ЖИНАҚТА АТАЛАТЫН АВТОРЛАР ТУРАЛЫ МӘЛІМЕТ
Әбдірхман Жәми (1414-1492) – Хорасанда дүниеге келген. Ол өз
заманымен бірге туындаған сопылық жолды қалап, сол жолда өз қаламын
еркін сілтеген Шығыстың ұлы ақындарының бірі. Өмірінің соңы
1492 жылы Герат қаласында аяқталады. Кезінде Самарқант пен Герат
қалаларында оқыған. Өзі ақын, өзі философ, өзі музыка зерттеушісі, өзі
тіл білімін қатты игерген атақты филолог болған.
Әбілқасым Фирдауси (940-1020) – атақты парсы ақыны. “Шаһнама”
дастанының авторы. Сонымен қатар романтикалық, драмалық сарындағы
бірнеше поэмалар, дидактикалық және философиялық толғаулар
енгізілген. Негізгі сюжет Иран және Тұран халықтарының басынан
кешкен төрт мың жылдық тарихи оқиғаға байланысты өріледі. Сондай-
ақ “Шаһнама” дастаны Жамбыл, Тұрмағамбет, Серәлі, Ораз-Молла,
Қалмақан т.б. халық ақындарының шығармашылығына біршама ықпал
етті. Абай да Әбілқасым Фирдаусиді ұстаз тұтты.
Әл-Омари (1301-349) – ортағасырлық араб әдебиетшісі,
энциклопедист-ғалым. Дамаск қаласында туған. Халиф Омардың ұрпағы.
Мәмлүк сұлтаны ан-Насыр тұсында мемлекеттік хатшысы міндетін
атқарды. Ол «Масалик әл-абсар фи мамалик әл-алиар» (Қалалардың
иеліктері туралы шолу) деп аталатын тарихи энциклопедиялық шығарма
жазды. Шығармада авторға мәлім мемлекеттер суреттелген.
Әмір Темір (1336-1405) Орталық Азияда «Тимуридтер»
империясының негізін қалаған. Барлас руынан шыққан. Қазақ жерінде
Қожа Ахмет Иасауи кесенесін салдырған. Ол – Хорезм мемлекеті
(1372 — 1388), Шығыс Түркістан (1376, Герат (1381), Хорасан (1381),
Қандағар (1383) Сұлтания (Оңтүстік Әзербайжан, 1384), Тебриз (1384)
Ауғанстанды т.б. көптеген елдерді бағындырған. Дарынды қолбасшы,
қатал әмірші ретінде аты аңызға айналған.
Әл-Фараби (870-950) – әлемге әйгілі ойшыл, философ, социолог,
математик, физик, астроном, ботаник, лингвист, логика, музыка
зерттеушісі. Отырар медресесінде, Шаш, Самарқан, Бұхара, кейін
Харран, Мысыр, Халеб (Алеппо), Бағдад шаһарларында білім алған.
Ол – түркі ойшылдарының ең атақтысы, ең мәшһүрі, «Әлемнің екінші
ұстазы» атанған ғұлама. Тарихи деректер бойынша 70-ке жуық тіл
білген. Өздігінен көп оқып, көп ізденген ойшыл ғылымның әр саласына
қатысты 150-ге тарта трактат жазып қалдырды. Шығармаларында көне
370
грек оқымыстыларының, әсіресе, Аристотельдің еңбектеріне талдау
жасады.
Әл-Хорезми – орта ғасырлық ұлы ғалым, математик, астроном
(жұлдызшы), тарихшы, жағрапияшы. Туған, қайтыс болған жылдары
белгісіз. Бұл ғалымның өмірі туралы мәліметтер өте аз сақталған.
Әл-Хорезми есімі оның туған елін – ортаазиялық Хорезм мемлекетін
көрсетеді. Әл-Хорезми жайында сақталған соңғы мәлімет 847 жылға
сәйкес келеді.
Достарыңызбен бөлісу: |