Ќазаќстан республикасы білім жјне єылым министрлігі



бет11/115
Дата25.09.2022
өлшемі2.58 Mb.
#461304
түріОқулық
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   115
акушерство китап

Саулықтың жыныс циклы. Саулық полициклді мал. Зональдық жағдайға байланысты айқын белгіленген маусымы тамыздан наурызға дейін созылады бұны биологиялық ерекшеліктердеп емес, климатқа байланысты бедеулік деп қарау қажет. Қоздағаннан кейін күтімі жақсы болса, саулықтың жыныс циклы бір ай ішінде пайда болады, ұрықтандыру жұмыстары дұрыс жүргізсе, онда төлдеу қарқыны тығыз болады. Климат ауа-райына және асыруына байланысты жыныс циклының маусымы өзгеруі мүмкін. Саулықтың жыныс циклы 14-19 күн, көбіне 16-17 күн аралығында байқалады. Қозу сатысы 3-6 күнге созылады. Күйлеу сарпайдың ісінуі, гиперемиясы, дымқылдануымен сипатталады. Кілегей қынапта жиналып, кейбір малдарда сыртқа ағады. Қынаптан бөлінген кілегейді микроскоп арқылы зерттегенде көп санды ядросыз эпителиальды клеткалар байқалады.
Жыныс қозуының белгілері маңыраумен, тынышсызданумен, азықтан бас тартуымен білінеді. Табындағы күйіті келген саулықтар аяқтарымен тарпиды, қошқарларға жақындауға тырысады, кейде оның артынан топпен жүреді. Күйітт уақытында жатырдың моторикасын ырғақты жиырылуы амплитудасы күшті, ал аралығы ұзақ (Н.М. Булгаков) болады.
Саулықтың күйіттеуші қошқарды 50-100 саулыққа бір күйіттеуші есебінде қолданады. Күйіттегі саулық аталықты шағылысқа жібереді. Саулықта овуляция 27-31 сағат ішінде өтеді де 30-36 сағаттан кейін аяқталады.
Ешкінің жыныс циклы. Ағымы жағынан саулықтағыдай. Ешкі полициклды мал. Жыныс қозуының белгілері саулыққа қарағанда күшті айқындалған, әсіресе күйіт мерзімі кезінде ешкіні текеден ажыратқанда қатты бақырады. Жыныс циклының ұзақтығы 18-21 күн аралығында өтеді. Қозу сатысы уақытында ешкіде бірнеше фолликулдар пісіп жетіледі. Олардың овуляциялануы бір мезгілде болмайды.
Биенің жыныс циклы. Жыныс циклының ұзақтығы орта есппен 20-21 күн. Көктем мен күз айларында жыныс циклдары ырғақты, қозу сатысының феномендері айқын түрде өтеді. Бие құлындағаннан кейін қозу сатысы бесінші күні көбіне 7-12-ші күні байқалады. Ұрықтану процесі болмағанда жыныс циклдары жыл бойы қайталанады. әдетте қозу сатысы 6-12 күнге созылады. Күйлеу бес күннен астам болады. Қынап және қынап кіреберсінің кілегей қабығының гиперемиясы байқалады, кілегей қабығының түсі қызғылт және ашық-қызғылт, кілегеймен жабылған болады. Басында кілегей жабысқан, содан кейін мөлдірленеді, сонынан күңгірттенеді.
Жатырдың жолы 2,5-3,5 см-ге ашылады, жатыр мойыны қамырлы жолақ (тәж) ретінде байқалады да пішіні қынап тұсында кішірейді. Жатыр жиырылуы төмендейді, оның мүйізі дөңгеленеді консистенциялы жұмсақ болады. Жатыр жолының ашылуына, жыныс мүшелерінің кілегей қабықтарының гиперемиялануының, бөлінген кілегей мөлшеріне байланысты күйлеудің бірінші, екінші, үшінші дәрежелерін ажыратады.
Көптеген биелерде (қозу сатысында) жыныс қозуының белгілері айқын жақсы байқалады, олар ақыруға, айғайлауға, басқа дыбыстарға өте сезімтал. Сонымен қатар тәбетінің төмендеуі, басқа биелерге жақындауға ұмтылуы, күтушілерге бағынбауы байқалады. Күйіт 2-12 күнге (жас биелер де 4-5, құлыны еміп жүрген биелерде орта жастағыларда 5-7 және кәрі биелерде 7-12 күнге) созылады. Биенің күйітін күйіттеуші айғыр арқылы анықтайды. Айғыр кісінегенде күйіті келген бие тынышсызданады, басын көтереді, құлағын дыбыс шыққан жаққа бұрады, кісінеумен жауап береді, кейде құйрығын көтеріп артқы аяқтарын талтайтады, сарпайын қозғайды аздап зәр бөледі. Айғырды көргенде осы симптомдар күшейеді, бие бір жерде тұрмайды, аталыққа жақындауға тырысады. Жақындаған айғырды бие иіскеп (оның мойыны мен басына үйкелейді) арт жағын бұрады. Сарпайдың жиырылуы күшейіп жыныс саңылауынан көп мөлшерде кілегей бөлінеді. Айғыр секіру кезінде тыныш тұрады.
Овуляция уақыты жағынан көбіне күйіт, күйлеу және жыныс қозуы феномендерімен сәйкес болады. Фолликул 9-3,5 күн ішінде пісіп жетіледі, көктем мен жазда бұл процесс қыс айларына қарағанда тез өтеді. Фолликул жетілу фазасының және овуляция уақытын тік ішек арқылы жыныс бездерін сипау арқылы (пальпациялау әдісімен) анықтайды. Биелерде фолликулдар тек овуляциялық шұңқырда ашылады. Овуляция күйттің аяғында (көбіне түнгі 2-ден таңғы 7-ге дейін) өтеді.
Қозу сатысының құрылуы. Қозу сатысының құрылу динамикасында бірнеше вариациялар кездеседі. Бір биеде жыныс циклының барлық феномендері пайда болу түрі бір мезіглде өтеді, екіншілерінде – алдымен күйлеу, содан кейін оған жыныс қозуы мен күйіттің симптомдары қосылады. Кейде кейбір феномендердің көріну аралықтары 12 күнге жетеді. Тежелу сатысы уақытында (ұзақтығы 2-8 күн) барлық жыныс қозуы және күйіт белгілері күрт, ал күйлеу белгілері біртіндеп жойылады. Қынап кіреберісін зерттегенде аз мөлшерде күңгірт кілегей анықталады. Кілегей қабығы бозарады, ақшыл-қызғылт түске ие болады, жатыр мойынының жолы жабылады, қынап бөлігі кішірейеді.
Тік ішек арқылы зерттегенде жатыр қозуы сатысынан көрі тығыз консистенциялы, оның мүйізі созыңқы, жатыр жиырылуы қалпына келген. Күйіт қайтқаннан кейін жыныс қозуының белгілері өшеді, бие салмақтанған соң тәбеті жақсарады, айғырды жолатпайды. Айғыр жақындағанда бие тынышсызданып, құлағын жымыйтып тістеуге, тебуге немесе қашып кетуге тырысады. Аналық жыныс безінде жарылған фоликулдың орнына циклдың сары денесі (буаздылық дамыған кезде буаздылықтың сары денесі) орнығады. Сондықтан аналық жыныс безі сопақша немесе дөңгелек түрге айналады.
Бірқалыптылық сатысы 4-17 күнге созылады. Күйлеу белгілері болмайды. Сарпай ұлпаларыныңр консистенциясы қатты, қынап және қынап кіреберісі бозғылт немесе сәл қызғылт, мөлдір жабысқақ кілегеймен дымқылданады. Ол қынап саңылауына конус тәрізді шығып тұрады. Тік ішек арқылы пальпациялап жатыр мойынының айқын шекарасы белгіленеді. Жатыр денесін басу жиырылумен жауап береді. Аналық жыныс безінде піскен фолликулдар болмайды. Аналық жыныс бездерінің көлемі бірдей немесе әртүрлі, пішіні дөңгелек болып келеді.
Қынаптан алған жұғынды да жатыр мойынының жанынан жақсы көрінетін ядролары бар жалпақ эпителий клеткалары мен аздыған лейкоциттер болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   115




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет