352
Оғыз нама
Профессор Х.Сүйіншәлиевтің «Оғыз нама» атты зерттеуі алғаш
«Қазақ әдебиетінің қалыптасу кезеңдері» (Ерте дәуірден ХІХ ғасырдың
аяғына дейін) атты жинақтың «Қазақ әдебиетінің түп төркіндері»
(Алматы, Қазақстан баспасы, 1967.) деген тарауында жарияланған.
Ғалым «Оғыз наманы» зерттеуде Н.Ф.Диц, П.Пелльо, В.В.Бартольд,
А.Н.Бернштам, В.М.Жирмунский сынды түркітанушылар
еңбектерін
пайдалана отырып, талдап, өз тарапынан тың тұжырымдар келтіреді.
Сондықтан бұл зерттеу де ғалымның түркітану ғылымына қосқан сүбелі
еңбектерінің қатарын молайтты. Зерттеу еңбегін белгілі әдебиеттанушы
ғалым С.Негимов «Ғалымның қаламы мен ғаламы» атты мақаласында:
«Әдебиетіміздің түп-төркіндерінің негізгі өзек тамырларын баяндап,
көкірегімізге ұялатқан Ханғали Жұмашұлының ғылым-білім жолындағы
әр қадамы жемісті» деп бағалайды (Ханғали Сүйіншәлиев және қазақ
әдебиеті тарихының келелі мәселелері. Алматы,
Қазақ Университеті,
2004).
Зерттеудің келесі басылымы 1975 жылы «Орта ғасырлардағы әдебиет
ескерткіштері» атты лекциялар жинағында, одан кейін 1987 жылы
«Ғасырлар поэзиясы» атты зерттеу еңбекте (Алматы, Жазушы баспасы.)
жарық көрді.
1987 жылғы басылымда 1967, 1975 жылдар басылымына қарағанда
біршама өзгерістер енгізіліп, «Оғыз намадан» бір бетке таяу үзінді де
қосылып берілген.
Одан кейін бұл зерттеу ғалымның «Қазақ әдебиетінің тарихы» деген
жинағында 1997, 2006 жылдары жарық көрді.
Томға ұсынылып отырған зерттеу мәтіні 2006
жылғы басылым
негізінде дайындалды.
Тоекина Б.
Достарыңызбен бөлісу: