1. Кен құрамында кездесетін минералдардың құрылысы. Мұндағы марганец мөлшері 20%. Басты минералдары: псиломелан, пиролюзит, вад, темірдің гидрототықтары. Сондай - ақ, кварц, глоуконит, дала шпаттары, минералдар кездеседі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет