Поэмалары. Ақын ел аузындағы ертегі, аңыздар дәстүрлер бірталай поэма туғызған. Соның бірі - «Алатаудың баурайында» ертегі-дастаны. Ертегі-дастан арнаудан және төрт бөлімнен тұрады. Автор халық ертегілерінің Алдар көсе, Тоғыз Тоңқылдақ, бір Шіңкілдек, балықшы шал сияқты кейіпкерлерін еске алады да, бүгінгі күннің өзге ертегісін баяндауға кіріседі. Туған жерден жырақ кеткен бір жарлы жан жұбайымен ақылдасып елге қайтуды ойлайды. Қара лашығын сатады да құнына есек алады. Сөйтіп, туған жеріне оралады. Жақының қара лашығын Сорай деген кедей сатып алған екен. Сорай лашық астынан кесек-кесек алтын табады. Сорай Жақыны іздеп Қаракемерге тартады. Жақы алтыннан бас тартады.
«Алтынды сен ал» деп Сорайға жалынады. «Оңай олжа - арам ас» - деп Сорай алтынды алғысы келмейді. Жақы екеуі қазыға жүгінеді. Қазы «біріңде ұл, біріңде қыз, екеуін үйлендіріңдер, еншісіне алтынды беріңдер»- дейді. Қыз бен жігіт те алтыннан бас тартады. Қазыға, ханға жүгінеді. Хан уәзірі Жиренше былай дейді:
Хан тақсыр, сіз алыңыз
Алтынға елді жалдаңыз
Алма бағын салыңыз,
Халқыңызға арнаңыз.
Сөйтіп, Қастек пен Қаракемерде алма ағашы бой түзейді. Алма бағы жайқалған жер - Алматы. Дастанның төртінші бөлімі түгелдей қала көркін сипаттауға арналады. Дастанның қысқаша сюжеті осындай. «Тәжірибелі талант «Алатау баурайында» поэмасының тең жартысына дейін ел ертегі, аңызының ізімен жырлап отырады, ортасынан ауа жасыл желек жамылған астананың бүгінгі көркін қызықтауға ойысады. Алатаудың алмасы жайлы аңыз, ертегіні бала тілінде баяндай келіп:
Ертектегі сол бақтың
Көргің келсе жұрнағын,
Әсем таулы алқаптың,
Алабына жүр,жаным, - деп осы өлкенің бүгініне әкеліп жалғайды. Алмалы өлкенің Кешегі зар тіршілігі мен Бүгінгі шат өмірі осылайша жаңа ертегі-поэмаға айналған»(16,221)
Сұрақтар мен тапсырмалар
М.Әлімбаев поэзиясының тақырыптық сипаты, көркемдігі жайында айтыңыздар.
М.Әлімбаев шығармаларындағы түйінді ойды анықтаңыздар. Шығармаларының тәрбиелік мәні туралы пікір білдіріңіздер.
Достарыңызбен бөлісу: |