Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі «Ғылыми қазына» мақсатты бағдарламасы



Pdf көрінісі
бет48/126
Дата01.11.2023
өлшемі2.92 Mb.
#482164
түріБағдарламасы
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   126
4100d37a29d9cd8e6f0c6385f1c84be9

Аһил Хайруан қиссасы. Бір кісінің он екі ұлы және бір үлкен мәуелі 
бағы бар еді. Мәуесінің бітіктігі сондай, жемісі бір жылдан келесі жылға 
дейін жетуші еді. Ол кісі бақтың жемісін жинайтын уақытта кедейлерді 
шақырып, қаққанда ағаш түбіндегі кілемнің үстіне түскенін өзі алып
сыртына түскен жемісті соларға беретін. Жұртпен бірлесіп, тез жинап 
алатын. Бір күні әлгі кісі қайтыс болады. Жылдағы жемістерін жинайтын 
уақытта балалары: «Атамыз жемістерді жұртқа үлестіре беруші еді, 
енді өзіміз ешкімге көрсетпей, жасырып жиып алайық», – десті. Түнде 
жасырынып баққа барады. Жинамақшы болды. Сол кезде қатты жел 
тұрды, бір-бірін көрмеді. Жемістері қап-қара күйік болып, жеуге жарамай 
қалды. Олар өкінді, бірін-бірі кінәлады. Ең кішісі: «Бұған бәріміз де 
кінәлымыз», – деді. Бәрі: «Енді жемісіміз болса, бүйтіп ашқарақ болмас 
едік», – десті. 
Содан былай жемістері жақсы өсті. Бітік өскені сондай, мәуесінің бір 
үзімі он батпаннан болды. 
«Рабғұзи қиссаларындағы» әңгімелердің көбінің кейіпкері, «пәлен 
пайғамбар» деп алынды да, солардың іс-әрекеті арқылы қарапайым 
адамдар арасында кездесетін жақсылық, жамандық мәселелері сөз 
болды. Мысалы: «Дәуіт қиссасында» ынсапсыздық, көрсеқызарлықты 
сынайтын әңгіме бар. 
Шығыс аңыз-әңгімелерінде Сүлеймен патша туралы да көп айтылады. 
Ол жайында «Рабғұзи қиссасында» да бірнеше әңгіме бар. Оларда 
Сүлейменнің жастығына қарамай ақылдылығы, білімділігі, әкесінің қате 
билігін түзеткені айтылады. 
Екі кісі дауласып, Дәуіттің алдына келеді. Біреуі: «Менің егініме 
қойларын жіберіп, егінімді жегізді», – деп екіншісін қаралайды. Дәуіт 
егіншіге: «Сен астығың үшін қойын ал», – деп билік айтады. Қойшы 
егіншіге қойын бермейді. Екеуі бұрынғыдан жаман дауласып, Дәуітке 
тағы келеді. Сүлеймен айтты: «Әй, ата, бұл билігің дұрыс емес, Одан да 
егінші қойшының қойын алып, суалғанша сүтін ішсін. Қойшы егіншінің 
бидайын алып, егіні піскенше иелік етсін», – деді. Бұл сөзге қойшы да, 
егінші де риза болды. 
Енді бір әңгімеде: Бір кісінің бір сұлу әйелге көзі түседі. Әйелді алғысы 
келеді, әйел көнбейді. Еркек: «Егер көнбесең, куә табамын да, маған зина 
қылды, алдады деп қазыға алып барамын», – деп қорқытады. Әйел оған 
да көнбеген соң, әлгі кісі бірнеше кісіні куә қылып, әйелді алып, Дәуіттің 
алдына келеді. Арыз айтады. Дәуіт: «Куәң бар ма?», – дейді. Еркек 
куәларын көрсетеді. Олар қоштайды. Дәуіт әйелді жазаға бұйырады. 
Сонда Сүлеймен: «Ата, асықпай тұра тұр, мен куәлармен сөйлесейін», 
– дейді. Куәларды бір-бірлеп оңаша шақырып алып: «Бұл оқиға күндіз 
болды ма, кешке болды ма, сыртта ма, үйде ме?», – деп сұрайды. Біреуі 
күндіз, біреуі кешке, бірі сыртта, бірі үйде деп, әрқайсысы әр түрлі жауап 


