Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі «Ғылыми қазына» мақсатты бағдарламасы



Pdf көрінісі
бет123/126
Дата01.11.2023
өлшемі2.92 Mb.
#482164
түріБағдарламасы
1   ...   118   119   120   121   122   123   124   125   126
4100d37a29d9cd8e6f0c6385f1c84be9

Суяб, Суйаб (түрікше Су – су, соғдыша Йаб – канал, арық деген мағына 
береді) – Шу алабындағы ортағасырлық қала. Тарихи, археологиялық және 
нумизматикалық зерттеулер бойынша ғалымдар Суяб қаласының орны 
Қырғызстанның Тоқмақ қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 8км жердегі Шу 
(Суйаб) өзенінің оңтүстік жағасындағы көне Ақбешім қала жұрты екенін 
дәлелдеді. Суяб қаласының іргесі 5 ғасырда қаланып, Х – ХІІ ғасырларға 
дейін өмір сүрген. Суяб ҮІІ ғасырда Батыс Түрік қағандығының, ҮІІІ 
ғасырда Түркеш қағандығының, ҮІІІ ғасырдың 2-жартысынан Х ғасырдың 
1-жартысына дейін Қарлұқ қағандығының астанасы болды. 
Сырдария – Орталық Азиядағы өзен. Парсы тілінен келген Сырдария 
атауы ежелден бері қолданылып келеді. Батыс елдеріндегілер болса ХХ
ғасырға дейін бұл өзенді Яксарт атауымен атап келді. Өзен Қырғызстан 
мен шығыс Өзбекстандағы Тянь-Шань тауларындағы екі өзеннің: На-
рын және Қарадария өзендерінің қосылуынан бастау алады да, 2,212 км 
қашықтықта орналасқан Арал теңізіне барып құяды. 
Ілебалық – орта ғасырдағы қала. Алматы обл. Іле ауд. Іле өз-нің орта 
ағысы, қазіргі Қапшағай СЭС-нің жанында болған. Қала туралы мәлімет 
М.Қашқари мен В.Рубруктың жазба деректерінде кездеседі, Ә.Марғұлан 
Мұхаммед Хайдардың дерегіне сүйеніп, І-ты өз алдына жеке қала болған 
деп тұжырымдайды.
Үрімжі – монғолша және қазақша деген талас бар – 1773 жылы Дихуа 
деп өзгертілген, 1884 жылы Шыңжан өлкесінің орталығы болған. 1954 
жылы ақпан айының 1 күні ежелгі Үрімжі аты қайта қалпына келтірілген.


390
РУ-ТАЙПА АТАУЛАРЫ
Найман – ежелгі түркі тайпаларының бірі. Наймандар туралы 
Рашид әд-Дин Х.Ховарс, П.Поуха, А.Бобривников, Гржимайло, 
Н.А.Аристов, 
С.Аманжолов, 
Ә.Марғұланның 
еңбектерінде 
наймандар туралы көптеген мәліметтер кездеседі. Әбілғазы жазбасы 
бойынша «наймандар» – малы мен басы көп өскен көне жұрттардың 
бірі саналады. Қазақ шежірелерінде олар Орта жүз құрамына кіреді.
Ғұн – тәңірілік дінді ұстанып, түркі жазуын тұтынып, түркі тілінде 
сөйлеген халық атауы. Шығыста Мөде «шығыс ху» тайпаларын 
басқарып, оған шамамен алғанда, Керулен және Онон алқаптарында 
мекендеген сянби және ухуань тайпалары кірген. Кореядан Тибетке 
және Шығыс Түркістаннан Хуанхэнің орта ағысына дейін созылып 
жатқан аумақ ғұн шаньюйлерінің, солтүстікте ғұн конфедерациясына 
біріккен тайпалар Байкалдан арғы оңтүстік аудандарға дейінгі 
аумақты алып жатқан. б. з. б. 201 жылғы жорықта ғұндар Алтай 
тайпаларын түгелдей дерлік бағындырды деген деректер бар. 
Карлұқ – Жетісу өлкесін мекендеген көне Үйсін мемлекетінің 
жеріндегі түрік тайпалары. Ежелден олар Түркеш тайпаларымен 
қоян-қолтық араласқан, Ұлы Жібек жолының үстіндегі этникалық 
топтар. 766 жылы Жетісу және Шу өлкелерін билеген, Қарлұқ 
қағанаты (766-940) үстемдік етті.
Қыпшақ – қазақ халқының, басқа да бірқатар түркі халықтарының 
негізін құраған ежелгі тайпа. Орта Азия мен Шығыс Еуропаны 
мекендеген аса ірі ұлыстардың бірі. М.Қашқари еңбегі бойынша, 
оларға ХІ-дағы субар, қаңлы, қарабөрікті, тоқсаба, жете, бөрлі, 
т.б. рулар мен тайпалар енген. Олар Түрік қағандығы ыдырағаннан 
кейін, Қимақ қағандығының құрамында болып, ХІ ғасырдада бөлініп 
шықты. Қыпшақтар тез арада күшейіп, Орта Азия мен Шығыс 
Еуропаға тарала бастады. 
Түргеш – дулы тайпа құрамының ішіне жатады, түргештердің өзі 
- қара және сары түргеш болып бөлінеді. Сақал қаған болған кезде 
түргеш кағанаты екіге бөлініп кетеді. Біреуінде Сақал өзі қаған 
болған, ал екіншісінде халықты Сулық қаған басқарған. Сақалға 
бағынатын бөлік «сары түргештер» деп аталған.
Сақ – б.з.б. 1-мыңжылдықта Орта Азия мен Қазақстан, Шығыс 
Түркістан жерін мекен еткен ежелгі тайпалар. Рим оқымыстылары 


391
және грек тарихшысы Страбон оларды «азиялық скифтер» деп 
атаған. Геродот (б.з.б.V ғ) және баска антик тарихшыларынша «азия 
скифтері» аталған. Сақтар одақтарына яксарт, массагеттер, исседон, 
дайлар, астақ, қамақ, аримаспы сияқты көптеген көне тайпалар 
біріккен.
Яғма – көне түрік тайпасы. Орта ғасырлардағы негізгі мекені Іле 
өзенінің бойында болған. Көне замандарда біршама уақыт оғыздарға 
билік жүргізген және Ұйғыр қағандығының хан әулеті яғма аталған. 
Сонымен қатар Солтүстік Моңғолия жерінде де тіршілік еткен. 
Қарахан әулеті мемлекетінің негізін қалауда елеулі рөл атқарған
яғмалықтар ХІІІ ғасырдағы моңғол шапқыншылығынан кейін 
Орталық Азиядағы түркі халықтарының (қазақ, өзбек т.б.) құрамына 
қосылып кетті. 


392


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   118   119   120   121   122   123   124   125   126




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет