360
үлгілері ХІІІ-ХҮІ ғасырлардағы түрік әдебиетінде Әлидің «Қисса-
Жүсібі», Хұсам Кәтибтің «Жұмжұмасы», Құтбтың «Хұсрау-Шырыны»,
Рабғузидің «Қисас-ул-Рабғұзиі» болып өрілгендігін дәстүр жалғастығы
ұстанымында дәлелдейді.
Ғалым бұл зерттеуіне дейін «Жұмжұма сұлтан» (Парасат, 1991, №
8), «Жұмжұма сұлтан хикаясы» (Түркістан, 1997, № 2) және «Жазушы
Сәйф Сараи: 1321-1391 жылдары өмір сүрген» (Парасат, 1991, №12) атты
ғылыми мақалалар жариялаған болатын. Кейін «Қазақ әдебиетіндегі
қисса-дастандардың түп-төркіні мен қалыптасуы» атты докторлық
диссертация қорғайды (Алматы, 1997).
Осы диссертациясында ол
аталмыш мақалаларда айтылған ой-тұжырымдарын толықтырып,
ғылымиландырған.
А.Қыраубаеваның осы зерттеуі кейін «Шығыстық қисса-дастандар»
(Алматы: «Рауан», 1997) деген атаумен монография ретінде жарық көрді.
Аталған ғылыми монография бұдан соң ғалымның 5 томдық
шығармалар жинағының үшінші томына енді (А.Қыраубаева. Шығыстық
қисса-дастандар. Алматы: – «Өнер», 2010).
Зерттеу мәтіні жинаққа «Шығыстық қисса дастандар» (2010) атты
монографиялық еңбегі бойынша әзірленді.
Хаван А.
Достарыңызбен бөлісу: