Спорттық ойындар
Баскетбол. Дағдылардың бекуі мен қалыптасуына бағытталған арнайы дене жаттығулары: жүгіру, жүру, секіру техникалары (белгі бойынша тоқтап, бағыты мен жылдамдығын өзгерте жүгіру).
Дағдылар: бір адым жасап екі қолмен кеудесінен допты беру және ұстау; біресе оң, біресе сол қолмен ауыстыра допты жүргізу (адымдай және ақырын жүгіре), орнынан екі қолмен торға доп салу.
Волейбол. Дағдының бекуі мен қалыптасуына бағытталған арнайы дене жаттығулары: алаңда ауысу техникасы, дағдылары. Ойынның түрысы: түрған қалыптан оңға, сол-ға, аддыға, артқа қарай ауысулар; жартылай отырған қалып-тан жоғары секіру; орнынан допты беру және тосу; жоға-рыдан допты екі қолмен тосу, тордан 2-3 м қашықтықтан допты беру, жеңілдетілген ереже бойынша волейбол ойынын ойнау.
Футбол. Дағдының қалыптасуы мен нығаюына бағытталған арнайы дене жаттығулары: алаңда ауысу және жүгіру, допты соғу техникасы.
Дағдылары: аяқтың орта шенімен, табанның ішкі жағымен жатқан допты соғу, қарсыласына допты жіберу, допты тоқтату, алу, қарсы алу (әріптестердің арақашықтығы 5-6 м.). Доға жасап және түзу сызықпен ақырын шапшаңдықта жүгіріп, допты жүргізу (арақашықтық 5-6 м.)
Қол добы. Екі қолмен допты ұстау, ақырын шапшаңдықта жүгіріп, допты ауыстыра допты алып жүру, секіру арқылы тосқауыл қою. Қақпашының қимыл әрекет дағдысы (қақпа маңайыңдағы ауысулар; екі; бір қолмен допты тойтару).
Гимнастика. Саптық жаттығулар және саптағы қозғалыста орындалатын жаттығулар. Жүрудің әр түрлілігі: саптық, аяқтың ұшымен, окшемен, тізені котере, жартылай отыра жүру. Қайта сап түзеу: бір лектен екі лекке (орнында); екі лектен бір лекке (спорт залды айнала жүгіру); алдыға қолын соза қашықтықта лекті ажырату (орнында және қозғалыста).
Жалпы дамыту жаттығулары. Саппен жүріп келе жатып орындалатын жаттығулар: иық белдеуі және жамбас, сонымен қатар, табан мен сирақ буындарының қимылын дамыту, тыныс алу мен қан айналымын нығайту; дұрыс мүсінді қалыптастыруға мүмкіндік беретін, тепе-теңдікті нығайтатын, белсенді көңіл-күйге, денені босаңсытуға арналған жаттығулар.
Төсеніште құралсыз орындалатын жалпы дамыту жаттығулары: дененің негізгі бөліктерінің бұлшық еттерін нығайту жаттығулары, қимылдың үйлесімділігін дамытатын, сонымен қатар, дененің тізе, табан бөліктерінің иілгіштігінің дамуына, денені босаңсытуға және тыныс алу қимылдарын үйлестіруге арналған жаттығулар.
Акроботика. Жартылай отырып секіргіштен секіру, толық отырып секіру, серігінің көмегімен қолмен жүру. Күшке арналған жаттығулар: жерге жатып қолды бүгіп, жазу, алдыға және артқа; жиналып тоңқалаң асу: жауырында тұру; статикалық элементтердің жеңілдетілген түрлері: көпір, шатқа отыру, қарлығаш болып тұру. Акробатикалық элементтері бар эстафеталар мен ойындар.
Орта биіктіктегі белтемірге (ұлдар) іліне тұра, біреуімен серпіле екіншісінен жұлқи көтеріліп аударыла тірелу. Тірелуден оңға бұрыла сілтей – сырықтан сол жағымен қарғып түсу.
Әр – түрлі биіктіктегі сырық – төменгі сырғауыл (қыздар). Іліне тік тұрып біреуімен сілтей, екіншімен жұлқи көтеріле, аударыла тірелу. Тірелуден сол аяқпен сілтей, сырықтан сол жағымен қарғып түсу.
Достарыңызбен бөлісу: |