197
сабайды. Ел: «Неге ұрасың?», – деп сұраса, Лұқман: «Бұйырған істі
ғана орындағаны үшін», - дейді. Ел: «Бұйырған істі орындағаны үшін
ұра ма екен?», – деп таң қалады. Күндер өте береді. Бір күні бір ауылға
келіп, ұлын тағы ұра бастайды. Жұрт жиналады.
Олар да ЛҰқманның
сөзіне қайран қалысады. Әйелдер аяп, жылайды.
Сонда мұның бәрін
көріп тұрған бір қыз: «Уа, үлкен кісі, балаң өзі біліп істемесе, мен
бұйырмаймын», – дейді. Лұқман қарт ұлын босатып, әлгі ақылды қызға
үйлендіреді.
«Рабғұзи қиссаларындағы» Лұқман
хакім жайындағы хикаяттар
тапқыр оқиғалармен өте тартымды баяндалған. Олардың халық аузында
әбден пісіріп-шираған әңгімелер екендігі анық байқалады.
Хикаяттардағы Лұқман қарт құр уағызбен күн кешіп, намазға ұйып,
дінге кірмеген халықты қырып жүрген пайғамбар емес, ақылымен,
білімділігімен, адалдығымен озған,
ақыл-айласына, еңбегіне сүйенетін
адам. Әңгімелер Лұқмандай бол, арамдықтан, қара ниеттіліктен, өтірік-
өсектен без, білім-ғылым қу, сонда Лұқман
тәрізді қиындықтан оңай
құтыласың деп үйретеді. Ерлі-зайыпты адамдар бір-біріне бұйрық беріп,
бірі би, бірі құл болып күн кешпей, бірін-бірі айтқызбай ұғып, тәтті өмір
сүруі керек деп өсиет айтады. Ол үшін алған жарың ақылды, адал болсын
дейді. Соның бәрі қысқа әңгімелерде жеріне жеткізе айтылып, көңілден
берік орын алады.
Бұл тапқыр, тартымды хикая-әңгімелер халық аузында сонау
замандардан айтылып, бізге дейін жеткен болуы керек.
Қанша уақыт
өтсе де, Лұқман хакімнің осы әңімелерінің бәрі дерлік халық аузында әлі
күнге айтылады.
Ескерткіштегі хикаяттардың біреуін (6-хикаят) жырау Р.Мәзғожаев
1946 жылы халық аузынан жинап, жазып тапсырған, «Халық ертегілері»
атты кітапқа кірген («Әкім Лұқман туралы», «Қазақ ертегілері», 3-том,
363-бет).
Қазақ ертегілерінде Лұқман атына байланысты айталатын бұлардан
бөтен де аңыз, ертегілер кездеседі. Мысалы, «Лұқпан ата мен Әділ»
(«Қазақ ертегілері», 3-том, 343-бет), «Лұқман Әкім» (тапсырған
Ә.Марғұлан)
93
т.б.
94
Халықта «Көппен көрген ұлы той», «Көп түкірсе – көл», «Көптен
бөлінген көмусіз қалады», «Береке, бақыт – бірлікте»
деген мақал-
мәтелдер бар. Мағынасы – бірлікке, ынтымаққа, берекеге шақыру, соны
мұрат тұтқан кісінің мәртебесі биік болатындығын тұспалдағандығы
белгілі.
Халықтың ауа жайылған, тойымсыздықпен қолда барын
қызғанамын деп, көптен бөлініп, қара басының күйкі тіршілігін күйттеген
өрісі тар, санасы саяз, дүниеқоңыз жандарға айтқан бір нақыл ескертпесі
іспетті. Осы мақалдардың мысалы «Рабғұзиде» де кездеседі.
93
Қазақ ССР Ғылым академиясының кітапханасының қолжазба қоры. 202 – папка, №12.
94
Толығырақ: Каскабасов С.А. Казахская волшебная сказка. Алма-Ата. 1972, стр. 41 – 43.