Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі «Ғылыми қазына» мақсатты бағдарламасы



Pdf көрінісі
бет89/126
Дата01.11.2023
өлшемі2.92 Mb.
#482164
түріБағдарламасы
1   ...   85   86   87   88   89   90   91   92   ...   126
4100d37a29d9cd8e6f0c6385f1c84be9

Ахмет Йүгнәки
Х.Сүйіншәлиевтің «Ахмет Йүгнәки» атты зерттеуі алғаш рет 
автордың «Қазақ әдебиетінің қалыптасу кезеңдері» (Алматы, Қазақстан 
баспасы, 1967.) атты кітабының «Қазақ әдебиетінің түп төркіндері» 
атты тарауында жарық көрген.


354
Бұл зерттеу еңбегі де ғалымның ғылым майданында жасаған 
ерлігі іспеттес. Себебі, діни тақырыптағы туындыны кеңестік дәуірде 
зерттеуімен қатар, қазақ қауымы үшін тың тақырыптардың бірі болған 
еңбекті ғылыми айналымға енгізуінің өзі осыны айғақтайды. Бұл тұрғыда 
академик З.Қабдолов өзінің «Ұстаз» атты мақаласында: «Ханағаң ғылым 
мен білімдегі «ертеден салса, кешке озған, ылдидан салса төрге озған» 
тұлпар бітімді тарланымыз» (Ханғали Сүйіншәлиев және қазақ әдебиеті 
тарихының келелі мәселелері. Конференция материалдары. Алматы, 
Қазақ университеті, 2004.) деп жоғары баға береді.
Зерттеу мақаланың келесі басылымы 1975 жылы «Орта ғасырлардағы 
әдебиет ескерткіштері» атты жинақта жарияланса, 1987 жылғы «Ғасырлар 
поэзиясы» атты зерттеу еңбекте көлемі екі есе толықтырылып, өңделіп 
қайта жарық көрді. Келесі соңғы басылым 2006 жылы жарияланды 
(Сүйіншәлиев Х. Ахмет Йүгнәки» // Қазақ әдебиетінің тарихы. Алматы, 
Санат баспасы). 
Кітапқа ұсынылып отырған зерттеу мәтіні осы соңғы басылымның 
негізінде өзгертілмей алынып отыр.
Тоекина Б.
Аударма – нәзира әдебиет
«Қисас-ул Рабғұзи» («Рабғұзи қиссалары»)
Профессор А.Қыраубаева «Қисас-ул Рабғузи» мен «Махаббатнаманың» 
идеялық көркемдік ерекшеліктері» атты кандидаттық диссертациясының 
бір тарауы болған бұл зерттеуінде Алтын Орда дәуіріндегі әдебиеттің 
ахуалы мен қалыптасуына, дамуына, қарастырар туындыға сол кезеңдегі 
әлеуметтік-қоғамдық жағдайдың тигізген әсеріне, туындының жанрлық 
табиғатына, ерекшелігіне, дәстүр мен жалғастығына тоқталады. 
Мұндай ағымның таралуына бір кездері әл-Фараби де ден қойған Қайта 
өрлеудің сол дәуірде жер жүзі мәдениетіне жайылып жатуы орасан 
зор әсерін тигізгендігін байқауға болады. Ғалым мұндай әсерлер мен 
ықпалдар Әли, Құтб, Сәйф Сараи шығармашылығындағы классикалық 
парсы әдебиетіне еліктеуден, сондағы Қайта өрлеу идеясына бой ұрған 
ақындардың шығармаларын, бұрынғы араб-парсы әдебиеті үлгілерін өз 
заманына лайықтап қайта жаңғырту талпынысынан туған шығармалардан 
көрінгендігін айтады.
Сондай-ақ, ол аталмыш зерттеуінде бір ақынның жазғанын екінші бір 
ақынның қайталап өзінше баяндауы шығыста көп таралғандығын айта 
келе, мұның «нәзира дәстүрі» деп аталатындығын әрі бұл шығармаларға 
бір өлшеммен қарауға болмайтынын, бұл уақыттағы туындылардың 
бірқатары аудармаға жақын болса, бірқатарының нәзиралық сипаты 


355
басым, кей шығармаларда екі әдістің де қатар қолданылуы сезілетіндіктен, 
мұндай туындыларды «аударма-нәзира» деп айту шындыққа біршама 
жақын келетіндігін ескертеді. Бір сөзбен айтқанда, зерттеуде ХІҮ ғасырда 
өмір сүрген Насируддин Бурһануддин Рабғұзидің «Қисас-ул-әнбиа» 
(«Пайғамбарлар қиссасы») атты әдеби шығармасының тақырыптық, 
жанрлық, көркемдік сипаттары жан-жақты ашылған. Мәтінде сонымен 
қатар, «Салых қиссасы», «Лұқман хәкім қиссасы», «Аһил Хайруан 
қиссасы», «Зұлқарнайын қиссасы», «Жүсіп-Зылиха қиссасы» және 
бірнеше шағын хикаяттар кездеседі.
А.Қыраубаеваның Алтын Орда дәуіріне арналған бұл зерттеуін 
жоғары бағалаған академик Р.Нұрғали «А.Қыраубаева ұстазы 
Б.Кенжебаевтың негізгі концепциясы мен басты тұжырымдарын дамыта 
түсті, жаңа фактілер арқылы айқындады, соны пікірлермен толықтырды» 
десе (Телағыс. Монография. Жазушы, 1986), әдебиетанушы ғалым 
Х.Сүйіншәлиев өзінің «Қазақ әдебиеті тарихы» (Алматы, Санат, 1997) 
еңбегінде «Қисас-ул-Рабғұзи» өз зерттеушісін тапты» деп оң бағасын 
береді. 
Десе де, ғалым пікірлерінің ішінен бүгінгі күні басқаша саралауды 
қажет ететін біршама мәліметтері атап өту қажет. Себебі, тәуелсіздік 
алған соңғы жылдықтарда бір кездері атын атауға тыйым салынған 
діни ұғым-түсініктерді Құран аяттары негізінде ғылыми дәлелдеуге 
мүмкіндік туды, ал, кеңестік кезеңдегі идеология мен саясаттың белгілі 
дәрежеде ғалымның зерттеуіне, дүниетанымдық көзқарастарына ықпал 
жасағандығы анық. Сондықтан да, А.Қыраубаева бұл зерттеуінде 
дүниенің, адамның жаратылуы, пайғамбарларға сену мәселелерінде 
«...қазіргі ғылым діни кітаптар – «құдайдың сөзі, құдай жіберген» 
дейтін аңыздардың жалғандығын жалаң сөзбен емес, ғылымның 
бұлтартпайтын қаруымен дәлелдеп отыр. ...«Рабғұзидегі» кейбір 
«қалыптасқан сюжеттердің» түп негізі, дүниенің жаралуы, жерді 
топан су қаптауы туралы аңыз және басқалар вавилон мифологиясынан 
алынғандығы дәлелденіп отыр ... Адам мен Хауаның жаратылуы 
жөніндегі діни аңызды да біздің жыл санауымыздан бірнеше мың жыл 
бұрын өмір сүрген адамдардың фантазиясы туғызғандығы дәлелденіп 
отыр ... Халық дінді таратушыларды «бізге жаңа дінді әкелген, 
шындыққа көзімізді ашқан адам» деп қастерлеп, есте берік ұстап
оларға мінәжат етуді парыз санаған ...Жоғарыдағы әңгімелер адамның 
дүниенің шын сырын білуге құмартуы, аңсауының бейнелі көрінісі 
деуге болады» т.б. секілді атеистік көзқарасты ұстанғандығы, Құранда 
кездесетін оқиғаларды аңыз-әңгімелер ретінде қарастырғандығы әрі 
«Бұл аңыздар кейін Құранға кіргізілген соң айырықша мол тарап 
кетті» деп, бұл пікірін ғалымдардан (К.Ақназаров, З.Косидовский т.б.) 
сілтеме келтіре отырып дәлелдеуге тырысқандығы айқын аңғарылады. 
А.Қыраубаеваның шығармашылық әлеміне зерттеу жасаған К.Әбдір 


356
өзінің кандидаттық диссертациясында (2010) ғалымның аталмыш 
пікірлерінің уақыттың, идеологияның белсенді ықпалының көрінісі 
екендігін айтып өтеді. 
Ғалым бұл зерттеуіне дейін «Қазақ тілі мен әдебиеті мәселелері» 
журналында (7-шығарылым, Алматы, 1971) «Алтын Орда дәуірі мен 
әдебиеті туралы» атты ғылыми мақала жариялаған. Ал кандидаттық 
диссертациясында аталмыш мақаласында айтылған ой-пікірлерін 
дамытып, толықтырып, ғылыми дәйектейді. Кейін бұл еңбек «Ғасырлар 
мұрасы» деген атпен ғылыми монография болып жарық көрді 
(А.Қыраубаева. Алматы: «Мектеп», 1988. – 163 бет).
Ғалымның бұл еңбегі 2008 жылы (А.Қыраубаева. Ғасырлар мұрасы. 
Алматы: – «Өнер», 5 томдық шығармалар жинағы. І том. – 304 бет) 
қайталап жарыққа шықты.
Томға еніп отырған мәтін соңғы басылым бойынша әзірленді.
Хаван А.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   85   86   87   88   89   90   91   92   ...   126




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет