Қазақстан республикасы білім және ғылым министірлігі маңҒыстау аудандық білім бөлімі



бет5/11
Дата30.10.2022
өлшемі4.65 Mb.
#463620
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
минерология және кристаллография

Псиломелан —Грекше псилос — қасқа , мелас — қара деген сөз («шыны қара бас» десе де болады). Қаттылығы 4—6, меншікті салмағы 4,4—4,7. Түсі қара, қара сұр. Дағы қызғылт қара; жылтырлығы металл тәрізді. Жымдастығы болмайды. Сингониясы ромбылық; көпшілігі аморфтық .
Псиломелан ең алдымен экзогендік жағдайларда: марганец руда кендерініц тотықтану зоналарында және шыққан тегі шөгінді кендерде пайда болады. Сонымен қатар оның гидротермалық генезисі марганец рудаларында шамалы минерал ретінде кездеседі. Марганецтің шөгінді кендерінде псиломелан тығыз руда қабаттар немесе оолиттер түрінде және қабаттасқан құрылысты, шар тәрізді конкрецияларда кездеседі.
Шығу тегі — гидротермалық рудаларда псиломелан көпшілігінде баритпен және кварцпен бірлесіп минералдардың акырғы желілері есебінде байқалады. Табиғи өзгеріске ұшырау әсерінен псиломелан тотықтанады, сусызданады, сөйтіл онан суы аз вернадит, суы жоқ пиролюзит пайда болады. Псиломелан пиролюзитпен және марганецтің басқа минералдарымен қатар ферромарганецті қорытып алуда қара темір металлургиясына пайдаланылатын басты руда болып табылады. Марганеці аз рудалар, темір рудаларынан шойын қорытқан кезде шихта есебінде қолданылады. Марганец кендері қайда болса, псиломелан соның тотығу зонасында кездеседі.
Пиролюзит (грек. pyr — от, luo — жуамын), полианит — тотықтар класының минералы. Пиролюзит тетрагондық сингонияда кристалданып, ине, таяқша типтес кристалдар түзеді. Түсі қара, сұр, жартылай металдық жылтыры бар, жымдастығы бір бағытта жақсы жетілген; қаттылығы 6 — 6,5; тығыздығы 4,7 — 4,8 г/см3, морт, жартылай өткізгіш. Жаратылысы шөгінділік. Пиролюзит таяз сулардың химиялық шөгіндісінен, марганецті минералдар мен тау жыныстарының химиялық үгілуінен түзіледі.
Пиролюзит гидротермалық кендерде, тотықтану жағдайда едәуір сирек кездеседі. Көбінесе ол басқа марганец минералдарынан табиғи өзгеру зонасында пайда болады, көпшілігінде шөгінді тау жыныстарының арасында, конкреция, жалбыршақ, және оолиттер түрінде псиломеланмен бірге кездеседі. КСРО-дегі айқын белгіленген кендердің пиролюзиті теңіздің тұнбасынан пайда болган. Пиролюзиттен марганец металы өндіріледі.
Кварц, шынытас – табиғатта ең көп таралған тау жынысын түзуші минерал. Оксидтер класына жатады, химиялық формуласы SіO2. Кварцтың 12 полиморфтық түрі анықталған. Оның ішінде негізгілері – α=K (тригональдық сингонияда, төменгі температуралы), β=K (гексагональдық сингонияда, жоғары температуралы), β2 – тридимит (гексагональдық), b – кристобалит (кубтық). Кварц әр түрлі жыныстарда ксеноморфты агрегаттар, ұсақ түйірлі масса, жеке, қосарланған кристалдар, друзалар түрінде кездеседі. Табиғатта салмағы 40 т-дай Кварц кристалдары табылған. Кварцтың қаттылығы 7, меншікті салмағы 2,6 г/см3, балқу температурасы 1710°С, шыныдай жылтыр, ультракүлгін сәулені жақсы өткізеді, пьезоэлектрлі қасиеті бар. Түсіне байланысты Кварц әр түрлі аталады: оның таза, мөлдір, ашық түсті ақаусыз кристалы асыл тас қатарына жатады. Олар: тау хрусталі (мөлдір), аметист (күлгін көк), раухтопаз (көкшіл, мөлдір), морион (қара), аквамарин (сарғылт, күрең, қызыл), цитрин (алтындай сары), празем (мөлдір жасыл), тағы басқа. Кварц дала шпаттары, слюдалар сияқты минералдармен бірге магматекті қышқыл жыныстардың, гидротермальдық желілердің, пегматиттердің, метаморфтық жыныстардың басты жыныс құраушы минералы ретінде кең тараған. Кварцтың әсем түстілері зергерлік бұйымдар жасауға, түссіз, мөлдір таза кристалдары оптикалық аспаптар, ал кейбіреулері (агат) дәлдігі жоғары механизмдердің бөлшектерін (призма, ось, тірек, т.б.) жасау үшін, пьезооптикалық ақаусыз ірі кристалдар радиотехникада пайдаланылады. Кварцтан қышқылға, отқа және химиялық әсерлерге шыдамды берік ыдыс, кварц лампасы, абразиялық материалдар даярланады. Шыны керамика өндірісінде, металлургияда Кварцты флюс ретінде пайдаланады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет