Пән бойынша оқу жүктемесі:
Типтік оқу жоспары бойынша «Дене шынықтыру» оқу пәніне аптасына 3 сағат, жылына 102 сағат бөлінеді.
5 сынып – аптасына 3 сағат, жылына 102 сағат.
6 сынып – аптасына 3 сағат, жылына 102 сағат.
7 сынып – аптасына 3 сағат, жылына 102 сағат.
8 сынып – аптасына 3 сағат, жылына 102 сағат.
9 сынып – аптасына 3 сағат, жылына 102 сағат.
Оқу пәні мазмұнының вариативті бөлігі дене дамуында жетіспеушілігі бар балалар үшін сауықтыру дене шынықтыруымен және оқушылар мен ата-аналардың сұранысы мен қызығушылығын есептей отырып, спорт түрімен шұғылдану.
ІІ ОҚУ ПӘНІНІҢ БАЗАЛЫҚ МАЗМҰНЫ
5 сынып
(барлығы 102 сағат, аптасына 3 сағат)
Теориялық мәлімет
Дене тәрбиесі. Дене дамуы. Дене тәрбиесі және оның адамның дене бітімін жетіддіруге мақсатты бағытталуы. Дене тәрбиесінің эстетикалық және сауықтыру қызметі. Мектептегі дене тәрбиесі сабағының тазалық және ұйымдастырушылық негіздері.
Жеңіл атлетика
Жүгіру. Қысқа қашықтыққа жүгіру, екпінмен ұзындыққа секіру техникалық дағдыларын орнықтыруға бағытталған арнайы дене жаттығулары, ең жоғарғы жылдамдықпен 30-60 м қашықтыққа жүгіру.
Жүгіру, 3-5 минут аралығында орташа шапшаңдықпен жүгіру, 400 м қашықтыққа (уақытын есептеу) жүгіру.
Ұзындыққа секіру. Екпін алып, орнында түрып, нәтижесін есептемей екпін алып, серпілетін аяқтың тірек реакциясын ескере екпінмен үзындыққа секіру, техникалық дағдыларды қалыптастыруға бағытталған арнайы дене жаттығулары.
Биіктікке секіру. Биіктікке секіруде адымдау тәсілімен екпін алу, серпілу және жерге түсу техникалық дағдыларын қалыптастыруға бағытталған арнайы дене жаттығулары. 5-6 адымнан екпін алып биіктікке секіруді орындау (биіктігі 50-60 см).
Лақтыру. Алысқа жөне нысанаға лақтыру дағдысын орнықтыруға бағытталған арнайы дене жаттығулары. 10-15 м арақашықтықтан аз салмақты допты алысқа және нысанаға лақтыру. Жүгіру, ұзындыққа секіру, көп қайтара қарғулар, допты нысанаға лақтыру элементтері бар эстафеталар мен ойындар.
Достарыңызбен бөлісу: |