Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі «Ғылыми қазына» мақсатты бағдарламасы



Pdf көрінісі
бет90/126
Дата01.11.2023
өлшемі2.92 Mb.
#482164
түріБағдарламасы
1   ...   86   87   88   89   90   91   92   93   ...   126
4100d37a29d9cd8e6f0c6385f1c84be9

Тыңтума әдебиет. Махаббатнама
А.Қыраубаеваның бұл зерттеуі – Алтын Орда дәуірі әдебиетінің 
мұрасына жататын Хорезмидің «Махаббатнама» дастанына арналады. 
Оқырман бұл зерттеумен алғаш рет ғалымның «Қисас-ул Рабғузи» 
мен «Махаббатнаманың» идеялық көркемдік ерекшеліктері» атты 
кандидаттық диссертациясы арқылы таныс болған. 
Зерттеуші бұл шығарманы түрік әдебиетінің ХІІІ-ХІҮ ғасырлардағы 
елеулі көркем туындысы ретінде бағалап, оны тыңтума әдебиет үлгісіне 
жатқызады. Еңбекте ғалым «Махаббатнама» дастанының тарихына, 
зерттелуіне, таралған нұсқаларына тоқталады. 
Туындыға көркемдік әдіс тұрғысынан келген ғалым дастанның 
тақырыбы мен идеясына, сюжеті мен композициясына да жан-жақты 
талдау жасайды. Шығарманың өз тұсындағы жер жүзі мәдениетінде 
көрініс берген озық ағымдармен, берідегі қазақ поэзиясының тіл, 
стиль дәстүрімен байланысты дамығандығын анықтайды. Ол поэмада 
кездесетін Мұхаммед Хожабектің образдық сипаты автордың ұзақ 
мадақтауы арқылы ашыла түсетіндігін әрі шығарма авторының кейіпкерін 
қарапайым адамнан гөрі, патша болуға лайық идеалға жақындата 
суреттегенін айтады.
Арғы бастаулары Орхон ескерткіштерінде, «Құтадғу білік», «Хұсрау 
уа Шырын», «Махаббатнамада» жатқан ежелгі жазба әдебиетіміздің 
дәстүрі мен оның кейінгі қазақ әдебиеті тарихындағы орны туралы нақты 
мәліметтер берген А.Қыраубаева қазақтың жазба әдебиеті екі салада – 
бірі қазақ өмірін, уақыт тынысын өз шындығымен көрсеткен, озық ойлы 
әлемдік мәдениеттен тәлім алып, мүлде жаңа арнада дами бастаған 


357
әдебиет ретінде, соңғысы шығыста бұрыннан белгілі сюжеттерді 
жаңғырта жазған, ежелгі әдебиеттің гуманистік идеяларын бүгінгі 
күнге жақындатқан үлкен бір ақындар тобы жасаған әдебиет болып 
дамығандығын әрі бұл ақындардың қиссашыл ақындар деген атауға ие 
болғандығын атап өтеді. 
1985 жылы А.Қыраубаева Хорезмидің «Махаббатнама» дастанын 
араб әрпімен жазылған нұсқасынан қазақ тіліне аударады. Аудармаға 
қатысты әдебиеттанушы ғалым Н.Келімбетов «Қазақ әдебиеті» газетінде 
(1986, 15-тамыз, № 33) «Жақсы нышан, игі қадам» атты сын мақала 
жариялаған. Бұл мақаласында ол дастанды кездейсоқ аудармашы емес, 
«Махаббатнамамен» көптен бері айналысып келе жатқан зерттеуші
филология ғылымдарының кандидаты Алма Қыраубаеваның тәржіме 
жасағандығын құптап, аудармашының шығарманың көне түркі тіліндегі 
транскрипциясы мен қазақ тіліндегі аудармасын қатар қойып, екеуін қоса 
қабат бергендігін, соның нәтижесінде оқырман дастанның түпнұсқасы мен 
қазақша аудармасын өзара салыстырып отыруға мүмкіндік алғандығын 
ұтымды әдіс деп бағалап, дастандағы бірқатар бәйіттердің, жекелеген 
фразеологиялық тіркестердің, қанатты сөздердің қазіргі қазақ тіліне 
сәтті тәржіма жасалғанын атап көрсетеді. Сонымен қатар, Н.Келімбетов 
дастанды аударуда кеткен бірқатар қателіктерге де тоқталады. Ғалым 
әрбір ғазал яки бәйіт аяқталған белгілі бір ойды білдіруі керек болса, 
А.Қыраубаеваның жасаған аудармасында мағынасы түсініксіз ғазалдар 
мен бәйіттердің кездесетіндігін әрі түркі тіліндегі кейбір сөздердің 
транскрипциясын беруде аудармашы тарапынан кемшіліктер орын 
алғандығын ескертеді.
Ал ғалым А.Қыраубаева әдебиеттанушының бұл ескертпелеріне 
қатысты: «...дастанның қазіргі қазақ тіліндегі бұл алғашқы аудармасы 
көркем аударма емес, мағыналық аударма, көбіне ұйқасы, буын саны 
сақтала бермейді. Әрі түрікше сөздердің транскрипциясына Нәджип 
жасаған транскрипцияны негізге ала отырып, кейбір өзгерістер енгіздік», 
– деп анықтап айтып кеткен екен (Махаббатнама. 1985).
Зерттеу – ғалымның «Ғасырлар мұрасы» атты монографиялық 
еңбегінің үшінші тарауы (А.Қыраубаева. Алматы: – «Мектеп», 1988. – 
163 бет). 
Кейін бұл еңбек зерттеушінің 5 томдық шығармалар жинағының 
бірінші томы ретінде қайталап жарық көрді (А.Қыраубаева. Ғасырлар 
мұрасы. Алматы: – «Өнер», 2008. – 304 бет). 
А.Қыраубаеваның «Тыңтума әдебиет. Махаббатнама» зерттеуі 2008 
жылғы басылымда үш абзацпен толықтырылған. Бұл өзгерісті мәтінде 
көрсеттік.
Зерттеу мәтіні кітапқа соңғы шыққан басылым (2008) бойынша 
әзірленді.
Хаван А.


358


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   86   87   88   89   90   91   92   93   ...   126




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет