Жыныс циклының маңызы. Ұрық өміріне жатыр мен қынап ортасы, қозу сатысында жайлы әсер етеді. Кілегейдің көп бөлінуі сұйықтың қозғалысын туғызып, ұрықтардың аналық малдың жыныс жолымен жүруін жеңілдетеді. Күйлеудің, жыныстық қозудың, күйіттің және овуляцияның бір-бірімен байланысы ұрықтануға жағдай туғызады. Қанның көп келуі, жатырдың кілегейлі қабығының жуандауы, оның элементтерінің функциональдық жағдайы және де басқа өзгерістері, заң бойынша овуляция уақытымен, қозу сатысының басқа феномендерімен дәл келеді. Осы жағдайды ұрық «ұясына» дайындық деп білу керек. Егер жыныстық қатынас кезінде ұрықтану болса, онда конструктивтік процесстер әрі қарай жалғасады.
Организмдегі ұрықтың дамуы мен өсуіне байланысты және жаңа жағдайларға қалыптаса отырып, жыныстық аппарат үлкен өзгеріске ұшырайды. Пролиферативтік негіздегі құбылыс, өз бастамасын жыныстық аппаратта, қозу сатысында алып, ұрықтың пісіп жетілу мерзіміне дейінгі уақытта дамиды. Егер аналық жыныс клетка ұрықтану үрдісіне қатыспаса онда пролиферативтік процестердің өсуі /эволюция/, жыныс аппараттын ұлпалық компоненттерінің кері дамуына әкеліп соғады.
Жыныс циклының зандылығымен байланыстарын есептеу тәжірибе жағдайларында мамандарға жоспарлы түрде аналықтардан төл алуға, төлдеу уақытын реттеуге, ең бастысы шаруашылықта бедеулік пен аз төлділікті жібермеуге мүмкіншілік береді.
1.6. Әр түрлі малдардың жыныс циклдары
Сиырдың жыныс циклдары. Сиырдың жыныс циклының ұзақтығы 18-22 күн, орташа есеппен 21 күн. Сиыр полициклды малдарға жатады, дұрыс азықтандыру, асырау және пайдалану кезінде олардың жыныс циклдары жыл бойы қайталанады, бірақ көктемде қозу сатысның феномендері айқын байқалады. Төлдеуден кейін қозу сатысы 18-25 күннен кейін пайда болады. Анафродизияның (жыныс циклдарының болмауы) төлдеуден кейін 30 күннен кеш болуы бедеуліктің бір түрінің белгісі болады.
Сиырдың күйлеу феномені орта есеппен 3-5 күнге созылады. Күйлеу кезінде сиырдың сарпайы ісінген, қынап пен қынап кіреберісінің кілегейлі қабақтары қалыптан тыс қызарған. Жатыр мойыны ашық, кейде бір-екі саусақ сыяды. Жыныс еріндерінен созылмалы мөлдір кілегей бөлінеді, оның бактериостатикалық және бактериоцидты қасиеті бар. Құнажынның күйіттеушімен қатынасуы кілегейдің бактериоцидты қасиетін үш есе көбейтеді (А.И. Варганов). Күйлеудің соңында кілегей құрамын да қолданады, кейде құрамында қан болады. Қан аралас кілегей көбіне жас малдарда байқалады.
Жыныс қозуының белгілері: сиыр мазасызданады, мөңірейді, жатпайды, құйрығын көтереді, тәбеті мен сүт өнімділігі, тірі салмағы азайып, дене қызуының көрсеткіші 0,8-1,2 градусқа жоғарылайды, тыныс алуы мен тамыр соғуы жиіленеді. Гемоглобиннің қандағы саны өзгеріссіз болғанымен лейкоцитоз байқалады. Сиыр жиі зәр шығаруға биімделеді, өзге сиырларға секіреді және өзіне басқа сиырлар секіруіне қарсылық білдірмейді. Алайда көбіне мұндай сиыр бұқаны өзіне секірткізбейді. Құнажын мен сиырда күйіт 10-23 сағатқа, көптеген малдарда 13-17 сағатқа, орташа есеппен 16 сағатқа созылады (В.С. Шипилов). Қыс мезгілдерінде күйіт сәл қысқа, орташа есеппен 13,8-14,6 сағат (В.В. Храмцов, И.Н. Шевякова), кейбір ет бағытындағы сиырларда – 10 сағаттан аз болады, олардың күйіттеуші-бұқасыз байқалмай қалуы мүмкін. Бұқа жақындай бергенде сиыр оған жақындап, шағылысқа жібереді.
Овуляция сиырларда күйіт аяқталған соң (көбіне бастылғаннан кейін 28 сағат өткен соң 10-15 сағаттан кейін), көбіне (35,2%) кешкі- түнгі уақытта болады. Овуляция тік ішек арқылы аналық жыныс бездері фолликулдарының консистенциясының өзгеруіне байлансты анықталады. Күйіттің бас кезінде ол тығыз эластикалық консистенцияда, овуляция уақытында борпылдақ түрде болады. Овуляциядан кейін бұрынғы боршылдақ фолликулдың орнына кішкене үңгір жерді (аналық жыныс безі кішірейгенде) жеңіл байқауға болады.
Дұрыс азықтандыру, күту, бағу және пайладану жадайында күйлеу, жыныс қозуы және күйіт бір уақытта көрінеді. Қозу сатысының асинхронды көрінуінде күйлеу, жыныс қозуы және күйіт бір уақытта болмайды. Осы көрініс күйіттеуші болмаған жағдайда күйітті анықтау кезінде қателіктерге әкеледі, ал ол дегеніміз жасанды пайда болған бедеулікті тудырады. Тежеу сатысы 1-3 күнге созылады, ол күйіттің аяқталуы және жыныс қозуы белгілерінің әлсіреуімен сипатталады. Сиыр өндірушіге қарсылық реакциясын білдіреді. Тік ішек арқылы зерттеу жыныс безінде болған фолликулдың орнында дамып келе жатқан сары денені байқауға болады.
Бірқалаптылық сатысы 6-14 күн болады, ол жыныс органдарынан кілегей бөлінбеуімен сипатталады. Қынап және қынап кіреберісінің кілегейлі қабығы ақшыл-қызыл түсті. Малдың жалпы жағдайы әдеттегідей, өндірушіге жоламайды.
Достарыңызбен бөлісу: |