Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі «Ғылыми қазына» мақсатты бағдарламасы



Pdf көрінісі
бет49/126
Дата01.11.2023
өлшемі2.92 Mb.
#482164
түріБағдарламасы
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   126
4100d37a29d9cd8e6f0c6385f1c84be9

Зұлқарнайын қиссасы. Александр Македонскийдің аңызға 
айналған бейнесі ертеден-ақ ақындардың қиялын қызықтырып, өзіне 
тартқан. Оның шын бейнесі уақыт өткен сайын қиялмен түрленіп, түрлі 
шығармаларда түрлі таңғажайып оқиғалар қосылып, Александрдың 
шынайы өмірбаянына ұқсамайтын басқа біреу болып шыққан. Көбіне 
идеал патша бейнесінде жүрген. Сөйтіп, біздің жыл санауымыз бойынша 
І ғасырдың өзінде-ақ туған романдарда Александр аты ғана алынғаны 
болмаса, заты ойдан шығарылған аңыздан тараған еді. Мұның өзі көпке 
белгілі, Қожанасыр әңгімелеріне әр халық өз фантазиясынан туған күлкілі 
оқиғаларды қосып, өзінше өзгертіп айтып, бұрынғыларын дамытып, 
кеңейте беретіні сияқты, Александр туралы аңыздар да мол тарап, олар 
батыс пен шығыста «Александрия» деген өзінше бір жанрға айналып 
кеткен. Александр жайындағы романдарды Низами, Науаи дастандарын 
зерттеген ғалым Е.Э.Бертельс жоғары бағалайды: «... Александр жайлы 
95
202-папка. Ертегі. Тапсырған Ә. Марғұлан. 
96
203-папка. Ертегі. Тапсырған Ж. Жантөбетов. 1945 ж.
97
923-папка. Ертегі. Тапсырған Ж.Жантөбетов. 


201
шығыс романдарының біз үшін үлкен маңызы бар. Бұлар жай ғана 
көркем шығармалар емес, сол роман жазылған дәуірдегі саясаттың, саяси 
танымының жиынтығы. Оларды тек әдеби-тарихи жағынан ғана зерттеп 
қоймауымыз керек... Бұл шығармалардың барлығы да тарихта болған бір 
ғана Александрды мадақтауға құрылмаған, басқа да идеал бейнелерді 
қастерлеуден туған жиынтық тұлға. Оны шаруашылар көбінесе, шын 
Александрды біле бермеген»
98
.
Александр туралы аңыздар араб-парсы елдерінде де осындай жолмен 
жайылған. Бұл аңыздар кейін Құранға кіргізілген соң, айырықша мол 
тарап кетті. 
Араб-парсыда Ескендірді белгілі-белгісіз ақындардың көбі жырлап, 
прозалық шығармалар да, көптеген дастандар да туғызған. Низами, 
Жәми, Науаиге қоса Табари, Абу Әли Мұхаммад ибн Мухаммад Балами 
(«Хроника», Х ғ.), Фирдоуси («Шаһ-нама», Х ғ.), Әбу Бәкір Мұхаммад 
ибн әл-Вәлид әл-Фахри, ат-Туртуши («Сирад ал-Мулук», ХІ ғ.), Әбу 
Хамид Мухаммад ибн Мухаммад Ғазали («Ат-тибр әл-мәсбук фи Насихат 
әл-Мулук», ХІ ғ.), Әмір Хосрау (ХІІІ – ХІVғғ.) ақындар да жазған. Бұлар 
бір-бірінен көшірілген аудармалар емес, әрқайсысы өзінше жазылған 
нәзира шығармалар. 
Зұлқарнайын қиссасын жазу үшін Рабғұзидың көп тараған аңыз-
әңгімелерді, өзінен бұрын жазылған кейбір кітаптарды қарап, оқығаны 
байқалады. Оларды өз сөзімен баяндап берген, өз шығармашылығының 
елегінен өткізген. Бір оқиға әрқилы нұсқалармен айтылса, оны да көрсетіп 
отырған. Мысалы: «Ескендірдің» «Зұлқарнайын» – «Қос мүйізді» делініп 
аталуының мәнісін әркім әр түрлі түсіндіреді. Біреулер: «Құрна» араб 
тілінде «мүйіз» деген сөзді білдіреді. Ал «Иуна» – көптік жалғауы, «екі» 
мағынасын білдіреді, содан барып «Қос мүйізді» делінген, – дейді. 
Қиссада екі аңыз-әңгіме көңіл аударады. 
Зұлқарнайын көп елді жаулап, Үндістанға жетеді. Әскерімен қалаға 
жақындағанда, үнділердің патшасы бұл келе жатқан кімнің әскері 
екен, біліп кел деп, бір аса білікті уәзірін жібереді. Уәзірі ұзын кісі 
екен. Зұлқарнайын оны көріп, еңкейіп, басын тұқырайтады. Үнді уәзірі 
саусағымен мұрнын ұстап, маңдайын сипайды. Зұлқанайын күліп 
жібереді. Қасындағылар бұл ишараттың мәнін сұрағанда, ол: «Менің 
басымды тұқыртқаным – «Бойы ұзынның ақылы қысқа болады» деуші 
еді, ақылың, білімің аз шығар дегенім. Ол маған: «Мұрын қуысыма 
дейін, басым, тұла бойым толған білім», – деп жауап берді», – дейді. 
Зұлқарнайын ірімшік толы ыдыс алып, үндінің алдына қояды. Үнді 
қайыра ине шаншып қайтарады. Зұлқарнайын иненің бәрін балқытып
жұмарлап, қап-қара қылып күйдіріп қолына береді. Үнді сыртын сүртіп-
98
Бертельс Е.Э. Роман об Александре и его главные версии на востоке. М – Л, 1948, стр. 2.


202
сүртіп қайтарады. Зұлқарнайыннан қасындағы кісілер тағы да мәнісін 
сұрайды. Ол: «Ыдысқа ірімшік салып бергенім – біздің біліміміз осында 
көп дегенім. Оның ине шаншып қайтарғаны – біз де қалыспаймыз, 
біліміміз жыпырлаған инеден көп дегені. Инелерді балқытып, қарайтып 
бергенім – «түрің қара екен, пиғылың қандай?» дегенім еді. Ол: «Түрім 
қара болса да, көңілім ақ, адалмын деп жауап берді», – дейді. 
Бұл әңгімеден патшаны ақылды, білікті адам ретінде суреттеп, идеал 
бейнені көрсетуге ұмтылу жайы байқалады. 
Түркі халықтарында айтатын ойын тұспал сөзбен меңзеп, жұмбақтап 
айтып көрсеткен, сөйтіп ақыл-білім сайысына түскен білігі жоғары 
данышпан қарттар, ақылды қыз-келіншектер, жігіттер жайындағы 
әңгімелер, ертегілер мол айтылады. Олар қазақтың шешендік сөздерінде, 
ертегі аңыздарында да көп. Мысалы, Қарашаш сұлу мен Жиренше 
шешен жайлы әңгіме ертегілер, «Ақылды әйел», «Мафрузаның оқиғасы», 
«Орман молда мен Өтеш қу», «Жиренше шешеннің істері» тағы басқалар. 
Рабғұзи қиссасындағы жоғарыдағы әңгіме де осылай ойдан туып, дамып, 
Зұлқарнайынға телініп айтылған болуы мүмкін. 
Екінші әңгімеде Зұлқарнайынға Ысрафилдің тас беруі айтылады: 
Зұлқарнайын бірінен соң бірін кеп елдерді жаулап алады. Бір күні 
Зұлқарнайын бұл Ысрафилді көреді. Ол бір тас береді. Зұлқарнайын бұл 
тастың не мағынасы бар екенін біле алмай, хакімдерінен сұрайды. Олар: 
«Тасты таразыға тартып көріңіз, неден ауыр екен», – дейді. Таразыға 
тартып еді, ол тастың ауырлығына тең келетін зат табылмады. Топырақ 
салып еді, тасты басып кетті. Қызыр: «Мұның мәнісі – адам тірлікте 
ешнәрсеге тоймас, бетін топырақ жапқанда ғана тояды деген», – дейді. 
«Зұлқарнайын қиссасындағы» әңгімелердің екі түрлі бағыты 
байқалады. Бір – Зұлқарнайынның пайғамбарлығын көрсетуге көбірек 
көңіл бөлінген, таңғажайып оқиғалар араласқан әңгімелер; екіншісі – 
Зұлқарнайынды, оның іс-әрекеттерін адам, адамдық қалыпта суреттейтін 
үлгі, өнеге ретінде айтылған, өмірге сыйымды оқиғаларға құрылған 
әңгімелер (Зұлқарнайынның үнділікпен сөйлесуі, топырақтан басқаға 
тоймаған тас т.б.). 
Зұлқарнайын туралы ертегі-аңыздар Рабғұзи нәр алған түркі 
халықтарының ауыз әдебиетінде, оның ішінде қазақ фольклорында көп 
айтылады. «Мүйіз шығады деймісің» деген сөздің төркіні де Зұлқарнайын 
әңгімесінен шығып жатыр. Мәні: «Зұлқарнайынның күштілігі екі 
мүйізінен екен» дейтін аңызды тұспалдағаны. Аңыз-ертегі 1946 жылы 
шыққан «Қазақ ертегілерінің» 1-томында бар. Қысқаша нұсқасы 
Қазақ КСР Ғылым академиясының Орталық ғылыми кітапханасында
сақтаулы
99
.
99
151-папка. Тапсырған Ә.Марғұлан. 1939.


203


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   126




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет