3 апта
№9 Сабақтың тақырыбы:
ІV-XII ғасырлардағы Византия. Империясы .
Сабақтың жоспары:
1. Византия империясының ќұрылуы.
2. VII-IX ғ.ғ. бір. жарт. Византия.
3. IX-XI ғ.ғ. Византия.
4. XII ғ.ғ. Византия.
Теориялық мәліметтер:
395 жылы Рим империясының Шығыс және Батыс болып бөлініп кетуіне байланысты, Римнің Шығыс бөлігінде Византия мемлекеті пайда болды.Византия империясының негізін ќалаушы Император Константин 330 жылы Босфор жағалауында ќоныстанды. Византия мемлекетінің орталыќ астанасы өз есіміне лайыќталып Константинополь ќаласын ќұрды. Константинопольдің орналасќан ортасы өте ќолайлы жерде болды; Еуропадан Азияға, Ќара теңізден Эгей теңізіне апаратын аса маңызды сауда жолдары осы араға келіп түйісетін, Шығыс пен Батыс аралығында сауда-саттыќ жұмыстарында Константинопольдің билік жүргізуіне мүмкіндік туғызды.Византия империясының ќұрамына мыналар енетін: Балќан түбегі, Кіші Азия, Сирия, Палестина, Египет, Солтүстік Африкадағы Киренаика, Месопотамия мен Арменияның бір бөлігі, Ќырымдағы және Кавказдағы бір ќатар тірек пункттері, Аравияның кейбір аудандары, V ғ. бастап Иллирик пен Далматция да жататын болды. Византия империясының жерінде әртүрлі тайпалармен халыќ топтары; гректер, фракиялыќтар, иллириктер, дакилыќтар, эллиндіктер,кіші азиялыќтар, сириялыќтар, грузиндер, еврейлер, копталар өмір сүрген.
V ғ.ғ. Римнің ыдырау салдарынан варварлыќ тайпалардың тоз-тоз болып ыдырауына мәжбүр болды. Осы тұста Византия империясының нығаюына және ыдырап кеткен тайпаларды біріктіру салдарынан билік басына Император Юстиниан (527-565 ж.ж.) биледі.VI ғ.ғ. тарихшысы Прокопий Кесарийский өз еңбектерінде Император Юстинианның мінезін мейрімсіз айлакер және реформатор, діншіл-ғалымдыќ ќасиеттері,асќан аќыл және ќайрат иесі, заң ғылымын жете меңгерген, мемлекеттік істерді жан ќиярлыќпен жүргізе білген.Оның тегі араласпаған ісі болмаған; ол заңдыќ және әкімшілік реформаторлар жасаған, ќұрылыс пен дипломатиялыќ жұмыстарды ќатар жүргізе білген, неше түрлі соғыс жоспарларын жасаған және небір ќиян-кескі діни айќастарға ќатысып отырған. Атаќ ќұмар, әрі айлакер залым, әрі мейрімсіз ќатал Император Юстиниан тарихшы ғалымның айтуы бойынша,”жәй әншейін жұмсаќ үнмен ғана түк жазығы жоќ ондаған мың адамды ќыруға бұйырғанда беті бүлк етпес еді”. Император Юстинианның пұтќа табынушылар мен дінсіздерді аяусыз ќудалауы салдарынан ел ішінде 529 жылы Палестинада көтерілісшілердің шығуына әсер етті. 530 жылы тұтќынға түскен көтерілісшілерді топпен ќұлдыќќа сатып жіберді.532 жылы Византияда халыќтары арасындағы ќозғалыс “Ника” көтерілісі тарихта өз ізін ќалдырды. “Ника”- сөзі “Жең!” деген ұғымды білдіреді. 532 жылы 11ќаңтарда үкімет саясатына наразы- оппозициядағы партиясы “жасылдардың” Константинополь орталығында жиналып көше бойы аќсүйектілер үйлерін және үкімет мекемелерін ќирата және өртей бастады.Тұс-тұстан көтершілердің ұрандатып Император және оның жаќтастары Сарайда ќоршауға алды, үкіметке ќауіп төнді. Император Юстиниан астанадан ќашып кетуді ұйғарды,біраќ оның жұбайы императрица Феодора өжеттілік танытып көтерілісшілерге ќарсы шабуылға шығуды бұйырды. Ќала орталығында 30 мыңнан астам адам ќаза тапты, көше бойы ќанға малынды. “Ника” көтерілісін ұйымдастырушылар скамарлар отрядтарынан ќашќан ќұлдар, колондар және кедей шаруалардан жасаќталған еді.528-534 ж.ж. Император Юстиниан өзінің 50-ден астам заң жинаќтарын жасап шығарды. 534-565 ж.ж.”Новелла” атты жинағын шығарды.
534 ж.ж. Солтүстік Африкадағы Вандалдар мемлекетін өзіне тізе бүктірді.545-546 ж.ж. византилыќ әскерлерінің Стотза басќарған көтерілісі. Стотза шайќаста ќаза тапты.541-552 ж.ж. остгот королі Тотила көтерілісі. 555ж. Тотила өлген соң, византиялыќтар Италияны түгел жаулап алды.
602 жылы Дунай маңында тұрған армиян ішінен көтеріліс бұрќ ете түсті. Ќатардағы жүзбасы Фока өзін императормын деп жариялады. Көтерісшілер бұќарасының көмегімен Константиопольді басып алды. Император Маврикий таќтан ќұлатылды және өлтірілді.Византия тағына Фока отырды (602-610жылдар). Елде Киликияны, Сирияны, Палестинаны, Кіші Азияны,Египетті ќамтыған аштыќтан-ашыќ азамат соғысы басталды.610 жылы Фока таќтан түсіріп өлтірілді, оның орнына феодалдарға айналған аќсүйек өкілі Икарлий (610-641ж.ж.) император тағына отырды. VII ғ. 30-жылдарының орта шен інде Византияға шығысынан жаңа да ќатерлі жаумен-арабтармен соќтығысуға тура кеді. 636-642 жылдар аралығында арабтар Византиядан оның ең бай және ќұнарлы шығыс провинцияларын жаулап алды. Экономикалыќ және мәдени жағынан ең тәуір өркендеген шығыс провинцияларынан айырылу- Византия мемлекеті үшін аур соќќы еді. 693-698 ж.ж. араб тар Византиядан оның Солтүстік Африкадағы жерлерін де тартып алды.
Мемлекетік басќару жүйесі барған сайын феодалдануға айналды. Византия мемлекетінің әкімшілік ќұрылысы түбегейлі өзгерді. Ескі диоцездер мен провинциялар жаңа әскери-әкімшілік округтар-фемдермен ауыстырылды. Византия жер інде бытырай жайылған славяндар, армяндар,сириялыќтар және басќа да тайпалардың колондар бұќаралыќтары фемдердағы әскери отырыќшылардың негізгі тегін ќұрады. VIIғ. олардан және ерікті Византиялыќ шаруалардан айрыќша әскери сословие- стратиоттар пайда бола бастады. Әскери ќызмет атќарғаны үшін стратиоттар өкіметен ұрпаќтан-ұрпаќќа мұра болып ќалатын жер үлесін алды.
Фемдердің басына фемдік әскерлердің командирлері- стратиоттар тұрды, бұлар және азаматтыќ би лікті түгелдей өз уысында ұстады. VIII-IХғ.ғ. алғашќы жартысында әскери фемдіктер мен аристократтар және шіркеулік-монасрырьлыќ жер иеленушілер арасында жер үшін талас ќатты шиеленісті. Кіші Азиядағы фемдік төрелер Исавралыќ династияның негізін (717-867ж.ж.) ќалаушы болван өз итаршылар ІІІ Лев Исавраны (717-741ж.ж.) таќќа отырғыза алды. Ерікті шаруалардан жасаќталған фем әскерлеріне арќа сүйеген ІІІ Лев Византияның ең ќауіпті сыртќы жауы-арабтармен күресте үлкен бет бұрыс жасады. Ол жыл бойы Константинопольді ќоршап жатќан араб халифасының орасан көп армиясының шабуылына табысты тойтарыс бере білді. 740 жылы ІІІ Лев арабтарды күл-талќан етіп жеңді. ІІІ Левтің ұлы V Константиннің тұсында (741-775ж.ж.) Византияның өзі Араб халифасына ќарсы шабуыл бастады да, 746 жылы византиялыќтар Сирияға басып кірді, содан кейін Әвфрат жағалаулары мен Армения жеріне дейін жетті. Византия әскерлері өзінің терістіктегі көршісі- тұңғыш Болгар патшалығына ќарсы да шабуылдарын же місті жүргізе білді.
X-XІғ.ғ. Македониялыќтар династиясын ќұрушы І Василик (867-886ж.ж.) империяның сыртќы саяси жағдайын уаќытша нығайтуға мүмкіндік жасады. Соның тұсында араб тар шабуылына тойтарыс берілді. Слайда ол өлгеннен кейін араб тар және болгарлар Византияға тағы да соќќы үстіне соќќы берді. ІХ ғ. аяғында –Х ғ. басында араб тар бүкіл Сицилияны түгел дер лік жаулап алды. Оңтүстік Италиядағы Византия иеліктеріне де ќауіп төнді. Араб тар сонымен ќатар Еипрді де басып алды. Крит- аралдар мен жағалауды ойрандаған араб ќараќшыларының ұясына айналды. 904 жылы араб тар Фессалониканы тонап кетті. Византия бұл кезде күшейіп алған Болгариямен шайќаста осыдан кем жеңіліске ұшыраған жоќ. Болгарлармен соғыс 30 жылдай дер лік созылды.
Византияның одан әрі нығаюы Х ғасырдың жартысында Болгар патшалығына ќарсы шабуыл бастауына мүмкіндік берді. Византиялыќ імператор, батыл да, ќайырымсыз ќатал “ Болгарлар ќырғыны” ІІ Василик (976-1025ж.ж.) шығыс шекараларындағы бірќыдыру тыныштыќты пайдаланып, Европада нөпір күш жинаќтады. Сол сияќты болгар феодалдарының сатќындығын пайдаланып, ІІ Василик болгар жеріне ұдайы шабуыл жасады да,1018 жылы Византия Болгарияны жаулап алды. Дунайға дейінгі бүкіл Балкан түбегі Византия империясының ќұрамына енді. ІІ Василик өлгеннен соң көп ұзамай-аќ ішкі дау-дамайдан империя ќорғанысќа көшуге мәжбүр болды. Оның шекаралары тарыла бастады. Шығыстағы жерлері жаңа жаулардың түрік-сельджуктердің шапќыншылығына ұшыраса, европалыќ провинцияларына Ќара теңіз маңындағы далалардан печенгтер ќаптап келе бастады және олардың шапќыншылығы барған сайын ќауіпті бола берді.
Пайдаланылған әдебиеттер:
1.Барг М.А.”Епоха и идей” М. 1987 г.
2. Гутнова Е.В. ”Историография истории срених векав” М. 1985 г.
1. Шервуд Е.А. “Законы лангобардов” М. 1992 г.
2. История средних векав. В 2-х т. М. 2001г.
3. Энгельс Ф. “О Франции в епоху феодализма” М. 1948 г. “Архив Маркса Иэнгельса”, стр. 300-302.
4. С.Д. Сказкина “Хрестоматия по истории средних векав” П. 1950 г.
4 апта
№10 Сабақтың тақырыбы:
ІV-XII ғасырлардағы Византия империясы.
1.0 балл
Тест тапсырмалары:
1. Римнің қай бөлігінен Византия мемлекеті пайда болады.
а) Шығыс
ә) Батыс
б) Солтүстік
в) Оңтүстік
г) Орталық
2. Византия империясының негізін қалаушы.
а) Император Константин
ә) Людовик
б) Ұлы Карл
в) Ү Карл
г) Белгісіз
3. Византия империясының орталық астанасын атаныз.
а) Константинопель
ә) Еуропа
б) Эгей
в) Кіші Азия.
г) Палестин.
4. Византи империясының құрамынақандай тайпалар өмір сүрген.
а) Грек тер, Фракиялық, Иллириктер, Грузин дер т.б
ә) Австразиялық,Бургуния.
б) Нейстри, Париж,
в) Галлия, Франк.
г) Саксония Италия
5. Император Юстиниан қай жылдар аралығында билік құрған.
а) 572-565 жж
ә) 489-512 жж
б) 412-489 жж
в) 369-418 жж
г) 552-562 жж
6. Император Юстиниан пұтқа табынушылар мен дінсіздерді аяусыз қудалауы салдарынан қай жылы Палестинада көтерілісшілер шығуына әсер етеді.
а) 529 ж
ә) 510 ж
б) 478 ж
в) 365 ж
г) 417 ж
7. Византияда халықтар арасында Ника көтеріліс қай жылы басталады.
а) 532 ж
ә) 512 ж
б) 478 ж
в) 460 ж
г) 510 ж
8. Ника көтерелсін ұйымдастырушылар.
а) Скамарлар отрядтарынан құлда, кедей шаруалар.
ә) Ерікті шаруалар.
б) Кулактар
в) Корльдер
г) Ақсүйектер.
9. Император Юстиниан қай жылдар аралығда өзінің 50-ден астам заң жинақтарын жасап шығарады.
а) 528-534 жж
ә) 518-526 жж
б) 458-498 жж
в) 369-458 жж
г) 468-410 жж
10. Император Юстиниан қай жылдар аралығында «Новелла» атты жинағын шығарады.
а) 534-565 жж
ә) 512-565 жж
б) 465-498 жж
в) 410-487 жж
г) 515-548 жж
11. Тотила қай жылы өлгенен соң Византиялықтар Италияны түгел жаулап алады.
а) 555 ж
ә) 458 ж
б) 444 ж
в) 455 ж
г) 535 ж
12. Византия тағына Фока қай жылдар аралығында бтлік етеді.
а) 602-610 жж
ә) 528-606 жж
б) 528-600 жж
в) 458-499 жж
г) 600-605 жж
13. Киликиян, Сириян, Палестина, Кіші Азия, Египет қамтыған ел арасында қай жылы азамат соғысы болады.
а) 610 ж
ә) 589 ж
б) 510 ж
в) 410 ж
г) 606 ж
14. Византия императоры Фако тақтан алынып өлтірілгенен кейін, таққа кім отырады.
а) Икарлий
ә) Людовик
б) Карл Хлодвигке
в) Мартеллге
г) Меровинг
15. Арабтар қай жылдар аралығында Византия мемлекетінің ең бай және құнарлы провинциларын жаулап алады.
а) 636-642 жж
ә) 589-610 жж
б) 615-638 жж
в) 618-640 жж
г) 602-639 жж
16. ІІІ Лев Исавраны қай жылдар аралығында таққа отырады.
а) 717-741 жж
ә) 715-736 жж
б) 690-710 жж
в) 658-732 жж
г) 589-647 жж
17. ІХ-Х ғасырларда араб тар жерлерді жаулап алады.
а) Сициляны
ә) Константинопель
б) Грузин
в) Иллириктер
г) Фракиялық
18. Византия мен Болгария арасында соғыс ханша жылға созылады.
а) 30 жылға
ә) 10 жылға
б) 15 жылға
в) 20 жылға
г) 25 жылғы
19. Х-ХІ ғасылрадағы Македониялық династисын құрушы.
а) І Василик
ә) ІІІ Лев Исавран
б) Икарлий
в) Людовик
г) Карл Хлодвигке
20. Византия Болгарияны қай жылы жаулап алады.
а) 1018 ж
ә) 1009 ж
б) 986 ж1
в) 1011 ж
г) 989 ж
4 апта
№11 Сабақтың тақырыбы:
Ерте орта ғасырлардың аяғындағы Батыс Еуропа
Сабақтың жоспары:
1.ХІ ғ.Батыс Еуропаның феодалдық құрылыстың негізгі сипаты.
2.ІХ-ХІ ғ.ғ. Франция.
3.VІІ-ХІ ғ.ғ. Италия
Теориялық мәліметтер:
IX-XI ғ.ғ.Еуропада басқа мемлекеттер құрыла бастады. Еуропаның оңтүстік-батысында, Пиреней түбегінің солтүстік таулы аудандарында VIII ғ.ғ. Вестгот Испаниясын арабтар 711-714 ж.ж. жаулап алғаннан кейін, 718 ж.ж. корольдік болған Астурия өз тәуелсіздігін сақтап қалды да, IX ғ.ғ. Карл негізін қалаған Пиреней сыртында Испан маркасы бөлініп шығып, Наварра корольдігі құрылды жқне Франция құрамына кірген Барселон графтығы да бөлінді.
Орыс флоттары 756 ж.ж. Босфор жағалауындағы Никомиди мен Пафлагонияны ойрандатып, Константинополь түбегін және Дунайға дейінгі жерлерді басып алды. Князь Святослав Византия-Болгар шайқасында Балканға екі рет жорық жасайды. 969-970 ж.ж. Святослав болгарлармен одақтасып, солтүстік Фракияны ойрандатады да және 971 ж.ж. император Иоани Цимисхий (969-976 ж.ж.) Святославты Болгариядан қуып шығады.
IX-XI ғ.ғ. Феодалдардың күшейген кезеңінде олар иерархия деп аталатын немесе “феодалдық баспалдақ” принципі бойынша құрылды.Феодалдық баспалдақтың басында король өзі қолдап, қбарлық феодалдар жоғарғы сеньор болып саналды.
IX-XI ғ.ғ. Франция. 843 ж. Каролинг мемлекеті ыдырағаннан кейін 870 ж. Мерсен бітіміне сқйкес бұл елді бөліп тұратын Германия мен Италияны бөліп тұратын шекара Маас өзенінің төменгі жағалауымен Мозельмен Рона болатын IX ғ.ғ. аяғында Сона мен Ронаны 933 ж. Бургундия королдігіне біріккен. X ғ.неміс жқне француз Каролингтер арасындағы өзара қырқыс салдарынан, қол астындағы халықтарды ыдыратып нормандықтардың соғысына душар болады. Каролингтер графтығының арасындағы өзара король тқжіне таластар арқасында, 987 ж.ж. ақсүйек және дін феодалдары “Францияның ұлы герцогы” деп аталған Робертин Гуго Капетті король етіп сайлады. Осы тұстан бастап XVIII ғ.ғ дейін француз тәжісін Капетингтер руынан тараған ағайындар басқарған. X-XI ғ.ғ француздардың бірнеше графтықтар өз жерлерін дербес түрде иелік етті. Олар солтүстік француз халқы мекендеген жерлердегі ірі феодалдар: Мэн графтығы, Блуа, Турень, Анжу графтығы, Шампань графтығы, Бургунд герцогтығы болды.
Провансаль халқының территориясында Пуато мен Гаронна графтығы аралықтарында Аквитания герцогтігі, Гаскон графтығы, Тулуз графтығы, Овернь графтығы болды.
Қиыр солтүстік-батысында Кельт тұрындары мекендеген жердегі Фландрия герцогтығы.
Француз королінің құрамында да жер иеліктер болды. X ғ.ғ Испан маркасы деп аталған Барселон графтығы да кірді.
X ғ.ғ француз шаруаларының көпшілігі крепостнойлар ауыр феодалдық қанауға түсті. Олардың қрбір сервтері соттық жағынан сеньорларға тәуелді болды және айыптар мен салық төлемдерді төлеп отырды. Сервтер жеке басы тқуелді адам ретінде Жан бас салығы, егер ол ерікті адаммен некеге отыратын болса неке салығын, өлім салығы, яғни оның заттары сеньорлардың меншігінде болып есептелді, мұра салығы деп. аталатын салық түрлері болды.
Феодалдық таптысының езгісіне ұшыраұан шаруалар арасында көтерілістер шықты. 997 ж. Нормандияда шаруалар көтерілісі. 1024 ж. Бретанда шаруа көтерілістері болды. Шаруалар көтерілісін феодалдар өте қатал түрде жазалау арқылы басты
VII-VIIIғ.ғ Италияның солтүстік үлкен бөлігі лангобардтардың қол астында болып, VIIIғ.ғ бастап Каролинг империясының құрамына кірді. 843 ж.ж. солтүстік және орта Италия Верден бітімінен кейін Каролинг империясының бір бөлігі болудан қалды да, IX ғ.ғ ортасында Италия королдігінің астанасы Павияда, ең алғаш Лангобард королдерінің темір тәжін кигізіп Италия королін таққа отырғызған.Италия королі шын мәнінде ешқандай билігі болмаған еді, билік бастарында жекелеген феодалдар қолында болды. IX ғ.ғ Италия жерлеріне арабтар (сарациндер) басып кірді.Арабтар бүкіл Сицилияны, онда Палермоны орталығында эмират құрды, Апулияны өзіне қаратты. XIIғ.ғ византия мен арабтар арасындағы соғысу кезінде Нормандия бүкіл Италия қарасты Сицилияны жаулап алып, 1130 ж. Италия жерінде Сицилия королідігінің негізі қаланды.
Пайдаланылған әдебиеттер:
1.Барг М.А.”Епоха и идей” М. 1987 г.
2. Гутнова Е.В. ”Историография истории срених векав” М. 1985 г.
1. Шервуд Е.А. “Законы лангобардов” М. 1992 г.
2. История средних векав. В 2-х т. М. 2001г.
3. Энгельс Ф. “О Франции в епоху феодализма” М. 1948 г. “Архив Маркса Иэнгельса”, стр. 300-302.
4. С.Д. Сказкина “Хрестоматия по истории средних векав” П. 1950 г.
4 апта
№12 Сабақтың тақырыбы:
Ерте орта ғасырлардың аяғындағы Батыс Еуропа
1.0 балл
Тест тапсырмалары:
1. Князь Святослав Византия-Болгар шайқасында Балканға неше рет жорық жасайды.
а). 2 рет
ә). 1 рет
б). 5 рет
в). 6 рет
г). 10 рет
2.. Святослав болгарлармен қай жылдар аралығында одақтасады.
а). 969-970 ж.ж
ә). 960-970 ж
б). 959-970 жж
в). 950-970 жж
г). 967-970 жж
3. IX-XI ғ.ғ. Франциядан Каролинг мемлекеті қай жылы ыдырайды.
а). 843 ж.ж.
ә). 822 ж
б). 840 ж
в). 837 ж
г). 820 ж
4. 987 ж. ақсүйек және дін феодалдары “Францияның ұлы герцогы” деп кімді король етіп сайлады.
а). Робертин Гуго Капетті
ә). ХІІ Людовик
б). І Карл
в). Ү Карл
г). Юстиниан
5. Германияда шіркеулік папаның көптеген саясатымен іске асып қай жылдар аралығында ІҮ Генрихтен кейін оның ұлы Ү Генрих таққа отырады.
а) 1106-1122 жж
ә) 1006-1116 жж
б) 989-1006 жж
в) 1015-1108 жж
г) 1105-1120 жж
6. 1016-1035 жылдар аралығында Англия, Дания, Норвегия мемлекеттерін бір ғана кароль биледі ол кім.
а) Кнут
ә) ХІІ Людовик
б). І Карл
в). Ү Карл
г). Юстиниан
7. Германия мен Франция корольдігінен Латорингия мемлекеті бөлініп шығып 925 ж қай мемлекеттің қол астына енеді.
а) Германия
ә) Италия
б) Византия
в) Скандинавия
г) Португалия
5 апта
№13 Сабақтың тақыры:
Батыс Еуропадағы шіркеу және оның ұйымдары.
Сабақтың жоспары:
1. Шіркеудің бөлінуі.
2. Григориан реформасы.
3. Инквизиция.
4. Ұлы Схизма.
Теориялық мәліметтер
Орта ғасырлық феодалдық-шіркеулік көзқарасты негізін IV ғ.ғ. және V ғ.ғ. арасында христиан дінінің ірі идиологы-Гиппон епископы Августин салып берді. Никея мен Константинополь шіркеу соборларын 325-381 жылдары негізінен орныққан христиан дінінің догматтық қағидаларына өз ілімін қосты. Аврелий Августин (354-430 ж.ж.) басында пұтқа табынған, кейін христиан дінін қабылдап, өмірінің 35 жыл бойы Гиппонда (Солтүстік Африкада) қпископ болды.Ол әртүрлі еретиктер ағымына қарсы мейрімсіз күрес жүргізді, жекменшік правоны догматты түрде негіздеді, бай және кедей болу “құдайдың қолында” деп. жариялады. Август дүние жүзінің тарихына христиандық діннің ұғымын жасап, шіркеуді ашты. Өз міндетіне христиан діннің сенім-нанымдарын тарату, ересьтерді тамырымен жою, “Жан-шайтандардың патшалығын” құртамын деп., христиан еместерді жын-шайтанның құрбаны болып және Август христиан дінін шіркеуге тәубе етуді мәжбүрледі. Шіркеу дін басыларымен дінге сиынғандарды насихатты догматтық түрде негіздеді.
529 жылы шамамен Бенедикт Нурсийский негіздеген Италиядағы Монтекассинодағы монастырь тұңғыш рет монах ордені- бенедиктішілер ордені құрылды. Монахтардың байлығы және шіркеуге қызметкерлердің жер иеліктері болды. Олар төменгі тап сверлерді қанап отырды, қр мемлекетте олар жердің үштен- бір бөлігін иелік етіп отырды. Монахтар мен шіркеу қызметкерлерінің өздерінің реформаларын жаңғыртып, IX-XVII ғ.ғ. аралығында бертін келе билік басындағы корольде осы шіркеудегі папаға тәуелді болды.
Шіркеу жылдан-жылға күшейді, оларды алғашқы орта ғасырда батыста да шығыста да “приход” священнигі басқарды. Кейін келе олар одақтасуы арқасында Батыста-архиепископ, Шығыста-митрополит деп аталды. Шығыста V ғ.ғ. шіркеу бірлестіктері “патриарлық” пайда болды, батыста патриарлық тең дқрежеде Рим епископы- папаны танылды. Шіркеуді басқаруда епископтар сьездерінде белгілі бірнеше рповинциялық епископтар жиналып, “собор” немесе “әлемдік” деп аталатын барлық елдегі епископтар жиналатын соборлар болды. Византия император шақыруымен IX ғасырға дейін шіркеулік соборларда догматика, шіркеу ұйымдарының мәселелері шешілді.
ІҮғ. аяғы мен V ғ.ғ. басында ең алғашқы Рим епископтары өздерін “папа” деп атап, өздері шіркеу басшысымын деп өз рпавалары болды.V ғ.ғ. жқне VI ғ.ғ. Римде тұңғыш папа Петр болған деседі, Христос аңыз бойынша “Сен Петр( грекше-тас), мен сол тас үстінде өз шіркеуімді құрамын деген екен. Папа қол астындағы жерлер “әулие Петрдің вотчинасы” ретінде, өз жерлерін сеньоры ретінде пайдаланды.VI ғ.ғ.Папа I Григорий (590-604 ж.ж.) тұңғыш рет біз құлдардың-құлымыз, ешқандай әлемдік патриарх титулының правосы жоқ деп жариялады Ұлы Карл тұсында халықтың төлейтін салығын шіркеулік арқылы жүзеге асырды. VIII ғ.ғ. мен IX ғ.ғ. аралықта паплардың мемлекеттік құрылуымен оның беделі Каролингтердің қолдауымен күшейе түсті.
Шіркеу өзінің ересьтер күрестерінде, елді кезіп бүлікшілер өз монахтары емес деп, ересьтерді іздеп тауып, оларды тергеу үшін система- инквизиция құрды. (инквизиция-латынша тіркеу ұғымынан шыққан) 1231-1231 жылдары инквизиция тікелей папаға басқарды. Бұл істі бақылай отырып, олардың өсек тасығандар мен олардың жалған уағыздауларын құпия жүзінде ұстады. Инквизиторлармен тыңшылар жалдап, оларға сотталғандардың жері мен мүлкін кәмпескелеу кезінде сол мүліктің бір бөлігін беріп отырды. Инквизиция құрбандарын халық арасында отқа өртеп отырды. Инквизиторлар мен тыңшыларды Испания, Германия, Францияда халық арасында таяққа жығып өлгендерде бар, бірақ шіркеудегілер оның орнына жаңадан адамдар қойып отырды. Инквизиция құрбандары көбінесе- ғалымдар, философтар мен шіркеуге қарсы шыққандар болатын.
XIV ғ.ғ. аяғы XV ғ.ғ. басында шіркеу құлдырауда болды, феодалдық Еуропаның тарихының дамуында орта ғасырлық папаның әлсіреу үстінде болды.
Пайдаланылған әдебиеттер:
1.Барг М.А.”Епоха и идей” М. 1987 г.
2. Гутнова Е.В. ”Историография истории срених векав” М. 1985 г.
1. Шервуд Е.А. “Законы лангобардов” М. 1992 г.
2. История средних векав. В 2-х т. М. 2001г.
3. Энгельс Ф. “О Франции в епоху феодализма” М. 1948 г. “Архив Маркса Иэнгельса”, стр. 300-302.
4. С.Д. Сказкина “Хрестоматия по истории средних векав” П. 1950 г.
5 апта
№14 Сабақтың тақыры:
Батыс Еуропадағы шіркеу және оның ұйымдары.
4.0 балл
Тест тапсырмалары:
1. Орта ғасырлық феодалдық-шіркеу көзқарасты негізінен Гипон епископы Августин қай ғасыларда салып кеткен
а) ІҮ-Ү ғғ
ә) ІХ- ХІ ғғ
б) ХІ-ХІІ ғғ
в) ІҮ-ҮІ ғғ
г) ХІ-ХІІІ ғғ
2. Христиан дінінің ірі идеологы.
а) Гипон епископы Августин
ә) Ян Гус
б) Ү Карл
в) Людовик
г) Маргарита
3. Христиан діннің ұғымын жасап, шіркеуді ашқан.
а) Авгус
ә) Ян Гус
б) Ү Карл
в) Людовик
г) Маргарита
4. ІХ ғ пап І Николай тұсында қай жыдары батыс және шығыс шіркеу арасында қақтығыстар болды.
а) 858-867 жж
ә) 852-860 жж
б) 845-861 жж
в) 841-858 ж
г) 842-866 жж
5. Польша, Чехия Моравия христиан дінін қай жылы қабылдады.
а) 966 ж
ә) 600 ж
б) 960 ж
в) 958 ж
г) 946 ж
6. Киевке қай жылы папа миссиясы келеді.
а) 960 ж
ә) 658 ж
б) 954 ж
в) 936 ж
г) 948 ж
7. Папа кімді қарғыс атсын деп елден азғырды.
а) ІХ Лев
ә) Ян Гус
б) Ү Карл
в) Людовик
г) Маргарита
8. Орта ғасырлардағы феодалдық шіркеулердің негізін қалаған IV-V ғ ара қатынасында християн дінінің негізін қалаған гипон эпископы-
а) Августин
ә) Бенедик
б) IV Карл
в) Оьлф харлдьсон
г) Кнут
9. Шіркеуді шығыста кімдер басқардық
а) свегияниктер
ә) шаруалар
б) шонжарлар
в) ақсүйектер
г) патша қолбасшылары
10. Киев княздығы Владимир Святославич қандай дінді қабылдаған
а) Христиан
ә) Ислам
б) Шаманизм
в) Будизм
г) Белгісіз
11. 966 жылы Польша, Чехия мен Моравия қандай дінді қабылдаған.
а) Христиан
ә) Ислам
б) Шаманизм
в) Будизм
г) Белгісіз
Достарыңызбен бөлісу: |