199
береді. Өтірік екенін содан білген Сүлеймен куәлар мен арыз айта келген 
кісіні жазаға бұйырып, әйелді қоя бергізеді. 
Сүлеймен патша туралы бір хикаятта Сүлейменді сөзбен жеңген 
құмырсқа туралы баяндалады. Бір күні құмырсқалардың патшасы 
Сүлейменнің қаптаған әскерімен келе жатқанын көріп, басқа 
құмырсқаларға інге тығылуға бұйрық береді де, өзі күтіп тұрады. 
Сүлеймен мұны көріп, күледі:
- Құмырсқаларды неге қашырдың? – деп сұрайды. Құмырсқа:
- Сенің әскерің аяғымен таптап, езіп кетпес үшін, - дейді. 
- Онда өзің неге қашпадың? – деп сұрайды Сүлеймен. Құмырсқа:
- Мен құмырсқалардың басшысымын. Бұқарасы бір пәлеге 
жолыққанда, басшысы жан сауғалап қашпас болар, - деп жауап береді. 
Сүлеймен құмырсқаның ақылдылығына таң қалып:
- Мұның бәрін қайдан үйрендің? – дейді. 
- Дүние-ғаламның бар ғылымы сенің жалғыз өзіңде деп ойлайсың ба? 
Сен білген ғылымды біз де білеміз, – дейді. 
- Не түрлі ғылымың бар? Айт, көрейін. Құмырсқа Сүлейменнің өзінен:
- Сенің қандай қасиетің бар? – деп сұрайды. 
- Барлық билік бір менің қолымда, – дейді. Құмырсқа:
- Онда тек «маған болсын, өзгеге болмасын» деген адам екенсің. 
Саған Жаратқан тағы қандай қасиет берді? – дейді. 
- Желдей жүйріктікті берді. Бір күнде бір йшылық жол жүремін. 
Құмырсқа:
- Онда жинағаның желмен кетеді екен. тағы не тіледің? Сүлеймен:
- Тақ сұрадым. Құмырса: 
- Отыруыңа жер де жетпейтін бе еді? Тағы не сұрадың? Сүлеймен:
- Жер жүзіндегі адам да, жын да қол астымда болсын деп жүзік 
сұрадым. Құмырсқа:
- Жүзігіңнің құны бір-ақ тас болады (бір теңге ақша). Сенің билігіңнің 
құны да бір-ақ тас екен, – депті. 
Сөйтіп, құмырса «менен білімді жоқ» деп жүрген Сүлейменді сөзбен 
жеңіпті. 
Бір кісі Сүлейменге келіп: «жануарлардың тілін үйрет», – деп 
өтінеді. Сүлеймен: «Ешкімге айтпасаң, үйретемін», – дейді. Үйретеді. 
Ол адам тіл үйретіп болған соң, үйіне келіп, құлына есек пен өгізді 
бір жерге алдыртады. Сөйтіп, екеуінің сөзін тыңдайды. Есек өгізден: 
«Достым, халің нешік?», – деп сұрайды. Өгіз: «Несін сұрайсың, халім 
жаман, жұмысты көп істеймін», – дейді. Есек: «Мен саған бір айла 
үйретейін, тыңда, жұмыстан құтыласың, – дейді. – Ертең саған шөп 
берсе, жеме, су берсе, ішпе, жатып ал. Діңкесі құрыған екен деп 
жұмыстан босатады». 
Мұны естіген иесі құлына: «Ертең мына есекті әбден жұмысқа жек, 


200
өгізді босат», – дейді. Сол күні өгіз шөп жемей, жатып алады. Есек кешке 
дейін өліп-талып жұмыс істейді. Кешке өгіз: «Достым, қожам бүгін мені 
әңгімеледі ме?», – деп сұрайды. Есек: «Әңгімеледі, егер өгіз ертең су 
ішіп, оттап, жұмысқа салуға жарамаса, оны сойып, етін үлестіріп беремін 
деп ұрысты», – дейді. Өгіз қорқып кетеді. Салған шөптен өз сыбағасын 
да, есектің сыбағасын да жеп қояды. Жұмысты жанын салып істейді. 
Содан былай жұмысқа өгізді салатын болады. Есек сөйтіп бейнеттен 
құтылыпты. Сүлеймен жайлы ертегілер, аңыз-әңгімелер қазақ арасында 
едуәр кездеседі. Олардың кейбіреулері Қазақ ССР Ғылым академиясы 
Орталық кітапханасының қолжазба қорында сақталған: «Сүлеймен 
патша»
95
, «Тақ Сүлейменнің хикаясы»
96
, «Сүлеймен пайғамбар»
97

Бұл сияқты мысал әңгімелерде жан-жануарлардың, жанды-жансыз 
нәрселердің бір-бірімен сөйлесуі арқылы түрлі мінез-құлықтары 
ашылады. Олардың айлакерлігі, ақылдылығы, мақтаншақтығы, 
момындығы көрсетіліп, адам бойындағы қылық-қасиеттерге тән мінез-
құлықтар тұспалданып отырады. Фольклорда, қазіргі жазба әдебиетімізде 
мол тараған ертегі, мысал, әңгіме, өлеңдердің терең тамырлары, міне, 
осындай үлгілер деуге болады. Осы сияқты «От пен жердің» айтысы да 
тәрбиелік мәні бар әңгімелердің қатарына жатады: От: «Менің нұрым 
түнді күндіз қылады, дұшпандарымды егессем – өлтіріп, өш аламын, 
ұзын тіліммен ағаштарды өртеп, күл қыламын», – деп мақтанады. Сонда 
жер: «Мен адамдардың ауырлығын көтеремін, қазына да, су да, тау да 
менің қойнымда. Адамдарға ырзық беремін. Бір дән ексе, он қылып, 
жүз дән ексе, мың қылып қайтарамын», – дейді. От жауыздық істеріне 
мақтанса, жер қайырымдылығын мақтан қылады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   126




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет