371
намесінің» сыни мәтінін дайындағаны үшін
Сталин сыйлығымен
марапатталған. Соғыс жылдарынан кейін Мәскеу қаласында тұрған.
Березин И. (1818-1896) – шығыстанушы. Қазан, Санкт-Петербург
университеттерінің профессоры. Негізгі еңбектері шығыс халықтарының
тарихына, филологиясы мен археологиясына арналған. 1849-1854
жылдары Березин «Шығыс тарихшыларының кітапханасы» атты
жинақ шығарады. Бұған Рашид-ад-Дин, Шейбани, Жалаири,
Әбілғазы
еңбектерінің аудармасы кірген. «Шығыс елдеріне саяхат» атты еңбегі
бар. Омбы кадет корпусының оқытушысы Н.Ф.Костылецкий арқылы
Ш.Ш.Уәлихановпен байланыс жасап тұрған миссионер ғалым.
Гродеков Н.И. (1843-1913) – Қазақстан мен Орта Азия халықтарының
тарихы мен этнографиясын зерттеуші. Түркістанда
болған сапарлары
кезінде қазақ халқының тұрмыс-тіршілігі, әдет-ғұрыптарын зерттеп,
маңызды деректер жинады. Гродековтың
Ортa Азия халықтарының
байырғы әскери өнері, этнографиясы мен мұсылмандық құқық туралы
еңбектерінің бірқатары француз, неміс тілдеріне аударылған
Достарыңызбен бөлісу: