Қазақстан республикасы білім және ғылым министірлігі маңҒыстау аудандық білім бөлімі


ІІ.1. Минерология және кристаллография ұғымдарына түсінік Минералогия



бет2/11
Дата30.10.2022
өлшемі4.65 Mb.
#463620
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
минерология және кристаллография

ІІ.1. Минерология және кристаллография ұғымдарына түсінік Минералогия (грек. минерал және логос – ғылым) минералдардың құрамын, қасиетін, пайда болуын зерттейтін ғылым. Минералогияның басты мақсаты минералдық шикізат кендерін іздеу, барлау, бағалау, байытудың ғылыми негізін анықтау, оларды халық шауашылығына ендіру жолдарын зерттеу. Минералогия терминін ғылымға 1636 жылы итальян ғалымы Бернард Цезий енгізген. Минералогиядағы жаңа әдістер мен жалпылама теорияларда Ресей ғалымдары В.В. Докучаев, А.Е. Ферсман, В.И. Вернадский, Е.С. Федоров (1853 – 1919 жылдары), т.б. көп еңбек сіңірді. Қазіргі минералогияның дамуына Д.И. Менделеевтің периодтық заңы мен Дж.У. Гиббстің (1839 – 1903 жылдары) фазалар ережесі үлкен ықпал тигізді. Минералогия жөнінде жазылған еңбектер ертеде аз болған. Ең алғашқыға Теофрастың «Тастар туралы» деген еңбегі жатады. Ол грек халқының ірі ғалымы болған және Аристотельдің шәкірті саналған (372 – 287 жыл бұрын б.з.д). Ол барлық минералды заттарды үш топқа бөлген: 1) металдар; 2) тастар және 3) топырақ. Одан кейін минералдар туралы жазған Римнің атақты ғалымы Үлкен Плиний болған. Орта ғасырларда бүкіл дүниежүзіндегі барлық ғылымдардың туын ұстап, оны ілгері дамытушылар арабтар болды. Араб мәдениеті ең кемінде 600 - 1500 жылдар арасында жер жүзіне жайылған ең күрделі мәдениет болды. Араб тілінде жазылған еңбектермен батыс елдері ғалымдары көп кеш танысты.
Химиялық құрамының ерекшелігіне қарай минералдар 9 топқа біріктіріледі:

  1. Жеке элементтер ( саф кесекті: алтын, платина, күміс, алмаз, графит, мыс, күкірт );

  2. Сульфидтер ( күкіртті қосылыстар: галенит, халькопирит, пирит );

  3. Галогенді қосылыстар ( галит, карналлит, флюорит );

  4. Тотықтар мен гидрототықтар тобы ( кварц, халцедон, хромит );

  5. Карбонаттар ( кальцит, доломит, малахит, азурит );

  6. Сульфаттар ( гипс, барит );

  7. Фосфаттар ( фосфорит, аппатит );

  8. Вольфраматтар ( вольфрамит, шеелит );

  9. Силикаттар ( гранат, берилл ).

Табиғатта минералдардың 3000 – нан астам түрі белгілі. Тау жыныстары құрамындағы минералдар кристалды және аморфты ( пішінсіз ) күйде кезедседі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет