Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі «Ғылыми қазына» мақсатты бағдарламасы



Pdf көрінісі
бет46/126
Дата01.11.2023
өлшемі2.92 Mb.
#482164
түріБағдарламасы
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   126
4100d37a29d9cd8e6f0c6385f1c84be9

Төртінші хикаят: Лұқман хакімнің қожасы Лұқманға ең жақсы ет 
асып бер дейді. Лұқман бір қойды әкеліп, бауыздап, тілі мен жүрегін 
асып береді. Біраз күн өткен соң ең жаман ет асып бер дейді. Лұқман 
тағы да қойдың тілі мен жүрегін асып береді. Қожасы мәнісін сұрайды. 
Сонда Лұқман: «Жақсы болмақ та тіл мен жүректен, жаман болмақ та тіл 
мен жүректен», – деп жауап береді. 
Бесінші хикаят: Лұқман ұзақ уақыт жол шекпекші болып, кетерінде 
ұлына үш өсиет айтады: Әйеліңе сырыңды айтпа, жаңа байығаннан 
қарыз алма, әкімнің нөкерімен дос болма.
Әкесі кеткен соң ұлы осы айтқандарының растығын тексеріп, 
білмекші болады. Бір жаққа кетеді де, келерде бір қойды сойып, қапқа 
салып, арқалап үйіне әкеледі. Әйелі:
- Бұл не? – деп сұрайды. «Сен ешкімге айтпа, далада бір кісіні 
өлтіріп алдым, қаптағы соның денесі», – дейді. Жаңа байығаннан 
қарыз алады, әкімнің нөкерімен дос болады. Күндерде бір күн әйелімен 
екеуі жанжалдасып қалады. Әйеліңді: «Құдайыңды біліп қой, әйтпесе 
мойныңнан байлатармын», – дейді. Бұл сөзді қоңсы әйел есітіп: «Оны 
неге байлатасың?» – деп сұрайды. Әйел: «Ау, халайық, бұл адам өлтірген, 
мені де өлтірейін деп жатыр», – деп жылайды. Бұл хабар әкімге жетеді. 
Әкім нөкеріне бұйрық береді. Өзімен дос болған нөкер келіп, мұны байлап 


196
алып кетеді. «Босат!» деп өтінсе де, босатпайды. Жолда жаңа байыған: 
«қарызымды беріп кет!», – деп жабысып, қарызын алып қалады. 
Мұны дарға аспақшы бола бергенде, әкім танып қалып: «Сен Лұқман 
хакімнің ұлысың, бұл іс саған лайық па, неге істедің?», – дейді. Ол болған 
істі бастан-аяқ айтып береді. Әкім үйінен қапты алдырып, ашып қараса, 
қойдың еті екен. Босатып жібереді. 
Алтыншы хикаят: Бір залым патша Лұқман хакімді ұлымен бірге 
құдыққа тастатады. «білгір болса, көрейін. Осы құдықтан қалай аман 
шығар екен?», – дейді. Құдықтың аузын диірменнің тасымен бекіттіріп, 
үстіне егін ектіреді. Лұқман ұлына: «Арқама мініп тұрып, құдықтың 
қабырғасынан бір кісі отыратындай жерді пышақпен ой», – дейді. Содан 
соң ұлына 40 түйір құрма беріп, сол жерде қалдырады да, өзі ары қарай 
қазып кете береді. 
Лұқман құдықта жеті жыл жатады. Баяғы сұлтан өліп, оның орнына 
басқа сұлтан болады. Бір күні сұлтан құрма жеп отырғанда, тамағына дәні 
тұрып қалады. Қандай амал жасаса да, ала алмайды. «Мұның айласын 
білетін кім бар?», – дегенде, бір қарт: «Лұқман деген білгір кісі бар
тірідей құдықта жатқанына жеті жыл болды, егер өліп қалмаған болса, 
мұның айласын сол білер еді», – дейді. Сұлтан дереу құдықты аштырып, 
ішіне адам түсіреді. Ол: «Бір кісі өліп жатыр», – деп қайта шығады. Қарт: 
«Сүйек бір кісінікі ме, болмаса екеу ме?», – деп сұрайды. Түскен адам: 
«Бір кісінікі», – дейді. Қарт қайта түсіреді. Бұл жолы өлер алдындағы 
Лұқманды тауып, құдықтың аузына әкеледі. Лұқман: «Құдықтың жанына 
үй тіктір, әр түрлі тағам пісірсін», – дейді. Содан соң шарап келтіртіп, үш 
күн бір-бір қасықтан шарап жұтады. Тіріле бастайды. «Енді бір сандық 
әкел, денеме жел тигізбей соның ішіне салып, сыртқа шығар», – дейді. 
Лұқманды сандыққа салып шығарады. Сандықтың ішінде түрлі дәрі 
қайнаттырып, ішіп үш күн жатады. Лұқман күш-қуаты қалпына келіп, 
орнынан тұрады: оны сұлтанға алып барады. Сұлтанды көріп: «Сіз өз 
балаңызды бауыздатып, жүрегін пісіріп жемесеңіз, жазылмай, өлесіз!», 
– дейді. Сұлтан біразға дейін көнбейді. Ақыры өлетін болған соң 
уәзірлерінің үгіттеуімен көнеді. Лұқман сұлтанның баласын байлатып, 
алдына әкеледі. Сұлтан жылай береді. Баласының бауыздалғанын 
көрмесін деп, алдына перде тұттырады. Жасырып бір қойдың аяғын 
байлап және әкелдіреді. «Ей, жігіт, саған ажал, маған бұйрық келді, атаң 
үшін сені бауыздаймын», – деп қойдың тамағынан пышақпен тартып 
жібереді. Қой қор ете түскенде, сұлтан «аһ!» деп талып қалады. Ол 
қатты күйініп: «Аһ!», – дегенде, тамағындағы сүйек атып шығады. Есін 
жиып қараса, баласы тірі, алдында отыр екен. Сұлтан қатты қуанып, 
Лұқманның ақылдылығына сүйсінеді. Көп мал беріп қайтарады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   126




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет