Қазақстан республикасы бiлiм және ғылым министрлiгi



Pdf көрінісі
бет592/615
Дата30.11.2022
өлшемі5.79 Mb.
#466096
1   ...   588   589   590   591   592   593   594   595   ...   615
3-106-2015-2-chast

А.САЙЛАУБЕК ҚЫЗЫ
Л.Н. Гумилев атындағы PhD докторанты
ҰЛТТЫҚ САНА МӘСЕЛЕСІ: ПАТРИОТИЗМ ЖӘНЕ ТОЛЕРАНТТЫЛЫҚ
Мақалада автор ұлттық сананың айқындаушы белгілері мен компоненттерін, атқаратын қызметтерін 
көрсетеді. Ұлттық сананың қалыптасуында патриотттық сезім мен ұлтаралық толеранттылық маңызды 
роль атқарады. Сондай-ақ, автор ұлттық сана мен патриотизмді, толеранттылық пен ұлтаралық 
қатынас мәдениетін қалыптастыруда білім берудің орнын анықтайды.
Түйін сөздер: рухани құндылық, ұлттық сана, ұлтжандылық, толеранттылық, этномәдени тұтастық, 
ұлттық мүдде, ұлттық идея.
Қазақ елі егемендікке қол жеткізіп, дүниежүзілік өркениетті қауымдастыққа дербес мемлекет 
ретінде қадам басқан бүгінгі таңда ұлттық өзіндік сананың көтерілуіне ықпалын тигізетін рухани 
байлықтарымызға жаңаша көзқарас тұрғысынан ой бойлату – ұлттың өзін-өзі тануы үшін қажет. 
Ұлт тәуелсіздігінің, ұлттық мемлекеттіліктің қалыптасуы ұлттық сананың дұрыс қалыптасуымен 
тығыз байланысты екендігі санғасырлық тарихи тәжірибе арқылы дәлелденген. Ұлттық сананың 
қалыптасуына және оның дамуына екі тұрғыдан қарауға болады: біріншісі – сезімдік-түйсіктік, 
екіншісі – саналы-теориялық. Біріншісі өз елін, ұлтын сыйлайтын, сүйетін алғашқы ыстық сезімнен 
туса, екіншісі елінің, ұлтының өткенін, қазіргісін, келешегін толық біліп, халық тағдырына, ұлт 
мәселелеріне мемлекеттік, ұлттық теориялық бағыт-бағдарлама тұрғысынан қарап, аңғару арқылы 
болатын саналы ойдан туады. Ұлттық сана әрбір ұлттың өзін ұлт ретінде тануы және әрбір ұлттың 
өзге ұлттар арасындағы өз орнын түсінуі деп анықтаймыз. 
Қазіргі ғаламдық даму барысында көптеген этносаяси қауымдастықтардың және этносаралық 
қатынастардың, әртүрлі халықтар мен ұлттардың өзіндік санасының дамуында ауқымды және 
көпбағытты процестер жүріп жатыр. Индустриалды және постиндустриалды қоғамда өмір сүріп 
жатқан көптеген ұлттардың өзіндік санасының даму аясында болып жатқан өзгерістерге деген 
қызығушылығы жаһандану барысындағы өзара кірігу мен ынтымақтасу үрдістерінің қарқынды 
өрбуінен туындап отыр. Бұл жағдай ұлттар мен халықтардың өзіндік өмір сүру тәсілін, ұлттық 
болмысы мен төлтумалығын, мәдени дәстүрлері мен рухани құндылықтарын сақтап қалуға деген 
талпынысынан кең көрінісін табуда десек артық болмас. 
Бүгінгі қоғамдық өмірдегі ұлттық факторлардың маңыздылығының артуы оның шынайы 
мазмұнын, ұлттық сананың мәні мен қалыптасу мәселелерін зерттеуді одан әрі өзектендіре түседі. 
Осы мәселенің терең және дер кезінде шешілуі ұлттар (этностар) мен мемлекеттердің тағдырының 
шешілуіне де зор ықпалын тигізер еді. Әсіресе бұл мәселе бүгінгі күні көптеген ұлттар мен 
халықтарды, мәдниеттер мен конфессияларды біріктіріп отырған қазақстандық қоғам үшін аса 
маңызды әрі өзекті. 
Қазақстан – қазақ ұлты мен жүздеген өзге ұлт өкілдерін біріктіріп отырған іргелі ел. Бұл жағдай 
қазақ ұлтына республикадағы басқа да ұлттар мен халықтардың тағдырына жауапкершілік жүгін 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   588   589   590   591   592   593   594   595   ...   615




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет