Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі «Ғылыми қазына» мақсатты бағдарламасы



Pdf көрінісі
бет122/126
Дата01.11.2023
өлшемі2.92 Mb.
#482164
түріБағдарламасы
1   ...   118   119   120   121   122   123   124   125   126
4100d37a29d9cd8e6f0c6385f1c84be9

Сығанақ, (Сунақ) – ортағасырлық қала орны. Қызылорда облысы 
Төменарық тау жыныстары стансасының солтүстік-батыс жағында 10 км 
жерде орналасқан. Ертедегі Сығанақ қыпшақ мемлекетінің сауда және 
саяси орталығы болған. Жошы ұрпақтары кезінде Сығанақ Ақ Орданың 
орталығы болып, онда теңге соғылған. XVII –XVIII ғасырларда бірнеше 
рет жоңғар шапқыншылығына ұшырады. Осы шапқыншылықтар 
және басқа да әр түрлі себептерден қала бірте-бірте өзінің өмір сүруін 
тоқтатты. Археологиялық қазба барысында табылған заттарға қарағанда 
Сығанақ VI – XVIII ғасырларда өмір сүрген қала.
Сауран – ХІІ ғасырда ірі сауда орталығы ретінде іргетасы қаланған. 
Түркістанның солтүстік-батыс жағындағы 30 шақырым жерде орналасқан 


389
орта ғасырдағы қалалардың бірі. ХІІІ ғасырдың орта шенінде Сауран Ақ 
Орданың астанасы болды. ХІҮ ғасырдың аяғында қаланы Әмір Темір 
әскери қамалға айналдырған. Сауран ХҮІІ ғасырдың аяғы мен ХҮІІІ 
ғасырдың басында әлсіреп, ХІХ ғасырдың басында біржолата күйреген. 
Жүргізілген зерттеу жұмыстары қаланың ХҮІІ – ХҮІІІ ғасырларға жата-
тынын дәлелдейді
Сайрам Исфиджаб, Испиджаб – Оңтүстік Қазақстанның орта 
ғасырдағы ірі қалаларының бірі. Жұрты қазіргі Сайрам кентінің Оңтүстік-
батысында, Шымкент қаласынан 12 км жерде. Сайрам жайлы алғашқы 
дерек Махмұт Қашқаридің «Диуани лұғат ат-түрік» атты еңбегінде 
кездеседі. Сайрам – Исфиджабтың кейінгі аты. ХҮ-ХҮІІІ ғасырларда қазақ 
хандықтары кезінде Сайрам ірі сауда, қолөнер және діни орталық болған. 
Сүткент – ортағасырлық қала орны. Оңтүстік Қазақстан облысы 
Шардара ауданы Сүткент ауылынан шығысқа қарай 3 шақырым жерде, 
Сырдарияның сол жағалауында орналасқан. Сүткенттің аты XI ғасырдың 
соңынан XV ғасырдың басына дейінгі деректерде кездеспейді. Тек 1404-
1405 жылдары Әмір Темірдің Отырарға жорығы кезінде қайта атала-
ды. Қаланы 1900 жылы И.В.Руднев, 1951 жылы Оңтүстік Қазақстан 
археологиялық экспедицияда (жетекші А.Н.Бернштам) зерттеген. 
Шардараның маңында қаланың атын осы күнге дейін сақтап қалған екі 
қалашық бар.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   118   119   120   121   122   123   124   125   126




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет