Қазақстан республикасы бiлiм және ғылым министрлiгi


Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ Хабаршысы



Pdf көрінісі
бет593/615
Дата30.11.2022
өлшемі5.79 Mb.
#466096
1   ...   589   590   591   592   593   594   595   596   ...   615
3-106-2015-2-chast

Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ Хабаршысы
494
артып отыр. Осыған орай Ел Президенті Н.Ә.Назарбаев «Қазақстанның егеменді мемлекет ретінде 
қалыптасуы мен дамуының стратегиясында» «Қазақстан егемендігі күрделі этносаяси және 
құқықтық табиғатымен ерекшеленеді. Ол өз ұлттық тамырлары мен дәстүрлеріне қайта оралып келе 
жатқан қазақ халқының егемендігі (жетекші звено ретінде) мен біртұтас этносаяси қауымдастық 
ретінде барлық қазақстандық халықтардың егемендігінің өзіндік ерекше синтезінен құралған»,- 
деп атап көрсетті [1].
Ұлттық сананың қалыптасуы, бір жағынан, адамзат қауымының біртұтас қоғамдық табиғатымен, 
екінші жағынан – ұлттардың өмір сүру тәсілдерінің, әлеуметтік-саяси үрдістерінің ұқсастығымен 
және тұтастығымен анықталады. Ұлттық сананың мазмұны ұлттың өзін тұтас этномәдени қауым 
ретінде ұғынуымен анықталады. 
Этномәдени тұтастық және ұлттық сана өзге ұлттармен қарым-қатынас негізінде туындайды.
Л.Н.Гумилев этнос «өзін өзге барлық ұжымдарға қарсы қоятын (біз және «біз емес»), өзінің ерекше 
ішкі құрылымы және мінез-құлықтың өзіндік қайталанбас стереотипі бар белгілі бір адамдар 
қауымдастығы...» дей келе, этностың өмір сүруінің міндетті шарттарының бірі ұлтты өзге ұлттардан 
жеке дараландыратын әлеуметтік құрылым мен мәдени дәстүрлердің даму деңгейі екенін анықтап 
береді [2]. 
Француз ағартушысы Ж.Ренан ұлттық сананы тудырушы рухани құбылыстардың негізгі 
белгілерін терең қарастырып, “Ұлт өзара ықпалдастықтың тарихи терең қатпарларынан туындайтын 
рухани жанұя... Ұлттың өзі рух болып табылады”,- деп жазды. Оның ойынша, екі жағдай – еске 
алу, тарихи жады және ортақ келісім, бірлікте өмір сүруге талпыныс ұлтты құрайды. Ол ұлт өткен 
батырлық кезеңді, ұлы адамдарды, халық даңқын еске алумен және халықтың тарихи қасіретімен 
ортақтастықта өмір сүреді, ал ұлттық мүдде соның басты белгісі деп бекітті [3]. 
Ұлттық сана – ұлттық құндылықтырды ұстанған тұлғаның өзін белгілі бір ұлттың өкілі ретінде, 
ұлттық «мендігін», өз тарихын, мәдениеті мен дәстүрін, мінез-құлық ережелерін өнегелік - 
эмоциялық тұрғыда сезінуі. Ұлттық сананың құрылымына әрбір ұлттың өзін ұлт ретінде танып 
білуі және ұлтаралық қатынастар жүйесінде өз орнын ерекше сезінуі, «Отан» деген түсінікті 
беретін қоғамдық - саяси құндылықтары, сондай-ақ ұлттық стереотип, мәдениет, тіл, дәстүр, 
тарихи естелік секілді бүтіндей бір кешен енеді. Бұның барлығы жиынтықталған түрде ұлттық 
сананың айқындаушы факторы ұлттық мүддені құрайды. Ұлттық мүддені қорғау және ұлттық 
құндылықтарды сақтау ұлттық сананың негізгі көрсеткіштерінің бірі. 
Ұлттық сананың атқаратын негізгі функциялары – қорғану, танымдық, бейімделу, жауапкершілік, 
тәрбиелік және біріктірушілік. Ұлттық сана тұлғаның әлеуметтік-психологиялық болмыс бітімінде 
ерекше орын ала отырып, мазмұны жағынан өзінің өнегелілік императиві және тәрбиелік қарымы 
арқылы анықталады. Ұлттық сана-сезім адамдардың өмірінде әлеуметтік, ұлттық мінез-құлықтың 
қалыптасуына ықпал етеді. Бұл жерде ұлттық сананың тәрбиелік функциясы маңызды роль 
атқарады. Әйгілі орыс ойшылы Н.Бердяев шынайы ұлттық сананы ұлттың тарихты сақтау, өткенді 
қайта жаңғырту күшін бекітетін терең сезім деп сипаттады. “Ұлттық сана ... біздің аталарымыз бен 
әкелерімізді, ата-бабаларымызды біздің өзіміздей, өз болашақ ұрпағымыз сияқты тірідей мойындау. 
Ұлт өмірі, ұлттық өмір ата-бабаларымызбен байланыс және олардың тағылымына деген құрмет 
болып табылады. Ұлттылықта әр уақытта дәстүрлілік бар”,- деді [4].
Ұлттық тілді, дәстүрлер мен әдет-ғұрыптарды, ұлттық этика мен өнегелік ережелерді, тарихты 
және мәдени мұраларды игеру ұлттық сананың танымдық компоненттерін құрайды. Сонымен 
қатар танымдық компонент ретінде тұлғаның ұлттық мүддесін, ұлттық-мәдени қажеттіліктерін 
де атап көрсетеміз. Аталған компоненттердің ішінде ұлттық сананың қалыптасуында ерекше 
рольді тіл атақарады. Тіл кез келген халықтың рухани мәдениетінің бірден-бір ажырамас бөлігі. 
Ұлттық рухани құндылықтар, тәртіп үлгілері мен өнегелік ережелер санада тіл арқылы бекітіледі.
Туған тілдің жоғалуы ұлттың да жоғалуымен пара-пар. Ұлттық сананың өнегелілік-эмоционалдық 
компоненті сезім арқылы қабылданады. Оған біз ұлттық сезім, ерік-жігер, түсініктерді жатқызамыз. 
Ұлттық сана-сезімнің мінез-құлықтық компоненті – тұлғаның ұлттық ұстанымдары мен дағдылары, 
стереотиптік іс-қимылдары мен әрекеттері, нақты бір ұлттың өкілі ретінде тұлғаның өз қызметтерін 
жүзеге асыруға психологиялық дайындығы. 
Этномәдени тұтастықты және ұлттық мүддені айқындау жолында ұлтшылдық пен ұлтжандылық 
сезімінің ара жігін аша білу қажет екенін ерекше атап көрсеткен жөн. Нағыз ұлтжанды адам 
өзінің ұлттық құндылықтарын құрметтеп, ұлтының мүддесін қорғай алатын, сонымен бірге өзге 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   589   590   591   592   593   594   595   596   ...   615




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет