Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі Е



бет64/73
Дата22.08.2023
өлшемі0.56 Mb.
#476180
түріОқулық
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   73
Rustemov okulik 00

Оқуға ұсынылатын кітаптар

  1. М.Әлімбаев. Балдәурен, балалық. - Алматы: Балауса, 2007.

  2. М.Әлімбаев. Қалам қайраты. - Алматы: Жазушы, 1976.

  3. Бесік жыры. –Алматы: Жалын, 1989.

  4. Қазақ балалар әдебиетінің хрестоматиясы. -Алматы: Мектеп, 1980.

  5. Қазақ балалар әдебиетінің хрестоматиясы. 3 кітап. - Павлодар: Арман, 2004.




  1. тарау. Б.СОҚПАҚБАЕВ

Повестері. Шығармашылық жолын балаларға арнап өлең жазудан бастайды. Кейін прозаға ойысады. Прозалық шығармалары арқылы балалардың сүйікті жазушысына айналады. Б.Соқпақбаев шығармаларының басты кейіпкерлері - мектеп жасындағы балалар. Автор балалар психологиясын жақсы біледі, терең сезінеді. «Алыстағы ауьшда» повесінің(1953) кейіпкерлері - қаладан ауылға көмекке келген Болат, Сережа, ауыл балалары Балабек, Қожаш, Әнуар, Досан, Құрмаш. Бұлар ел басына күн туған қиын кезеңде еңбек етеді. Қиындыққа еш мойымайды. Повесте олардың қарттарға жасаған қолқабыстары, өзара достық, жолдастық қарым-қатынастары нанымды әңгімеленеді. Жасөспірім баланың өсу жолын көрсететін шығарма - «Он алты жасар чемпион»(1957). Шығарма кейіпкері - Мұрат Батырбаев 16 жасында Парижде өткен студент боксшыларының халықаралық біріншілігінде әлем чемпионы деген атқа ие болады. Чемпиондыққа дейінгі өрлеу жолы қызғылықты баяндалады. Спортшы Николай Трофимович алыстағы қазақ ауылында секция ашады. Ауьш балаларына алуан түрлі спорт ойындарын үйретеді. Талапты бала Мұрат ата-анасы мен мектеп директоры Тоқмолданың қарсылығына тап болады. Николай Трофимовичтің ісіне, әсіресе, шала сауатты әрі спортқа жаны қас Тоқмолда көп кедергі жасайды. «Он алты жасар чемпион» - өмір шындығын, уақыт тынысын шынайы суреттеген шығарма.
Жазушы өмірбаяндық деректерді пайдаланатындықтан туындылары арасында сабақтастық байқалып отырады. Мәселен, «Менің атым Қожа» повесі(1957) алғашында «Өзім туралы повесть» деп аталған болатын. «Менің атым Қожа» повесі қазақ балалар әдебиетінде үлкен құбылысқа айналды. Повесть балалар прозасына жаңа леп, жаңаша бет ала келді. Бұрын қазақ балалар әдебиетінде кішкентай кейіпкерлер шетінен тәрбиелі болып келетін. Осы схематизмді бұзған Б.Соқпақбаев болды. Жұрт алғашында Қожаны тосырқай қабылдады. Кейіпкерді «жағымды», «жағымсыз» деп бөлетін, тек тәрбиелі баланы ғана үлгі тұтатын ұғым-түсініктерді повесть жоққа шығарды. Жазушы повесті орыс тіліне аударып, Мәскеудің «Детская литература» баспасына ұсынады. Шығарманың бағы жанады. Көп тиражбен басылып шығады. Көптеген тілдерге аударылады. Киноға түсіріледі. 1967 жылы Францияның Канн қаласында өткізілген балалар мен жастар көркемсуретті фильмдерінің бүкілдүниежүзілік фестиваліне қатысып, жүлделі орынға ие болады. «Менің атым Қожа» повесінің ерекшелігі - Қожаның жағымды, жағымсыз қылықтарын табиғи ашып көрсеткендігінде. Жазушының ізденісі - кейіпкерінің жанына үңіле білгендігінде. Қожа әрекеті бала табиғатына тән. Оның мінез-қылығы өзінің диалектикалық шындығымен, қайшылығымен көрінген. Жазушы саналы түрде кейіпкерді не бірыңғай мақтау, не бірыңғай қаралау принципінен бас тартқан.
«Балалық шаққа саяхат» повесі(1960) - өмірбаяндық деректерге құрылған туынды. Жазушының сегіз жасында шешесі қайтыс болады. Колхоздасудың алғашқы жылдары, ең бір қиын кез. Б.Соқпақбаевтың балалық шағы елдегі әлеуметтік өзгерістерге толы кезеңге дәл келді. Қаршадай бала колхоздастырудың алғашқы жылдарындағы қиыншылықтарды үлкендермен бірге көрді. «Бадалық шаққа саяхат» повесі - осынау балалық шақ туралы толғанысынан туған дүние. Повесте автор ауыл балаларының тірлігін сөз ете отырып, 30-жылдардағы ауыл өмірін бүкіл қайшылығымен көрсетеді. Жазушы сол кезеңді бала көзімен бағалайды. Колхоздастыру, коллективтендіру науқанында неше түрлі асыра сілтеушіліктер, солақайлықтар орын алды. Ел өміріндегі сол қиыншылықтар повесте үзік-үзік суреттер арқылы көрініс береді. Шығарма кейіпкері Бектас - жетімдік пен жоқшылық қасіретін көріп өскен бала. Қаршадайынан колхоз жұмысына араласады: масақ тереді, қырманда астық бастырады. Шешесі қайтыс болады. Тұрмыс ауыртпалығы Бектасты жасытпайды, қайта шынықтырып өсіреді. Повесте жазушы бала кейіпкерге қоғам бойындағы ауыртпалықты арқалатты. Бала кейіпкер аузымен қазақ қоғамына тән бірталай кемшіліктерді айтты.
Жазушы өз шығармаларын бірінші жақтан жазады. Бұл өмір құбылыстарын бала көзімен көру, бала түйсігімен түйіндеуден туындайды. Баланы зеріктіретін суреттеулерден, үсақ-түйекті тәптіштеуден бойын аулақ салады. Жазушының балаларға арналған шығармаларында кішкентай кейіпкерлердің ой-көзқарас, психологиясын нақты көрсететін шынайы штрих-детальдар мол. Қала баласының ой-көзқарас, түсінігіне құрылған туындысы - «Аяжан» повесі(1963). Ауылдағы туыстарына қыдырып барған Аяжан атты кішкентай қыз суықтан құлағы естімей қалған әйелге жанашырлық жасайды. Қаладағы дәріханашы анасынан алдырған дәрісі ем болады.
«Әлгендер қайтып келмейді» романында(1967) өмірдің ащы шындығы тереңірек ашылған. Романда екінші дүниежүзілік соғыс қарсаңындағы, соғыс кезіндегі және соғыстан кейінгі кезеңдегі қазақ ауылының шындығы көрінеді. Соғыс халық тұрмысына қиыншылық, ауыртпалық әкелді. Сондай-ақ, алуан түрлі психологиялық, моральдық проблемалар тудырды. Соғыс кезінде адамдардың адамгершілік қасиеті, моральдық болмыс-бітімі сынға түсті. Роман үш бөлімнен тұрады. Әр бөлім шағын көріністерге бөлінген. Роман желісі соғыс алдындағы жылдардан басталып бас кейіпкер Еркіннің ақындық, жазушылық жолға түсуіне дейінгі мерзімді қамтиды. Роман өзегі - Еркіннің азамат боп өсу жолдары. Бірінші бөлімде Еркіннің ағасы Сәрсебек үйленеді. Ағысының Қаныша жеңгесімен қосылғанына жыл жарымдай уақыт өтеді. Соғыс басталады. Сәрсебек әскерге аттанады. Еркін колхоз председателі Нұрәлінің әділетсіздігіне төзбейді. Нұрәлі Еркінді елден қуады. ФЗО-ға жібереді. Еркін ФЗО-дан қашады. Түрмеге түседі. Екінші бөлімде Еркін өз ауылынан алыста, Сарыбелде мұғалім болып жүреді. «Живсырьенің» қызметкері, ішкі есебі мықты Сегізбаймен араласады. Басынан бірталай оқиғалар өтеді. Еркін студент болады. Соғыстан кейінгі жылдардағы студенттер тұрмысы баяндалады. Декан Дәулетбаев пен доцент Беделбаевтардың іе-әрекеттері есте қалады. Романның үшінші бөлімінде Еркін оқу бітіріп Қазақстанның оңтүстік облыстарының біріне мұғалім болып барады. Еркін үйленген. Әйелі Зағипа да мұғалім. Мектептегі оқу-тәрбие жұмысы ойдағыдай емес. Осы мәселелер жөнінде мектеп директоры Жақыбаев пен оқу ісінің меңгерушісі Ілиясовпен келісе алмайды.
Б.Соқпақбаев - тақырыпты өмірдің өзінен алатын жазушы. Жазушы өзінің шығармалары арқылы өмірдің соншалықты күрделі, соншалықты ауыр екендігін мейлінше шыншыл баяндайды. Қаламгер өз шығармасы арқылы өмірдің соншалықты күрделі екенін, өмірде әділеттіліктің сақтала бермейтінін асқан шыншылдықпен баяндап берді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   73




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет