353
туындыны әдеби көркем шығарма ретінде қарастыра отырып, оның
көркемдік-эстетикалық, поэтикалық құндылығына баса назар аударған.
Зерттеудің келесі басылымы 1975 жылы «Орта ғасырлардағы әдебиет
ескерткіштері»
атты дәрістер жинағында, (Алматы, ғыл.мет.каб.) одан
кейін 1987 жылы «Ғасырлар поэзиясы» атты еңбекте (Жазушы баспасы,
Алматы.) жарық көрді. Соңғы 1987 жылғы басылым 1967, 1975 жылдар
басылымына қарағанда біршама өңделіп, үзінділермен толықтырылған.
Келесі басылым, 1997, 2006 жылдары жарық көрген «Қазақ
әдебиетінің тарихы» (Алматы, Санат. 1997, 2006.)
атты жинақтық
зерттеуде жарияланған.
Кітапқа ұсынылып отырған зерттеу мәтіні соңғы басылым негізінде
дайындалды.
Тоекина Б.
«Құтадғу білік» – даналық дастан
«Құдатғу білік – даналық дастан» атты Х.Сүйіншәлиевтің
зерттеу
еңбегі алғаш рет «Қазақ әдебиетінің қалыптасу кезеңдері» (Алматы,
Қазақстан, 1967.) атты жинақта жарық көрген.
Бұл зерттеудегі ғалымның Баласағұн шығармасының маңыздылығын
талдаған әрбір тұжырымы тың жаңалық болып табылып,
қалың
жұртшылықтың жылы қабылдауына ие болды. Осы тұрғыда ғалымға
профессор Т.Тебегенов: «Х.Ж.Сүйіншәлиев өмір бойы қазақ әдебиетінің
көп ғасырлық тарихын толық қамтып зерттеді, жүйеледі, ешқашан мәнін,
құнын жоймайтын еңбектер жазды» (Ханғали Сүйіншәлиев және қазақ
әдебиеті тарихының келелі мәселелері. Конференция материалдары.
Алматы,
Қазақ университеті, 2004.) деген жоғары баға берді.
Одан кейінгі басылым студенттерге арналған «Орта ғасырлардағы
әдебиет ескерткіштері» (Алматы, Ғыл.мет.каб, 1975)
атты дәрістер
жинағында жарық көріп, ал келесі оқулықтар 1986, 1987, 1989 жылдары
баспа бетін көрген. Одан кейін зерттеу еңбек 1997 жылы жарық көрді.
Томға ұсынылып отырған зерттеу мәтіні 2006 жылғы басылым
бойынша әзірленді.
Тоекина Б.
Достарыңызбен бөлісу: