Мегежіннің жыныс циклы. Мегежін полициклды мал, оның жыныс циклының ұзақтығы 20-21 күн. Оны жақсы күтіп қабанмен күнде ынталандырса торайлағаннан кейін бір айдын ішінде қозу сатысының белгілері пайда болады. Азықтандыру мен күту кезінде қателіктер жіберілсе аналықтардың жыныс циклдары торайларынан айғырғаннан кейін ғана пайда болады.
Мегежіндерде қозу сатысы синхронды (күйлеу, жыныс қозуы және күйіт бірінен кейін бірі 24 сағат ішінде пайда болады) және асинхронды (кейбір феномендердің көріну аралықтары 24 сағаттан 177 сағатқа дейін созылады) болады. Асинхронды жыныс циклы көбіне жазда байқалады (Н.П. Малинкин).
Күйлеу сарпайдың ісінуі және қызаруымен, қынап кірберісінің кілегей қабықтарының гиперемиясымен, кейде кілегей бөлінуімен сипатталады. Жалпы реакциясы тынышсызданумен, тәбетінің төмендеуімен басқа аналықтарға секіруге тырысуымен көрінеді. Жас мегежіндерде күйіт орта есеппен 40 сағат, ал негізгі мегежіндерде 50 сағатқа созылады. Осы уақытта мегежін аталыққа ұмтылып, оны өзіне секіруге жібереді.
Овуляция көбіне күйіт белгілері байқалуының екінші күнінде өтеді де, әдетте 24-48 сағат ішінде аяқталады: И.Г. Питкяниннің мәліметтері бойынша жас мегежіндерде 1-3 сағат ішінде өтеді, ал А.П. Студенцов бойынша осы процесс сегіз күнге дейін созылуы мүмкін.
Інгеннің жыныс циклы. Іңгендердің жыныс циклының толығымен анықталмаған. Інгендерді жыныс мерзімі географиялық жағдайларға байланысты шілдеге дейін өтетін полициклды малдарға жатқызады. Осы мезгілде аталықтарда да жыныстық потенциал пайда болады. Жыныс маусымы кезінде бураларда қатты қозу байқалып мінездері өзгереді. Олар басқа малдармен, адамдарға қауіп туғызады. Шілдеде жыныс маусымы аяқталады: аталықтардың жыныс потенциясы тоқталады (маусымдық импотенция). Төлдеуден кейінгі басталған бірінші қозу сатысы ең ұзақ. Оның мерзімі ыстық туысымен азаяды. Ұрықтану процесі болмаса жыныс циклдары 9-65 күннен кейін қайталанады. Күйлеу 15-65 күнге созылады. Овуляция мерзімі белгісіз. Күйіттің соңғы кезеңінде болады деген тұжырым бар.
Күйлеу белгілері онша байқалмайды, жыныс органдарының гиперемиясы, аз мөлшерде кілегей бөлінуімен сипатталады. Ұрықтандыруға негізгі көрсеткіш болып күйіттеушімен анықтау саналады. Күйіті келмеген інген аталықтан қашады.
Достарыңызбен бөлісу: |