5 апта
№15 Сабақтың тақырыбы:
Дамыған Феодализм дәуіріндегі Еуропа (ХІ ғ аяғы-ХҮ ғ)
Орта ғасырлық қалалардың пайда болуы және даму.
Сабақтың жоспары:
1. Ерте орта ғасырлардағы қолөнер.
2. Ортағасырлық қалалардың пайда болу теориясы.
3. Феодалдық қалалардың пайда болуы.
Теориялық мқліметтер:
X-XI ғ.ғ. Батыс Еуропаның шаруашылық өмірінде елеулі өзгерістер болды. Крепостной шаруалардың еңбегін қанауға негізделген өндірістің феодалдық әдістері өзінің алдындағы құлдар еңбегін қанауға негізделген көне әдістерге қарағанда еңбек өнімділігі анағұрлым кең жол ашқан еді. Алғашқы орта ғасырдағы өндіргіш күштердің өркендеуі-қолөнершілік кәсіптің бірте-бірте өзгеруі, техниканың өркендеуі және еңбек тәсілдерінің жетілуі оның салалары дамыды. Қолөнершіліктің жекелеген түрлері; металл өндіру, қорыту және өңдеу ең алдымен ұсталық қару жарақ жасау үстінде болды. Мата әсіресе, шұға тоқу, өйткені оны өндіру бұрын шаруалар семьялары қолдан тоқи беретін кендір мата шығарудан анағұрлым күрделі, былғары өңдеу; қышшылар еңбегінде құмнан жасалатын ыдыстарды көбейтті. Қолөнер бұйымдарын өндіру барған сайын ауыл шаруашылығындағы егін шаруашылығы мен мал шаруашылығынан басқа ша, еңбек етудің жаңа бір саласына айналды. Бұл жөнінде ішкі отарландыру жаңа жерлерді шаруашылық үшін игеру және жаңадан үлкен алаңдар игерілді, дәнде және техникалық дақылдар егістігі кеңейтілді: кендір, конопля, вайда, майлы дақылдар және т.б. егістігі артып, огород, бақ жүзім шаруашылықтары және ауыл шаруашылығына шарап өндірумен тығыз байланысты және май шайқау кқсіпшіліктері өркендеді. өндіркіш күштердің өркендеуіне байланысты алғашқы орта ғасырлық дәуірдің аяқ шенінде, шамамен X-XI ғ.ғ Еуропада қолөнершілікті ауыл шаруашылығынан ажыратуға қажетті жағдайлардың бәрі туды. Ауыл шаруашылығынан ажырасу процесінде, қолөнершілік- қол еңбегіне негізделген ұсақ өнеркәсіп өндірісі өзінің өркендеу дқуірінде бірнеше сатыдан өтті. Оның ішінде біріншісі бұйымды тұтынушының заказы бойынша өндіру болды. Бұл жағдайда материалдық тұтынушы заказ берушінікі болуы да, немесе қолөнершінің өзінікі болуы да ықтимал еді және еңбекке ақы төлеудің заттай, яки ақшалай түрінде болуы мүмкін еді. Қолөнершіліктің бұл формасы тек қалада ғана емес, шаруалардың шаруашылығына қосымша ретінде деревняда қолданылып жүрді. Сондықтан құлдықтағы және феодалға тқуелді селолық тұрғындардың қалың бұқарасы арасынан бірте-бірте оқшауланып шыққан қолөнершілер деревнядан кетуге тырысып бақты, өз шонжарларының қол астынан қашуға жқне өздері өндірген өнімдерін өткізуге қолайлы болды. Шаруалардың деревнядан қашуы бір жағынан олардың күшейіп келе жатқан феодалдық озбырлыққа қарсылығы жоғары еді. Орта ғасырлық қоғамның өркендеуі дәуірінің бүкіл барысы, шаруалардың деревнядан қашуы тікелей қолөнершілікпен сауданың орталықтары- орта ғасырлық қалалардың тууына қкеп соқты.
Орта ғасырлық қалалардың пайда болу себептері, орта ғасырлық қалалардың шығу жөнінде көптеген теориялар болды. Буржуазиялық ғалымдардың айтуынша бұл теориялардың көпшілігіне тән нәрсе проблемаға провалық,формальды – заңдылық тұрғыдан қарауларында еді. өз зерттеулерінде идеалистік методологияға сүйенетін буржуазиялық тарихшыларды қоғамның даму өзгезістері емес, орта ғасырлыққ қалалардың қандай әлеуметтік экономикалық жағдайда тууы емес, қайта провалық мқселер және ең алдымен қаланың нақты бір провалық категория ретінде пайда болуы, басқарудың қалаға ғана тқн формаларымен қалалық прованың тууы мқселері ғана қызықтыратын сондықтан да олар орта ғасырлық қаланың пайда болуының түбірлі себептерін дәлелдеп бере алмайды.
ІХ ғасырға қарай феодализмнің толық орнығуы нқтежесінде бүкіл Батыс Еуропада өндіргіш күштер одан әрі дами түсті. Әсіресе бұл процесс ауыл шаруашылығында ерекше көрінді. Мысалы: осы кезеңдерде игернілмеген жаңа жерлер игерілді. Жердің өңдеудің технологиясы жақсарды. Екі танапты егіс егу орнына үш танапты егіс әдісі қолдану қолға алынды. Ауыл шаруашылығында мұндай жетістіктер мен ілгерілеушіліктер ауыл шаруашылық өнімдерінің көбеюіне түрткі болды. Бұл жағдайлар ауыл шаруашылығында жаңа салалардың пайда болуына алып келді. Батыс Еуропада жүзімдіктер мен майөнімдерін алатын техникалық егіндер егілді. Бұл жетістіктер шарап жасау ісі мен май өнімдерін алу істеріне дамытты. Өнімнің көбеюі нқтежесінде шаруаларда артықша өнімдер қалды.Шаруалар бұл артық өнімдерін қажетті қолөнер тауарларына айырбастады.
Феодалдық қоғамның белгілі бір кезеңінде қаланың пайда болуы оның алғашқы феодалдық дәуірінен-өркендеген феодализм дәуіріне өтуімен байланысты болды. Соңғысына тән ерекшелік- қалалардың қол өнершілікпен сауда орталығы ретінде тууы және гүлденуі болып табылады. Шикізат өндірістерінің өркендеуі жқне қалалардың өсуі, феодалдық қоғамның экономикасына, саяси құрлысына, рухани өміріне елеулі ықпалын тигізді. Сондықтан да XI ғ.ғ Батыс Еуропада қаларлар қалыптасты. Бұл кезең алғашқы орта ғасырмен феодализмнің толық өркендеген, хронологиялық шекарасы бар еді.
Пайдаланылған әдебиеттер:
1.Барг М.А.”Епоха и идей” М. 1987 г.
2. Гутнова Е.В. ”Историография истории срених векав” М. 1985 г.
1. Шервуд Е.А. “Законы лангобардов” М. 1992 г.
2. История средних векав. В 2-х т. М. 2001г.
3. Энгельс Ф. “О Франции в епоху феодализма” М. 1948 г. “Архив Маркса Иэнгельса”, стр. 300-302.
4. С.Д. Сказкина “Хрестоматия по истории средних векав” П. 1950 г.
6 апта
№16 Сабақтың тақырыбы:
Дамыған Феодализм дәуіріндегі Еуропа (ХІ ғ аяғы-ХҮ ғ)
Орта ғасырлық қалалардың пайда болуы және даму.
2.0 балл
Тест тапсырмалары.
1. Батыс Еуропада сауда орталық пайда болған мемлекеттер.
а) Италия , Франция.
ә) Германия , Шветция.
б) Үндістан , Қытай.
в) Жапония , Корея.
г) Қазақстан , Тәжікстан.
2. Батыс Еуропада цехтар жеке-жеке бөлінген уақыт.
а) ХIV-XV ғ.ғ
ә) ХІІ-ХІІІ ғ.ғ
б) XV-XVI ғ.ғ
в) XV-XVIII ғ.ғ
г) XIV- XV ғ.ғ
3. ХІ-ХІІ ғ.ғ. Батыс Европада өндірістің қай саласы дамыды.
а) Мата тоқу метал өндіру.
ә) Сүт өнімдері.
б) Түйнек тұқымы өсімдіктер
в) Дақылдар.
г) Мал шаруашылық өнімдері.
4. Қай ғасырда Батыс Еуропа қалалары қалыптасты.
а) ХІ ғ
ә) ХІІ ғ.
б) ХІІІ ғ.
в) ІV ғ.
г) V ғ.
5. Тәуелсіздікке жеткен қалалар.
а) Любек , Ташбург.
ә) Италия , Франция.
б) Александрия .
в) Бағдат ,Қытай.
г) Рейн , Дунай.
6 апта
№17 Сабақтың тақырыбы:
Крест жорықтары.
Сабақтың жоспары:
1. ІІ-ІІІ-крест жорықтары.
2. ІV- крест жорығы.
3. ХІІІ- крест жорықтары.
4. Крест жорығы нқтежелері.
Теориялық мәліметтер:
Крест жорыќтары батыс еуропалыќ рыцарлыќ пен Шығыс Жерорта теңізі елдерінің арасында феодалдыќ басќыншылыќ соғыстары болып табылатын. 1096-1270 жылдар арасында, екі ғасырға жуыќ уаќыт бойы соғысты. «Крест» жорыќтары деп аталу себептері бұл католик шіркеуінің ұйымдастырылуы еді. Бұл шіркеу жорыќтарының діни соғыстың сипаты болатын, яғни христиандыќтың мұсылмандыќќа ќарсы күресінің сипаты болатын. Шығыс Еуропаға ќарсы күресті Батыс Еуропалыќтар жер иеліктерін молайту маќсатта феодалдар тарапынан шығыстағы бай иеліктерді иемдену маќсатта болатын.
XI ғ.ғ.түрік-салжұќтары Шығыс Жерорта теңіз жағалауындағы жерлерді басып алуына байланысты халыќаралыќ жадай шиеленісе түсті. 1055 ж.ж. түріктер Бағдадты басып алды, 1071 ж.ж. Манцикерт (Армения) маңындағы соғыста Византия әскерлерін ойсырата жеңді, сол сияќты Орта Азияны, Сирия мен Палестинаны жаулап алды. Басќа да Египетке тиесілі жерлерді, христиандардың киелі ќаласы Иерусалимді де басып алды. Осының өзі Батыстыќтардың Шығысќа ќарсы жорыќќа біріге отырып шығуына сылтау болды. Балканның солтүстігіне басып кір ген түріктерді Византия императоры Алексей I Батыс Еуропаның бірнеше князьдерінен көмек сұрауға мәжбүр болды.Ол тіпті папа Урбану II-ге (1088-1099 ж.ж.) елші жіберіп, папа өз беделі арќылы нормандардан, англосакстардан, даниялыќтардан мұсылмандарға ќарсы күресу және жалдамалы отрядтар жасаќтауға көмектеседі деп есептеді. Б9л крест жорыќтарының маќсаттары әртүрлі болды. Жер мен еріксіз жұмысшы күші аќшалай тапшылыќтар ұсаќ рыцарлардың жаңа жерлерді басып алуы, шығыс елдерінің тонауына әкеп соќты. XII ғ.ғ. аяғында крест жорығының маќсаты Шығыс Жерорта теңізі жағалауындағы жерлерді басып алу үшін Азиядағы мұсылман мемлекеттерге және Византияны азат ету жолындағы күресі болды.
1095 ж. папа Урбану II француз ќаласы Клеромонда шіркеу соборларын ашты. Собор аяќталған соң, ол ќалың халыќ арасында салтанатты түрде сөз сөйледі де, онда шығыстың бай жерлерін басып алып, әрбір ерікті жауынгерлерге ерліктері үшін тарќатып беремін деген уәделерде айтылды.Кедей шаруалардың бір күнде байып кетуіне және көптеген сауда ќатынастарда көпестік шаруаларды да өте ќызығушылыќпен болашаќ өмірді жаќсарту туралы, сұрыќсыз езгіден босануға деген үмітін ќоздырды.
1096 ж. бұл уағыздау салдарында Франция мен Германиядан мыңдаған кедей шаруалар жиналды. Крест жорыќшылары ќарапайым ќұралдар балта, балға,ораќ сойыл ќаруланып, азыќ ќорынсыз Константинопольге ќарай ағылып жатты. Кедейленген рыцарлар аш-жалаңаш болғандыќтан олар көптеген венгерлер, болгарлар, гректертердің жерлеріне басып кіріп тонаушылыќ пен өлтіргенін өлтіріп, өлмегендерін зорлап ќорлады да, Рейн жағалауындағы ќалаларды тонаушы рыцарлар еврейлерді ќырып-жойды. 1096 ж.ж. жазында бұл шаруалардан ќұралған рыцарларды түріктер бір күнде ќырып тастады.
1096 ж. жаз айларында рыцарлыќ жаќсы ќаруланған, азыќ -түлік жететіндей жорыќшылар жолға шыќты. Лотарингия феодалдары жорыќќа басќалардан бұрын шыќты. Оларды басќарған герцог Готфрид Бульонский басќарды. Оңтүстік нормандыќ әскерлерді жорыќќа алып жығып, он басќарған князь Боэмунд Тарентский болды. Франциядағы жасаќты граф Раймонд Тулузький басшылыќ етті. Солтүстік және орта Францияны рыцарьларын герцог Роберт Нормандський мен граф Стефан және граф Робрет II Фландорский басќарды.
1096 ж.ж. аяғы мен 1097 ж.ж.басында крест жорыќшылары Константинопольге жетті.Онда император Алексей I крест сеньорлар мен рыцорлардың алдында ант ішіп,түріктердің басып алған византиялыќ жерлерді өзім ќайтарып аламын деген уәдесін берді. Крест жорыќшыларының жасаќтарын Алексей I Кіші Азияға жөнелтті.
XI ғ..Кіші Азияда салжұќ мемлекеті орнығып, олардың басшысы Рум (Иконий) сұлтанаты болатын. Мұсылмандардың арасында ешќандай бірігушілік болмағандыќтан, кресшілер Кіші Азияны басып өтті. 1098 ж.ж. басында рыцарь отрядтар басшыларының бірі Балдуин Фландорский бай ќала Эдессаны (Солтүстік Месопотамияда) басып алды.Осы жерде өз кресшілерімен Эдесса графтығының негіді ќаланды. 1098ж.ж. кресшілердің әскери күші Сирияға келіп келді де, Шығыс Жерорта теңізінің жағалауындағы жаќсы бекінген ќалаларының бірі-Антиохияны жарты жыл бойы ќоршауға алып, 1098 ж.ж. шілде айларында Антиохия князьдігінің негіді ќаланды. 1099 ж.ж.Сириядан Палестинаға өтіп, Иерусалим ќаласын алды.
Иерусалимді алғаннан кейін крест жорыќшылары Жерорта теңізінің Шығыс жағалауындағы бөлігіне жорыќќа атанды. Теңіз жағалауындағы елдердің сауда ќатынастары арќылы көптеген олжаға кенелетінін есепке ала отырып, порттыќ ќалаларды басып алды. Бұлардың ішінде Акра, Триполь, Тир ќалаларын басып алды.Оңтүстік Сирия мен Палестина территориясында Иерусалим корольдігін ќұрды, мемлекет басшысы Готфрид Бульонский болды, ал солтүстігінде Триполи графтығы, Антиохия князьдігі мен Эдесса графтығы ќұрылды. Басып алған жерлерін түгел өздерінің саясатымен тұрғылыќты халыќтарын, яғни шаруалардың бәрін ќұлдар деп езгісінің астына алды.Әр түрлі сауда ќатынасында порттарда көптеген жеңілдіктер берілді.
Бірінші крестшілердің иеліктерін нығайту маќсатында әскери-монахтыќ ордендер марапаттау арќасында түрлі рыцарлыќ ұйымдар ќұрылды. Соның бірі неміс рыцарларын біріктіретін Тевтон ордені пайда болды.Ордендік туысќандарды киген киімдеріне арап ажырататын болды да, олар тамплиерде- ќызыл кресті бар аќ түсті, госпитальлерде- аќ кресті бар ќызыл түсті, тевтон рыцарларында- ќара кресті бар аќ түсті киімді плащтар киген.
Екінші крест жорыќтары (1147-1149 ж.ж.).XII ғ.ғ. мұсылман князьдіктердің топтасу салдарынан, кресшілер өзінің иеліктерін жоғалта бастады. 1144 ж.ж.Мосульдің әміршісі олардан Эдессты тартып алды. Соның салдарынан кресшілер жиналып екінші рет ќайта жорыќќа шыќты, оны басќарған француз королі Конрад III болатын. Екінші крест жорыќтары сәтсіздікке ұшырап, көмекке келген неміс рыцарлары Кіші Азия түрік-салжұќтарын ќырып, олар француздар мен немістер біріге отырып Дамаскіні алуға тырысты, одан ешќандай нәтиже шыќпады.Олар Еуропаға абыройсыздыќпен артќа ќайтты.
Ұшінші крест жорығы 1189-1192 ж.ж. аралығындағы уаќытты ќамтыды. Шығыста Египеттің, Сирия мен Месопотамия бөліктері бірігіп, жаңа мемлекеттің басында Саладин атағын алған сұлтан Салах-ад-Дин (1171-1193ж.ж.) кеді. 1187 ж.ж. ол Хаттин маңында (Тивериад көлінің жаќын жерінде) кресшілерге ќатты соќќы берді, Иерусалим королінің өзін тұтќынға түсіріп, мұсылмандар теңіз жағалауындағы ќаладарды: Айда, Сайда, Бейрут сияќты көптеген ќалаларды басып алды.
1189 ж.ж. Ұшінші крест жорығы деп. аталатын әскери жасаќтары біріктіре отырып, Герман императоры Фридрих I Барбаросс және Франция королі Филипп II Август пен Англия королі Ричард I Львиное Сердце басќарды. Бұл жорыќта сәтсіздікке ұшырады, неміс кресшілері Палестинаға жетпеді, 1190ж.ж Фридрих I Кликийдегі тау өзендерінен өткенткезде суға кетіп өлді, кресшілердің артќа ќайтуына мәжбүр болды. Франция мен Англия крестшілері палестинаға барар Жолдак Сицилияны басып алуға тырысты, Византияның бір бөлігін Кипр аралын жаулап алды.1991 ж.ж. олар Палестинадағы орталыќ Иерусалимді аламыз деген әрекеттер жасап еді, біраќ Англия королімен Саладдин арасындағы келісім бойынша Тиран Яффаға дейін аралыќтар ғана берілді. Ұшінші крест жорығы да Шығыс Жерорта теңіздерін алу арман болған батыс еуропалыќтар үшін де көптеген ќайшылыќтармен шиеленістіре түсті.
Төртінші крест жорығы (1202 – 1204 ж.ж.) және Латин империясының ќұрылуы (1204-1261 ж.ж.). XIII ғ.ғ. Батыс Еуропа елдері мен Византия арасында көптеген келіспеушіліктер туғызды, мұны Иннокентий III папның (1198-1216 ж.ж.) шаќыруы бойынша француз феодалдары бастаған еді. Бұпдағы маќсат дүние жүзілік монархия ќұруда, египетті түгел өзіне ќарату болды. Бұл жорыќта крестшілер Константинопольді талќандап, Египетке өту кезінде Венециядан көптеген көмек сұрау арќылы порттарын пайдаланды, сауда ќатынасында Венеція көпестерімен біріге отырып,1202 ж.ж. Далмациядағы Задар ќаласын басып алды.1204 ж.ж. көкек айында жорыќшылар Константинопольді басып алғаннан соң, імператор Иссак II –ні таќќа отырғызып, осы жерде Латын империясының негізін ќалады. Латин империясы онша ұзаќ өмір сүрмеді,1261 жылы Никей императоры Михаил Палеолог Константинопольді басып алып, Византия империясын ќалпына келтірді. Төртінші крест жорығының нәтижесінде Византия байлығымен күш ќуатты мәңгі баќи бүлінген болатын.
Бесінші крест жорығы (1217-1221 ж.ж.) неміс, ағылшын, голланд, венгер крестшілерінің бірігуі арќасында 1219 жылы Египеттегі мыќты бекіністің бірі- Дамиеттаны басып алды. Өзара ішкі тартыс салдарынан және басќаратын басшы болмағандыќтан рыцарлар елді тастап кетуге мәжбүр болды.
1228-1229 жылдары Алтыншы крест жорығы болды. Он Герман императоры Фридрих II басшылығмен ќол астын ағылшын, неміс, француз және итальяндыќ рыцарларын бастап, Сирияға ќарай бет алды. Осы тұста Египетпен Дамаскі арсында соғыстар жүріп жатќанын пайдаланып, Египет сұлтанымен келісімге отырып,Иерусалим және Палестинаның бірнеше ќалаларын імператор ќол астына ќайтарып алды. Алайда 1244 жылы мұсылмандар Иерусалимді тағы да басып алды.
1248-1254 ж.ж. Жетінші крест жорығын Иннокентий IV мен француз королі Людовик IX басшылымен Египетке ќарсы бағытталған болатын. Бұл жорыќта сәтсіздікке ұшырап, байта шегінді.
Людовик IX басшылығмен ќайта 1270 жылы –Сегізінші крест жорығының нәтижесінде, бұл жолы крестшілердің флоты Туниске бет алды, жағаға түскен бетте оларға эпидемия тарады, бұдан Людовик IX өзі ќайтыс болды. Тірі ќалғандары Еуропаға ќайтты.Осының нәтижесінде папаха жаңа крест жорығын шаќыруға табысты болмады. Мұсылмандар Шығыстағы крест иеліктерін бірінен кейін бірін ќайтарып, 1268 жылы Әгипет әскерлері- Антиохияны,1289 жылы Трипольді, 1291 жылы Шығыстың аќырғы тірегі- Акраны ќұлатты.Иерусалим корольдігі өмір сүруін тоќтатты. XIV-XV ғ.ғ. Шығыстағы иеліктерді түгелдерлік мұсылмандар ќол астында болды.
Крест жорыќтары өзінің маќсатќа жетпегенімен ќоймай, жүздеген мың крестшілердің апат болуына әкеп соќты және Еуропа елдерінің орасан зор ќаражат шығаруына әкеп соќты. Шығыс елдері үшін де крест жорыќтарының зардаптары өте ќиын жағдайды бастан кешіруіне әкеп соќты, ќаза болған адамдар саны есепсіз, ќалалардың бәрін өртеп орны жоќ болып кеткендерде бар, елді ойрандатып ќатты күйзеліске алып келді.
Пайдаланылған әдебиеттер:
1.Барг М.А.”Епоха и идей” М. 1987 г.
2. Гутнова Е.В. ”Историография истории срених векав” М. 1985 г.
1. Шервуд Е.А. “Законы лангобардов” М. 1992 г.
2. История средних векав. В 2-х т. М. 2001г.
3. Энгельс Ф. “О Франции в епоху феодализма” М. 1948 г. “Архив Маркса Иэнгельса”, стр. 300-302.
4. С.Д. Сказкина “Хрестоматия по истории средних векав” П. 1950 г.
6 апта
№18 Сабақтың тақырыбы:
Крест жорықтары.
2. 0 балл
Тест тапсырмалары.
1. Қай жылы Түріктер Бағдадты басып алады.
а) 1055 жж
ә) 1012 ж
б) 1050 ж
в) 1010 ж
г) 1053 ж
2. Екінші крест жорығы қай жылдары болды.
а) 1147-1149 жж
ә) 1116-1120 жж
б) 1120-1129 жж
в) 1140-1143 жж
г) 1136-1139 жж
3. Үшінші крест жорығы қай жылдар аралығын қамтыды.
а) 1189-1192 жж
ә) 1165-1179 жж
б) 1145-1165 жж
в) 1168-1178 жж
г) 1179-1190 жж
4. Шығыста Египеттің, Сирия мен Месопотамия бөліктері бірігіп, жаңа мемлекеттің басына Салах-ад- Дин қай жылдары билікке келеді.
а) 1171-1193 жж
ә) 1162-1186 жж
б) 1170-1190 жж
в) 1158-1170 жж
г) 1155-1180 жж
5. Төртінші крест жорығы қай жылдар аралығын қамтыды.
а) 1202-1204 жж
ә) 1162-1186 жж
б) 1200-1202 жж
в) 1140-1143 жж
г) 1147-1149 жж
6. Бесінші крест жорығы қай жылдар аралығын қамтыды.
а) 1217-1221 жж
ә) 1210-1220 жж
б) 1202-1204 жж
в) 1200-1202 жж
г) 1206-1217 жж
7. Неміс, Ағылшын, Голланд, Венгер крестшілерінің бірігуі арқасында қай жылы Египеттегі мықты бекіністерінің бірі Дамиеттаны басып алады.
а) 1219 ж
ә) 1210 ж
б) 1215 ж
в) 1213 ж
г) 1218 ж
8. Алтыншы крест жорығы қай жылдары болды.
а) 1228-1229 жж
ә) 1169-1170 жж
б) 1220-1221 жж
в) 1225-1226 жж
г) 1215-1216 жж
9. Жетінші крест жорығы қай жылыдары болды.
а) 1248-1254 жж
ә) 1238-1244 жж
б) 1220-1221 жж
в) 1225-1226 жж
г) 1215-1216 жж
10. Сегізінші крест жорығы қай жылы болды.
а) 1270 ж
ә) 1258 ж
б) 1269 ж
в) 1249 ж
г) 1238 ж
11. Шығыстың ақырғы тірегі Акраны қай жылы құлатылды.
а) 1291 ж
ә) 1270 ж
б) 1269 ж
в) 1249 ж
г) 1238 ж
7 апта
№19 Сабақтың тақырыбы:
ХІ-ХV ғ.ғ. Франция.
Сабақтың жоспары:
-
Феодалдық қатнастардың дамуы.
-
Француз қалалары.
-
ХІ-ХІІ ғ.ғ саяси бытыраңқылық .
-
ХІІІ ғ. мемлекеттік басқару
-
Жүз жылдық соғыс.
-
Жанна Дарк. Соғыстың аяқталуы.
Теориялық мәліметтер:
XI ғ.ғ. феодализмнің орнауына байланысты Францияда саяси бытырау үстінде болатын. Король өзінің вассалдарына, яғни герцогтар, графтар,жеке меншік иеліктері барондар, рыцарлар мен сеньорлардан тұрды.Францияның саяси бытырауын өз мемлекеттегі солтүстік пен оңтүстік бөліктерінің әлеуметтік-экономикалық және саяси дамушында біріне-бірі бағынбау салдарынан, кәсіпкерлердің шығарған заттары тек мемлекет көлемінде ғана емес, сондай-ақ өзге мемлекеттерге сауда қатынастарын күшейтуді көздеді. Қала халықтарының ешқандай праволары болмады және олардың дүние -мүліктерін феодалдардың иеленіп кетушілік қаупі үнемі төніп тұрды. Сондықтан сеньорлармен күресу Солтүстіктің қалалары үшін ең бірінші дәрежелі мәселе болып табылды. Франция королі VI Людовик қалардың ішіндегі жанжалды тоқтату мақсатында, Лан қаласын коммунаны жою мақсатында, рыцарлар мен қызмет адамдары және епископтарды өлтірді, Ланға коммуналық хартияны қолдаған қала тұрғындарын тонап жеке басының мүддесі үшін жүрген қала тұрғындарын азаппен өлтірді. XII ғ.ғ. Францияда орталыққа бағынған мемлекеттер құрылды. Осы тұста II Филипп Аугустың (1180-1223 ж.ж.) Франция король тағында отырған тұста, Капетингтер мен Плантагенеттер арасында өзара күрес жүріп жатты.Француз королі ағылшындарға тек Пуатоның бір бөлігімен Аквитания герцогтарын берді.
XIII ғ.ғ. билік басында король IX Людовик таққа отырған кезде, король өкіметі бірқатар күшейді және түрлі реформаларды шығарды, соның ішінде сот реформасы қарқынмен шешілді. ХI-XIII ғасырларда елдің солтүстігіндегі француз деревниясындағы үш танапты егіс жүйесі мен дәнді дақылдардың ең жақсы сорттары (олардың ішнен бидай бірінші орында болды), жақсартылған соқа өте кең тарады. Ауыл шаруашылығының жұмыстарын атқаратын күш көлігінің өгіздің орннына енді атты пайдаланудың нәтижесінде жер жыртудың және басқада ауыл шаруашылық жұмыстарды орындаудың мерзімдері қысқартылды. ХII ғасырда тың жатқан жерлер мне ормандарды егістікке арнап тазартып, әзірлеу жұмыстары да басталды. Еңбек өнімділігі көбінесе шаруалар шаруашылығында өсті.Барщиналық өтеуден гөрі, шаруа өз үлесінде жұмысты бар ынтасын сала жақсы істеді. Оның еңбегі анағұрлым өнімдірек те болды және астық пен овощтардан да молырақ өнім берді. Сондықтан сеньорларға феодалдық рентаны еріксіз борщиналдыќ еңбек түрінде емес, шаруалардығ өз учаскілерінен жинап алған өнімдерін төлету әлдеқайда пайдалырақ болды. Олар бірте- бірте өздерінің бұрынғы барщиналдық еңбек пен өңделіп,жыртылған жерлерін жойып,енді оларды шаруаларға мұрагерлік жолымен ұстап пайдалану үшін үлестіріп бере бастады. Осының негізінде ХІІ-ХІІІ ғасырларда барщиналық өнім рентасына көшу пайда болды.
ХІ-ХІІ ғ.ғ саяси бытыраңқылық Феодализмнің негізінен орнауына байланысты Францияда орын алған феодалдық бытыраңқылық елдің әртүрлі бөлімдерінде кейбір ерекшеліктерге ие болды. Феодалдық өндірістік қатынастардың мейлішше толық дамып, крепостной шаруалардың саны басым болған солтүстікте бытыраңқылық өзінің аяқталуына жетті де,ал феодалдық монархия өзінің барынша күрделілік ерекшелігін көрсетті.Кароль тек өзінің тікелей вассалдарына: герцогтар мен графтарға, сондай-ақ өзінің жеке меншігіндегі жерде (төменде) тұратын барондар мен рыцарьларына ғана сеньор болды. Феодалдық праваның; “Менің вассалымның вассалы менің вассалым” емес деген нормасы әрекет жасауда болды.
Жүзжылдық соғыстың басталып кетуіне шешесі жағынан IV Филипптің немересі, ағылшын королі III Эдуардтың династиялық талаптары тікелей сылтау болып табылды. IV Филипптің ең кенже баласт 1328 жылы дүние салды; осыған байланысты III Эдуард француз тағына отыруға өзінің правосы бар екенін мәлімдеді. Францияның королі Капетингтердің жақын тармағының аға өкілі IV Филипп Валуа (1328-1350ж.ж.) сайланып қойды. III Эдуард өзінің праволарын қару-жарақтың күшімен шешуге бел байлады. Соғыс 1337 жылы ағылшындар үшін уақтылы басталды. Англияны басып кіруге арналған армиясының, француздардікіне қарағанда, бірқатар арттықшылықтары болды.
Ағылшындар теңізде (1340 жылы Фландриядағы Слейса түбінде) және құрлықта (1346 жылы Пикардияның солтүстігінде, Калеге жақын, Кресидің түбінде) жеңіп шықты.
Партизандар соғысы француз халқының территориясында ағылшындардың басып кірген (1415 жылы) кезінен басталды және 1422 жылы V Генрих өлгеннен кейін, Бедфордтың Англиядан көмек алудан үмітін үзіп, оккупацияланған аймақтарды ешбір аяусыз тонай бастады. Партизандар соғысы салдарынан Францияның тағдыры үшін осындай бір өте қатерлі қауіп төнген уақытта, кәдімгі қарапайым шаруаның қызы Жанна Дарк, шетел басқыншыларына қарсы халықтың күресін ұйымдастырып басқарып, соғыста шашуші өзгеріс жасады. Жанна Дарк 1412 жылы Францияның Домреми деген селосында туылды. 1428 жылы соғыс осы шеткі аймаққа да келіп жетті.Бұл жағдай барлық француз халықтары сияқты, сүйікті отанының басына түскен бақытсыздық Жаннаның да ет-бауырын елжіретті. Франциядан ағылшындарды қуып шығу үшін, VII Карлға барып айтып, армияны басқаруы туралы сенімінен шығарды.
Достарыңызбен бөлісу: |