1 апта
№3 Сабақтың тақырыбы:
Алғашқы орта ғасырлардағы Еуропа (Ү-ХІ ғасырлардың І-жартысы) Рим империясының дағдарысы.
Сабақтың жоспары:
1. Рим империясының дағдарысы.
2. Ежелгі Герман тайпалары .
3. Батыс Рим империясындағы әлеуметтік-экономикалық дағдарыс және оның себептері.
4. Дағдарыстан шығу жолындағы әрекеттер.
Теориялық мқліметтер:
IV ғ. аяғы Рим империясы құрамына Батыс Еуропа, Дунайдан Оңтүстік жағалауындағы облыстар, Балкан түбегі, Жер орта теңізіндегі аралдар, Солтүстік Африка мен Египет, сонымен бірге Азияны бірқатар елдері мен облыстары, Кіші Азия, қара теңізіндегі шығыс жағалауы, Месопотамияның бір билігі, Сирия, Палестина кірді. IV -V ғ.ғ. Рим империясы құлдырауы себептері: ауыл шаруа егін шаруашылық және қолөнер, мал шаруашылығы, жалпы шикі зат өнімдері төмендеді.
Герман тайпалары б.з.д. I ғ. орта шенінде тайпалық құрылыста өмір сүрді. Б.з.д. I ғ. кейбір Герман тайпалары Рейннен өтіп, Галлияда орын тебуге тырысты, бірақ Юлий Цезар оларды Рейннен ары серпіп тастады. Б.з.д. I ғ. аяғында Рейннен Эльбаға дейінгі территорияны Рим жаулап алғаннан кейін, ол жер Римдік провинцияға айналды. Бірақ бұл ұзаққа бармады. Рейннен шығысқа қарай жатқан аймақтар Римдіктер өзіне қарата алмады және германдықтармен болван бірқатар қақтығыстардан кейін қорғанысқа көшті. Рейн Рим мен Герман тайпалары территориясының шекарасы болып қалды. Өздерінің шекарасын нығайту үшін римдіктер Рим дуалы деп. аталатын Орта Рейннен Жоғарғы Дунайға дейін созылған қорғаныс дуалын салды. Осы дуалдан шығысқа қарай орналасқан германдықтар бытыраңқы тайпаларға тұрақсыз тайпалық одақтар топтасты. Ежелгі германдықтардан шығысқа қарай славяндардың ата-бабалары өмір сүрді. Олар Эльба (славяндық Лаба) мен Одерден (славяндық Одра) Донец,Ока мен Жоғарғы Волгаға дейін, Балтық теңізінен Орта және Төменгі Дунайға, қара теңізге дейінгі ұлы байтақ территорияда бытырап жатты. Тациттің зерттеулері бойынша ауыл шаруашылық пен қол өнер дами түсті, өздерінің халық жиналысында кісі өлтірушіге өзіндік құн төленіп отырды, германдықтардың отбасы мүшелері күйеу мен қалыңдыққа арналған өзіндік сый-сыйапаттарын дәстүрлі өтетін, кейбір германдықтар көршілес халықтармен айырбас пайда болды.
Б.з. II-III ғ.ғ. Рим империясы шекараларындағы Герман тайпалары Шығыс және Орталық Еуропадан қудалап, оларды басқа жерлерге қоныс аударуға итермеледі. Герман тайпаларының байта топтасуы нәтижесінде саны өте көп және тұрақты. Германдық тайпаларының ішінде шығыс германдық тайпалары готтар. Олар екіге бөлінеді: остготтар (шығыс готтар) және вестготтар (батыс готтар).
Готтар- Днестрден шығыста қара және Азов теңіздерінің жағалауына дейінгі аймақтарды иемденген готтарды остготтар деп. атады. Вестготтар-Днестр мен төменгі Дунайдың бойын қоныстанған.
Б.з. III-IV ғ.ғ. Готтар Рим империясының территориясына шабуыл жасап Рейн, Дунай және Нектар жерлерін басып алды. Герман тайпаларына басқа да тайпалық одақтар кірді: Алеман, Сенондар, Квадттар, Сакстер, Херусктер, Хавктар, Франктер, Вестготтар, Остготтар, Лангобардтар, Вангалдар, Бургундтер кірді. Б.з. IV ғ. германдық тайпалар арасында готтар, вандалдар, бургундар арсында христиан дініне өтті. Германдықтарда рунь жазуын және рим, грек альфавиттерін пайдаланған.
Варварлық германдік корольдіктерде кейінгі Римдік және германдық қоғамдық қатынастары синтезделген жері түбірімен жаңа феодалдык қатынастар қалыптасты. Мұндай қатынастарды элеметтері кейінгі Римдік қоғамда да және ыдыраған рулық тайпалық Герман қоғамында да болған еді. Бірақ синтезге байланысты феодализмнің пайда болуы мен даму Герман тайпалары өзіншін жеделдеді, тайпалық тірелген Рим қоғамы Феодалдық қатынастардың дамуының мұндай жолы Вестгот, Бургундия, Франк және кейбір Вандал мен Остгот корольдіктеріне тән қасиет болды.
Пайдаланылған әдебиеттер:
1.Барг М.А.”Епоха и идей” М. 1987 г.
2. Гутнова Е.В. ”Историография истории срених векав” М. 1985 г.
1. Шервуд Е.А. “Законы лангобардов” М. 1992 г.
2. История средних векав. В 2-х т. М. 2001г.
3. Энгельс Ф. “О Франции в епоху феодализма” М. 1948 г. “Архив Маркса Иэнгельса”, стр. 300-302.
4. С.Д. Сказкина “Хрестоматия по истории средних векав” П. 1950 г.
2 апта
№4 Сабақтың тақырыбы:
Алғашқы орта ғасырлардағы Еуропа (Ү-ХІ ғасырлардың І-жартысы) Рим империясының дағдарысы.
2.0 балл
Бақылау сұрақтары.
1.
2 апта
№5 Сабақтың тақырыбы:
Варварлық тайпаларда ру тайпалық құрылыстың ыдырауы.
Сабақтың жоспары:
1. Б.з І-ІҮ ғ.ғ ежелгі германдықтар мен кельттердің шаруашылығы мен қоғамдық құрылысы.
2. Ежелгі германдық қауым.
3. Германдық тайпалардың христиандық таралуының басталуы.
Теориялық мәліметтер:
V ғ.ғ. ғұндардың басшысы Аттиланың шапќыншылығы. 453 ж.ж Аттила өлген соң, 454 ж.ж. ғұндардың ыдырауы.
Варварлыќ басып кірулердің Еуропа тарихы үшін зор маңызы болды. Бұл басып кірулердің нәтижесі терең ішкі ќайшылыќтардан, өндірістің ќұл иеленушілік тәсілінің дағдарысынан, бұќара халыќтың күрестерінен күні біткен Батыстағы ќұл иеленушілік Рим империясының ќұлауы болды. Еуропаның саяси картасы өзгерді. Бұрын Батыс Рим импеиясы ќамтыған территорияларды V ғ. аяғы мен VI ғ. басында жаңа ќоғамдыќ ќатынастарды дамытуға және феодализмге өтуге ќажетті жағдайлар жасалған варварлыќ мемлекеттер пайда болды.
Феодалдыќ ќатынастардың ќалыптасуы, Ірі-ірі феодалдыќ жер иеліктерінің пайда болуы, ерікті ұсаќ материалдыќ игіліктерді өндірушілердің феодалдыќ-тәуелді шаруаларға айналуы, саяси мекемелердің және феодалдыќ ќоғам идеологиясын шығуы-Батыс Еуропада феодалдыќ ќоғамдыќ экономикалыќ фармацияның пайда болу процесі. Әр түрлі елдерде, сол елдің тарихи даму жағдайларына байланысты, бұл процестің өзіндік ерекшеліктері болды. Варварлыќ германдыќ корольдіктерде кейінгі Римдік және германдыќ ќоғамдыќ ќатынастары синтезделген жері түбірімен жаңа феодалдыќ ќатынастар ќалыптасты. Мұндай ќатынастардың элеметтері кейінгі Римдік ќоғамда да және ыдыраған рулыќ-тайпалыќ Герман ќоғамында да болван еді. Біраќ синтезге байланысты феодализмнің пайда болуы мен даму Герман тайпалары үшін жеделдеді, тұйыќќа тірелген Рим ќоғамы үшін мүмкіндік туды. Феодалдыќ ќатынастардың дамуының мұндай жолы Вестгот, Бургундия,Франк және кейбір Вандал мен Остгот корольдіктеріне тән ќасиет болды. Соңғы екі корольдіктің өмір сүруінің ќысќалығына байланысты, кейінгі римдік және германдыќ ќатынастарда өзара әрекеттетік нәтижелері онша елеулі емес еді.
Варварлар корольдігіндегі тап ќұрылуы герман халќы арасындағы мүліктік және әлеуметтік жіктелу процесімен ғана шектелмейді. Жаңа ќоғамдыќ таптардың ќалыптасуында, бір жағынан, Рим ќоғамының антегенистік таптардың ќалдыќтары- ірі жер иелері, екінші жағынан ќұлдар мен колондар едеуір роль атќарды. Римнің ірі жер иелерінің бір бөлігі, ќұл иеленушілік ќоғамның күйреуімен және варварлардың жаулап алуымен байланысты, олардың жағдайындағы өзгерістерге ќарамастан, жүздеген ќұл мен колондар өңдеп отырған кең байтаќ иеменилерді әлі де иелене берді. Шіркеудің жер иелігі саќталып ќана ќалған жоќ, сонымен бірге өсе де берді.
Мүліктік және әлеуметтік жіктелу бәрінен бұрын правода өз көрінісін тапты. V-VI ғ. ќұрастырылған Вестготтағы, Остготтағы, Бургунд және Франк корольдіктерін варварлар шындығы еркін адамдары мүліктік жағдайларына және аќ сүйегіне (әскери ќызметтегі аќсүйектерге, король жасағына жататындығына) ќарай жоғарғы және төменгі топ деп бөлді.Оның ќұрамына Рим шонжарларының ќалғандарынан бірен-сарандап енгендері де болды. Жоғарғы топќа жататындар, “нобилдер”, “ үлкендер ” және “ ќұрметті адамдар” деп аталатындар өзге еркін адамдарға ќарағанда бірсыпыра артыќшылыќтармен пайдаланды.Төменгі әлеуметтік топќа жататындар, әдетте “ кіші” немесе “ төменгі” адамдар деп аталатындар ерікті адамның кейбір артыќшылыќтарын жоғалтып алды: жоғары ќоғамдыќ топ өкілдерінің өміріне ќарағанда, олардың өмірі анағұрлым төмен вергельдпен ќорғалды. Әдетте, ќарапайым ќауымдардың болмашы бөлігі ғана жоғары разрядќа көтерілді, ал көпшілігі біртіндеп ерікті адамдардың төменгі тобының ќұрамына еніп жатты. Даму типі ќарастырылып отырған басќа варвар корольдіктеріне ќарағанда, Франк корольдігіне еріктілердің негізгі бұќарасы өз еріктілігін ұзағыраќ саќтап ќалды.
Пайдаланылған әдебиеттер:
1.Барг М.А.”Епоха и идей” М. 1987 г.
2. Гутнова Е.В. ”Историография истории срених векав” М. 1985 г.
1. Шервуд Е.А. “Законы лангобардов” М. 1992 г.
2. История средних векав. В 2-х т. М. 2001г.
3. Энгельс Ф. “О Франции в епоху феодализма” М. 1948 г. “Архив Маркса Иэнгельса”, стр. 300-302.
4. С.Д. Сказкина “Хрестоматия по истории средних векав” П. 1950 г.
2 апта
№6 Сабақтың тақырыбы:
Халықтардың Ұлы қоныс аударуы. Батыс Рим империясының құлауы және Варварляқ мемлекеттердің құрылуы.
2.0 балл
Тест тапсырмалары:
1. Весготтар Рим империясының территориясын қай жылы басып алады.
а) 376 ж
ә) 300 ж
б) 315 ж
в) 289 ж
г) 370 ж
2. Весготтар корльдігінің ыдырауынан қай жылы Франк корольдігінің құрамына енеді.
а) 507 ж
ә) 418 ж
б) 376 ж
в) 426 ж
г) 500 ж
3. Атилланың өлген жылы.
а) 453 ж.
ә) 452 ж.
б) 454 ж.
в) 450 ж.
г) 445 ж.
4. Ғұндардың ыдыраған жылы.
а) 454 ж.
ә) 452 ж.
б) 449 ж.
в) 451 ж.
г) 450 ж.
5. Весготтар қай жерде мекендеді.
а). Днестір мен төменгі Дунайдың бойыда.
ә). Герман мен Испанияның жағасында.
б). Испания мен Германия.
в). Днестір мен Испания
г). Еуропа мен Римде.
6. Батыс Рим империясы қай жылы құлады.
а) 476
ә) 453
б) 378
в) 465
г) 445
7. Қай ғасырларда Готтар Рим империясының территориясына шабуыл жасады.
а) ІІІ-ІҮ ғғ
ә) Х-ХІ ғғ
б) ҮІ-Х ғғ
в) ХІ-ХІІ ғғ
г) ҮІІ-Х ғғ
8. Готтар Рим империясының қандай жерлерін өздеріне бағындырды.
а) Рейн, Дунай және Нектар
ә) Алеман, Сенондар
б) Квадттар, Сакстер
в) Херусктер, Хавктар
г) Франктер, Вестготтар
3 апта
№7 Сабақтың тақырыбы:
Франктер мемлекеті.
Сабақтың жоспары:
1. Франктердің Галлияны жаулап алуы.
2. Меровинг королдігі.
3. Каролингтер мемлекетінің ќұрылуы.
4. Каролингтер державасындағы феодалдыќ ќұрылыс.
Теориялық мәлімет:
1. Франктер алғаш рет біздің заманымыздың III ғ. римдік деректерде еске алынады. Бұл бірнеше ежелгі герман тайпаларынан ќұралған үлкен тайпалыќ одаќ болды. III-IV ғ. франктер Рейннің жоғарғы және төменгі ағысына келіп ќоныстанды, Римдік Галлияға шабуыл жасап отырды. Франктердің өзі екіге бөлінді, Рипуарлыќ және Салийлыќ тайпалары болып. Салийлыќ франк тайпалар көсемі Хлодвиг (481-511 ж.ж) Батыс Рим империясы ќұлаған соң Солтүстік Галлияны жаулап алды. Хлодвиг 496 жылы өз жасаќтарымен бірге шіркеудің әдет-ғұрпы бойынша христиан дінін ќабылдап шоќынды, бұл оның үстемдік еткен шіркеудіңкөзќарастары бойынша ересьтер болған христиан дінін ариандыќ формада ќабылдаған басќа варварлардан –вестготтардан, остготтардан,вандалдарданг, бургундтардан, лангобардтардан өзгешілігі еді. Бұл ариандыќ ересьтерден өздерінің байлыќтарына және шіркеудің меншігіне ќол сұғу ќаупін көрген, галло-римдік дін иелерін Хлодвигке Галлияны одан әрі жаулап алуда ќалдауды ќамтамасыз еткен оңтайлы сайаси ќадам болды. Вестготтар Тулуза корльдігімен соғысќан кезде аквитандыќ дін селері Хлодвигті ќолдап ариандыќ вестгот аќсүйектекрі-не ќарсы шыќты. Аквитания франк тер корольдігіне ќосылды. Галлияны франктердің жаулап алуларына бірсыпыра ерекшеліктер тән еді. Франктер вестготтардан, остготтардан және басќа германдыќ тайпалардан өзгеше, империяға басып кірген кездерінде Германиядағы өз отанынан еш уаќыт байланысты үзген емес. Бұл галлиялыќ территорияларды ұзаќќа созылған жаулап алу процесі кезінде Рейіннің ар жағынан жаңа, тың күштердің келуін ќамтамасыз етті.
486 жылы, франктердің жаулап алу нәтижесінде,Солтүстік Галлияда, Франк мемлекті пайда болды. Мұны салий франктерінің Меровей рухынан шыќќан көсемі Хлодвиг басќарды. Франк мемлекеті тарихының ең алғашќы дәуірі –Vғ. аяғынан- VIIғ. дейінгі дәуір,- әдетте меровингтік дәуір деп аталды. Хловигтің тұсында Аквитания 507жылы мирасќорларының тұсында –Бургундия 534 жылы жаулап алынды. Остготтар франктерге Провансты 536 жылы беріп ќойды, сөйтіп, VIғ. Ортасына ќарай Франк мемлекті Галлияның бұрынғы римдік провинциясының барлыќ территориясын дерлік өзіне ќосып алды. Франктер сонымен бірге Рейннің сырт жағына Герман тайпаларында өзіне бағындырды: франктердің жоғарғы өкіметін тюрингтер мен алемандар және баварлар да мойындады; сакстар оларға жыл сайын алым төлеп тұруға көндірілді.
2.Меровигтің дәуірдегі франктерден ќоғамдыќ ќұрылысын зерттеу үшін ең маңызды дерек варварлыќ аќиќаттардың бірі- “ Салий шындығы” жазылған Салий франктерінің сот әдет-ғұрыптарының жинағы. Тарихи дерек ретінде “ Салий аќиќатының ” ќұндылығы ең алдымен, онда франк ќоғамының алғашќы ќауымдыќ ќұрылыстан бастап феодализмге дейінгі эвалюциясын бейнелеп беруінде еді. Ең көне заманнан бері келе жатќан және мәні жағынан көнерген аќиќаттардың бірі- осы аќиќатќа Римнің жасаған ыќпалы басќа варварлыќ аќиќаттарға аз болды, ал бұлыќпалды көбінесе оның сыртќы белгілерінен “ Салий аќиќатының” латын тілінде жазылып ,айыптарды есептеп шығаратын.
“Салий аќиќаты” франктердің тұрмысында бұрыннан, жаулап алғанға дейінгі өмір сүріп келген алғашќы ќаумдыќ ќұрылыстың көнерген тәртіптерін бір ќыдыру дұрыс бейнелейді. Екінші жағынан бұл “ Аќиќаттан” біз франк ќоғамын Галлияны жаулап алу процесінде және тікелей онан соңғы кездерін сипаттайтын атап айтќанда,онда мүліктік және әлеуметтік теңсіздікпен жылжымалы дүниеге жеке меншіктің, жерді мұралану правосының және аќырында мемлекеттің ќалай шыќќандағы жөніндегі мәліметтерді таба аламыз. Ал енді VI-IX ғ.ғ.дейінгі дәуірлерде франк корольдері осы “Салий аќиќатына” үнемі көпдеген жаңа ќосымшалар енгізіліп отырды.Сол себептімұның неғұрлым соңғы дәуірде жарияланған басќа да деректерімен ұласып, жүйелі түрде толыќтырып отырған мағлұматтары, франк ќоғамының тікелей феодализмге ќарай одан әрі бет алған эвалюциясын мұќият аныќтап білуге мүмкіндік туғызады.
Франктердің арасында әлеуметтік жіктелудің бастамаларын “ Салий аќиќатының ” өзі-аќ көрсетіп берді. Бұл бастамалар халыќтың әр түрлі категориясының ќұны әр түрлі мөлшерде болуынан-аќ көрінеді.
Хлодвинг ќаза болван соң, Франк тер мемлекеті өзара билікке таласу салдарынан VI ғ. аяғында мемлекет үшке дербес аймаќќа бөлініп кетті:
1.Нейстри аймағы- орталығы Париж ќаласы болван,Солтүстік -Батыс Галлия аймаќтары;
2.Австразия аймағы-Франк мемлекетінің солтүстік- шығыс жаќ бөлігі,Рейнмен Массаның екі жаќ жағалауы кірді;
3.Бургундия аймағы-Франк мемлекетінің ќұрамына енген бұрынғы бургундар территориясы кірді. Меровингтер әулетінен шыќќан және франк мемлектінің жеке аймаќтарын король дер үстемдік жасау үшін өзара ќырќысып күрес жүргізді. Соның салдарынан VIIғ. аяғында іс жүзінде мемлекеттегі өкімет билігі түгелдей майордомдардың ќолдарына көшуіне әкеп соќты. Франк аќсүйекретінің арасынан 687 жылы Австразиялыќ майордомы Пипин Геристальский бүкіл франк мемлекетін біріктіріп майордом болды. Австразиялыќ майордомы бүкіл франк мемлекетін ќол астына жинап, бағындырды және алкен жер иелерімен ұсаќ және орташа феодалдарға сүйеніп, орталыќ үкіметің нығаюын және мыќты болуына мүдделі болды. Австазияның Пипиндер әулетінен шыќќан майордомы Пипин Геристальскийдің ұрпаќтары бірікен Франк мемлекетінің билеушісі болван соң, Франк корольдерінің жаңа династиясының негізін ќалады.Бұл династія бертін келе Ұлы Карлдің есімімен, Каролингтердің династиясы деген атќа ие болды. Каролингтер әулетінің Пипиндер Франк мемлекетін VII-IX ғ.ғ. аралығын “каролингтер дәуірі” деп аталды.Франк ќоғамының әлеуметтік ќұрылысындағы өзгерістер Пипин Геристальскийдің мирасќоры-майордом Мартелл Карлдің саясаты биледі.Карл Мартелл 715 жылдан 741 ж.ж. аралығында өз билігін жүргізді және меровингтік корольдермен әсте санаспады.Карл өзіне ќарасты нейстрилік феодалдарды, Аквитания мен Прованс герцогтарын және Герман тайпалас сакстар, фриздер,алимандар мен баварларға күштеп ұстап өзіне ќарсы шыќќандарды күл-талќандап және салыќ мөлшерін көбейтіп отырды. VIII ғ. басында Испанияны жаулап алды, 720 ж.ж Оңтүстік Галлияға баса көктеп кірген арабтарға Карл Мартелл 732 ж.ж. Пуатьенің маңында болған шайќаста арабтарды жеңіп, Оңтүстік Галлияның шамалы ғана бөлігі- Септимания мен Нарбонн жерлері ќалды. Карл Мартеллдің “бенефициялыќ” реформасын шығарды, онда өз ќол астындағыларға “сыйлыќ” беру, яғни жер иеліктері үйлесімді түрде бөліп беру туралы болды.Бұл реформалар арќасында Франктер мемлекет өкіметтері күшейіп, Карл Мартеллдің тұсында нығайып біршама өсті.
Карл Мартеллдің ұлы және мирасќоры майордом Пипин Короткий (741-768 ж.ж.) өз әкесінің реформасын жалғастыру маќсатында бенефицияға үлестіріліп берілген жерлерінің бәрі де шіркеудің меншіші болып танылды.Шіркеудің және корольдің рұќсатынсыз сыйлыќќа берілген жерлерді ќайтарылып алынуға ешкімнің правосы болмады. 751 жылы Папаның келісімі Франк аќсүйектерімен өзінің вассалдарының Суассонда өткізілген жиналысында Пипин өзін франктердің королі етіп ресми түрде жариялады. Меровингтер әулиеттінің ең соңғы королі III Хильдерик монастырьға алынып, сол жерде ќайтыс болды. Пипин Короткий папаның істеген жаќсылығы үшін, Папа II Стефанға Италияны,бұрынғы Византия жерлерін ќайтарып беруге мәжбүр болды. Франк мемлекетінің Пипин Короткийдің ұлы және мирасќоры Ұлы Карл (768-814 ж.ж.) биледі. Ұлы Карлдің тұсында Франктер мемлекеті өте күшті болды. Бұл адамның бойына біткен керемет ќасиеттері- жалынды және жігер-ќайраты, мемлекетті басќару ісі мен әкімшіліктің, шаруашылыќтың, соғыстың 50-жорыќтардың ішінде 30-дан астамын өзі басќарды, дипломатиялыќ, халыќќа білім беру істерін және т.б. күрделі жұмыстардың әрбір ұсаќ-түйектерін өзі басќарып, замандастарын таң ќалдырды. Ұлы Карл өз заманындағы грек және латын тілдерін жетік меңгерген, ғылыми тұрғыдан да өте білімді, ұстамды, аќылды және ќұдіретті болған деседі. Барлыќ жорыќтарда ол өзінің басып алған жерлерін иемденіп, Франк мемлекетінің шекараларын үлкейтті, ќол астындағы крепостной шаруалармен кедейлерге де өз мүдделерін ќорғау ќарастырылған. Өз әкесінің жорыќтарын жалғастыру барысында ол ең алғашќы жорығын 774 ж. Италияда Лангобард королі Дезидерийді таќтан түсіріп тастап, оның иеліктерін Франк мемлекетіне әкеліп ќосты. 778 жылы Карл арабтыќ Испанияға шабуыл жасайды. Бұл жорығы сәтсіздікке ұшырап ќайта шегінуге мәжбүр болады.801 жылы Солтүстік -Шығыс Испания территориясын және Барселонды басып алды. 772-804 ж.ж. арлығында Карл 32 жыл бойы үздіксіз соғыс салдарынан Саксония мемлекетін жаулап алады. Өте кең көлемді жерлерді басып алған Франктер мемлекеті Карл тұсында ескі Ұлы Державаға айналған Рим империясының бұрынғы территориясына жетіп ќалған еді. 800 жылдың аяғында Римдегі әулие Петрдің соборында папа Карлге тәж кигізіп, император тағына отырғызды. Осы тұста Батыста жаңа империя дүниеге келді. Византиялыќтармен бұрынғы Рим империясының мұрагерлерінің арасында жанжал болды. Тек 812 жылы ғана византиялыќ император I Михайл Карлдің императорлыќ титулын ресми түрде таныды. Карл тұсында Франктер мемлекетінің астанасы-Ахенді болды. Ұлы Карл өзінің бүкіл өмірінде Аквитанияны, Саксонияны, Италияны немесе Баварияға тынымсыз жорыќ жасау салдарынан өзіне ќаратты және бұл территориялардың империядан шығып кеттеу ќаупімен күресте өткізді.Франктер империясының негізін ќалаған Ұлы Карл ќайтыс болған соң да, бұл империя отыз жыл өткен соң да бірќалыпты отырды. Ұлы Карлдың баласы және мирасќоры Людовик Благочестивый (814-840 ж..ж.) Франк мемлекетінде император болды. 843 жылы Людовик ќайтыс болғаннан кейін, оның балалары Верденде жиналып бас ќосып,империяны ќайтадан бөлу жөнінде шарт жасасты. Бұл ќайта бөлісу кезіндегі Каролингтік империяның шеңберлерінде ќалыптаса бастады.
VIII-IX ғ.ғ. Франк мемлекетіндегі жер жөнінде жасалған төңкеріс ерекше ќызу түрлерге айналды. Ол феодалдыќ ќұрылыстың негізі- феодалдыќ жер меншігінің толыќ ќожалыќ етушілігін орнатты. Шаруалар жерлерін және шіркеулік ірі жер иелерінің тартып алушылығы әртүрлі экономикадан тыс зорлаушылыќпен ќоса жүргізілді. Бұл феодалдыќ жер меншігін өндірушілерге жер үлесі мен өндіріс ќұралдарын берген жағдайда ғана олардан жер меншігінің пайдасына ќосымша еңбекті “тек экономикадан” тыс зорлау арќылы ғана алуға болады.Ерікті шаруаларды Меровинктер кезінен бастап кең таралған әдістерінің бірі, жерді “прекарияға” беруді ќолдану болып табылды. Бұл әсіресе VIII-IX ғ.ғ. бастап кең таралды. Прекария –сөзі “өтініші бойынша берілген” деген ұғымды білдіреді. Бұл ұғым жерді шартты түрде ұстау деген сөз. Үлкен ірі меншік иесі жерсіз немесе жер аз шаруаға жерін уаќытша пайдалануға береді. Бұл берілген үлеспен пайдаланғаны үшін шаруа әдетте жер иесіне оброк төлеуге немесе кейбір жағдайларда барщиналыќпен өтеуге тиісті болады.
Пайдаланылған әдебиеттер:
1.Барг М.А.”Епоха и идей” М. 1987 г.
2. Гутнова Е.В. ”Историография истории срених векав” М. 1985 г.
1. Шервуд Е.А. “Законы лангобардов” М. 1992 г.
2. История средних векав. В 2-х т. М. 2001г.
3. Энгельс Ф. “О Франции в епоху феодализма” М. 1948 г. “Архив Маркса Иэнгельса”, стр. 300-302.
4. С.Д. Сказкина “Хрестоматия по истории средних векав” П. 1950 г.
3 апта
№8 Сабақтың тақырыбы:
Франктер мемлекеті.
3.0 балл
Тест тапсырмалары.
1. Франктер мемлекеті Рейннің жоғарғы жқне төменгі ағысына қай ғасырларда келіп қоныстанды.
а). ІІІ-ІҮ ғғ
ә). ІІ-ІҮ ғғ
б). ХІІ ғғ
в). ХІ-ХІІ ғғ
г). ІІ-ІІІ ғғ
2. Франктертің өзі екіге бөлінді.
а) Рипуарлық және Салийлық
ә) Остготтар мен Весготтар
б) Готтар
в) Сенорлар
г) Квадттар
3. Салийлық Франк тайпасының көсемі Хлодвиг Батыс Рим империясы құлаған соң Солтүстік Галлияны қай жылдары жаулап алды.
а). 481-511 ж.ж
ә). 480-451 жж
б). 470-511 жж
в). 477-511 жж
г). 472-511 жж
4. Салийлық Франк тайпасының көсемі Хлодвиг өз жасақтарымен бірге шіркеудің қдет-ғұрпы бойынша христиан дінін қай жылы қабылдап шоқынды.
а). 496 ж
ә). 455 ж
б). 490 ж
в). 455 ж
г). 468 ж
5. Солтүстік Галияда 486 жылы қандай мемлекет жаулап алады.
а). Франктер
ә). Италия
б). Испания
в). Нидерландия
г). Нарвегия
6 .VІ ғ.Франктерде ең жоғарғы сот ролін атқаратын тұлға.
а). Кароль
ә) шіркеу қызметкері
б). Шонжар
в). Ақсақалдар
г). Граф
7. Франктер мемлекетін ҮІІ-ІХ ғ.ғ аралығын қандай дәуір деп атады.
а) «Каролингтер дәуірі»
ә) «Меровингтер»
б) «Хлодвинк»
в) «Эрманарих»
г) «Вольтер»
8. Карл Мартелл қай жылдар аралығында билік жүргізді.
а) 715-741 жж
ә) 618-668 жж
б) 710-736 жж
в) 712-726 жж
г) 698-716 жж
9. Пипин Кароткийдің ұлы және мирасқоры Ұлы Карл Франктер мемлекетін қай жылыдары билік етеді.
а) 768-814 жж
ә) 716-810 жж
б) 658-711 жж
в) 798-815 жж
г) 758-814 жж
10. Ұлы Карл 32 жыл бойы үздіксіз соғыс салдарынан қай жылдар аралығында Саксония мемлекеттін жаулап алады.
а) 772-804 жж
ә) 745-804 жж
б) 768-800 жж
в) 769-804 жж
г) 712-798 жж
11. 800 жылдың аяғында Римдегі әулие Петрдің соборына папа кімге тәжі кигізіп император тағына отырғызады.
а) Ұлы Карлге
ә) Пипин
б) Мартелге
в) Хлодвинк
г) Вольтер
12. Ұлы Карлдің мирасқоры Людовик Багочестивый қай жылдар аралығында Франктер мемлекетінде император болды.
а) 814-840 жж
ә) 800-835 жж
б) 725-798 жж
в) 812-829 жж
г) 810-837 жж
13. Ұлы Карлдің мирасқоры Людовик Багочестивый қай жылы қайтыс болады.
а) 843 ж
ә) 769 ж
б) 816 ж
в) 839 ж
г) 835 ж
14. Ұлы Карл тұсында Франктер мемлекетінің астанасы қалай аталды.
а) Ахенді
ә) Галлия
б) Саксония
в) Аквитания
г) Бавария
Достарыңызбен бөлісу: |