388
білік», М.Қашқаридың «Диуани луғат ат-түрік», Қожа Ахмет Иасауидің
«Диуани хикмет», С.Бақырғанидің «Ақырзаман» т.б. шығармалары бар.
Қашқар, Қашғария – Батыс Қытайдағы Тянь-Шань, Памир, Кунь-
лунь және Бэйшань тауларымен шектелетін өлке.
Ұйғыр халқының
ежелгі мекені. Қашқар халқы қазақтармен ертеден араласып тұрған.
Қазақтар оның Қашғар, Түрпан, Жаркент, Ақсу қалаларына барып, сауда-
саттықпен айналысқан. Сондықтан Қашқар қазақтар тарихымен тығыз
байланысты.
Құлан – І-ғасырларда пайда болған қала. Қазір Жамбыл облы-
сы Тұрар Рысқұлов ауданының орталығы. Облыс орталығы –
Тараз
қаласынан шығысқа қарай 120 км жерде,
Қырғыз Алатаудың бойында
орласқан. Құлан ауылының солтүстігінде Луговой поселкасы орналасқан.
Қаланы археологикалық тұрғыдан зерттеу – ХІХ ғасырдың соңында
В.В.Бартольдтың жетекшілік етуімен басталды.
Талас өзені — Қырғызстан мен Қазақстан жеріндегі өзен, ұзындығы
661 км, су жиналатын алабы 52700 км². Қазақстандағы бөлігі 453 км.
Негізінен,
Жамбыл облысының Байзақ, Талас, Сарысу аудандары
жерімен ағады. Қырғыз Алатауы мен
Талас Алатауы мұздықтарынан
шығатын Қарақол және Үшқоша өзендері қосылған жерден басталып,
Мойынқұмдағы Айдын
көліне жетпей құмға сіңіп, тартылып қалады.
Тұран – Түркістан өлкесінің көне атауы. Ежелгі дәуірден жеткен
мәліметтер бұл өңірде тур деп аталатын
көшпелі тайпа мекен еткенін
көрсетеді. “Авестада”, Фердоусидің “Шаһнамасында” Иран мен Тұран
елінің өзара қарым-қатынасы жайлы көптеген мәліметтер бар. Тұранда
түркі халықтардың арғы тегінен сыр шертетін «Алып Ер Тоңға»
атты дастан дүниеге келген. ҮІ ғасырдан бастап Тұран сөзі – түріктер
мекендейтін жер, елдің атауы.
Түркістан – Қазақстандағы қала. Түркістан – V-VІ ғасырларда
іргетасы қаланған.
Есім ханнан бастау алып, XІV-ХVIIІ ғасырларда
Қазақ хандығының астанасы болған. Оңтүстік
Қазақстан облысында
орналасқан. ХІV ғасырда Ақсақ Темір іргетасын қалаған Қожа Ахмет
Иасауи кесенесі бар. Бұл қалада Қожа Ахмет Иасауи өзінің уағызшылық
қызметін жүргізген.
Достарыңызбен бөлісу: