Қазақстан республикасы бiлiм және ғылым министрлiгi


Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ Хабаршысы



Pdf көрінісі
бет595/615
Дата30.11.2022
өлшемі5.79 Mb.
#466096
1   ...   591   592   593   594   595   596   597   598   ...   615
3-106-2015-2-chast

Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ Хабаршысы
496
- әркімнің қоғамды жаңартуға, демократизация процесіне қатысы мен жауапкершілігін саналы 
тұрғыда сезінуді қамтамасыз ететін азаматтық және өнегелік-саяси позициясы. Қазақстандық 
патриотизм жалпыадамзаттық гуманистік идеалдар, ұлттық дәстүрлер мен рухани мәдениетті қайта 
жаңғырту арқылы айқындалады. Шынайы қазақстандық патриотизм нағыз іс жүзіндегі азаматтық 
позиция болып саналады. 
Бүгінгі жаңа демократиялық қоғамда ұлтаралық толеранттылық пен ұлтаралық қатынас 
мәдениетін қалыптастырудың негізі ретінде қоғамда нағыз ұлттық патриотизмді және шынайы 
қазақстандық патриотизмді дамытудың тиімді әрі ұтымды жолдарын айқындау еліміздегі бейбіт 
келісім мен жастардың жарқын болашағының бірден бір кепілі болады. Осы ойымызды Ел 
Президенті Н.Ә.Назарбаевтың ойымен бекітіп айтсақ, «Қандай да бір ұлттың құқығын қорғауға 
идеялық ұмтылыстан, оны қалай кемсітілуін көрсетуге тырысу әрекетінен көп ретте ұлтшылдық 
лебі еседі. Осы негізде туған патриотизм тез арада патриоттық айғайға, ал содан кейін ұлтшыл-
патриотизмге көшеді... Мұның бәрі дұшпанды ең алдымен басқа ұлт өкілдерінен іздестіруімен 
ушығады» [9]. Жалған патриотизмнің белгісін айқындап отырған бұл ойды талдай келе, шынайы
патриотизм мен ұлтаралық толеранттылықтың мәнін терең ұғындырудың және оны жастар бойында 
қалыптастырудың бағыт-бағдарлары мен принциптерін методологиялық деңгейде дұрыс айқындау 
қажеттігін түсінеміз.
Ұлттық патриотизм ұлтаралық толеранттылықпен өзара тығыз байланыста дамиды. 
Ұлтаралық толеранттылық белгілі бір ұлттың бойындағы өзге ұлттарға қатысты сезімдік-
эмоционалдық, дүниетанымдық және мінез-құлықтық элементтерді қамтиды. Біздің түсінігіміз 
бойынша, біріншіден, ұлтаралық толеранттылық үнемі дамып отыратын процесс, ол өзге ұлттарға 
деген сезімдерден құралады, сонымен бірге өзге мәдениеттер, тілдер туралы білімдердің, 
ақпараттық түсініктердің жиынтығы. Екіншіден, ұлтаралық толеранттылық құбылыс ретінде жай 
ғана төзімділік қатынасқа қарағанда анағұрлым кең мағынаға ие. Латын тіліндегі терминмен аталып 
жүрген бұл феноменнің мағынасын, жай ғана төзімділік қатынастан басқа, өзге ұлттарға құрмет 
көрсету, ұлтаралық мәселелерді мүдделердің тепе-теңдігі негізінде шешу барысында көрінетін 
жалпыадамзаттық мораль принциптері айқындайды. 
Ұлтаралық толеранттылық ұлттар арасындағы қарым-қатынас, өзара түсіністік, бір-
біріне деген құрмет және сүйспеншілік негізінде ұлтаралық қарым-қатынас мәдениетінің 
көрінісі ретінде айқындалады. Ұлтаралық қарым-қатынас мәдениеті ұлттық патриотизм мен 
ұлтаралық толеранттылықтың диалектикалық өзара ықпалдастығының негізінде біріктіруші және 
қалыптастырушы құбылыс болып көрінеді. Арнайы жасалған тарихи-ғылыми талдаулар ұлттық 
патриотизм мен ұлтаралық толеранттылық өзара бір-бірімен қарама-қайшылықта болса, ұлтаралық 
қарым-қатынас мәдениеті деңгейінің төмендейтінін көрсетеді. Кері жағдайда, яғни ұлттық 
патриотизм мен ұлтаралық толеранттылық бір-бірімен өзара тығыз байланыста болса, ұлтаралық 
қарым-қатынас мәдениеті жоғарғы деңгейде дамиды. 
Жоғарыда көрсетіп отырғанымыздай, ұлтаралық қарым-қатынас мәдениеті ұлттық патриоттылық 
пен өзге ұлттарға деген төзімділік қатынастың тоғысында, шекарасында айқындалады. Кез келген 
адам өз мәдени ұстанымдары мен құндылықтарын ұғына және қабылдай отыра, өзгенің де 
құндылықтарын ұғынған жағдайда ғана мәдениетті болады.
Сонымен, біз ұлтаралық қарым-қатынас мәдениетін рухани мәдениеттің ажырамас бөлігі ретінде, 
бір жағынан, өз халқының тарихын, мәдениетін, тілін білумен және құрметтеумен, екінші жағынан, 
білімі мен оң ниетті мінез-құлықтық ұстанымдары арқылы көрінетін өзге халықтардың ұлттық-
мәдени құндылықтарына деген төзімді және дұрыс қатынаспен айқындалатын дүниетанымдық 
құндылықтар жиынтығы ретінде анықтаймыз. 
Жастарды патриоттық рухта тәрбиелеу оқу процесі арқылы жүзеге асады. Ұлттық сананың 
және тарихи өткенге, ұлттық рухани құндылықтарға деген қызығушылықтың күрт өсуі нақты бір 
идеологияның, дүниеге деген көзқарас ұстанымының анықталмағандығынан ұлттық өзгешелікті 
дәріптеуге негізделген жалған патриотизмды тудыруы мүмкін. Мұндай жағдайды болдырмау 
мақсатында ұлтаралық қарым-қатынас мәдениетін жоғарғы деңгейде қалыптастырып, өзге халықтар 
мен ұлттарға, олардың тарихына тіліне, дәстүрлеріне деген құрметті барынша тәрбиелеу қажет.
Ұлттық сана мен ұлттық патриотизмді қалыптастыру процесі күрделі әрі көпқырлы болып 
келеді. Ол үшін ғылыми негізделген, жүйеленген тәрбие жұмысын жүргізу керек. Бұл, біріншіден, 
жастардың спецификалық әлеуметтік-демографиялық топ ретінде ұрпақтар сабақтастығы 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   591   592   593   594   595   596   597   598   ...   615




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет