Ќазаќстан республикасы білім жјне єылым министрлігі



бет55/115
Дата25.09.2022
өлшемі2.58 Mb.
#461304
түріОқулық
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   115
акушерство китап

5.2. Туғаннан кейінгі кезең
Төлдеуден кейінгі мезгіл - туу уақытының аяқталуынан аналық малдың жыныс және басқа органдарының инволюциясы біткен уақытты төлдеуден кейінгі мезгіл деп атайды. Инволюция дегеніміз аналық малдың дене мүшелерінің қайта бастапқы қалпына келуі. Барлық малдарда туудан кейнгі уақыт жаңа буаздылықпен немесе бедеулілікпен аяқталады. Осы мерзімнің ұзақтығы малдың түрлік ерекшеліктеріне ең алдымен туудан кейнгі және буаздылық уақытындағы тіршілік жағдайларына байланысты. Ауыл шаруашылық малдарында әдеттегі өмірсүруі жағдайында туудан кейінгі уақыт 3 апта аралығында, әрі кеткенде бір айдан артық емес мерзімде аяқталады.
Туудан кейнгі мерзімде барлық организмнің қайта құру процесі өтеді. Бұл уақытта буаздылық жағдайына қарағанда бір шама малдың дене температурасы көтеріледі, тамыр жиі соғады және дем алысы, қан тамырының қысымы төмендейді. Осы барлық өзгерістер туудан кейінгі мерзімнің бірінші тәуліктерінде жүреді. Жатырдың инволюциясы оның бұлшық етінің ретракциясынан тұрады. Осы үрдіс гликогеннің көп мөлшерде пайда болуымен өтеді. Жатырдың артериальдық тамырларының саңылауы кішірейеді, олардың қабырғалары сіңіріліп дәнекер тканьмен алмастырылады.
Эндометрияның және периметрияның қатпарлары біртіндеп тегістеледі.
Туудан кейінгі мерзімнің бірінші үш тәулігінде жатыр қабырғасы жуандайды (4-5 см ірі малдарда), ал көлемі - 3 есе кішірейеді. Біраз уақыттан кейін жатыр қабырғасы қайтадан жұқарады, жатырдың созылған жалғаулары қысқарады. Жатыр бұрынғы қалпына келеді. Жатырдың кішірейуімен бірге мойынының бұлшық еттері де жиырыла бастайды. Жатыр мойыны әдетте жатырдың инволюциясы аяқталғасын жабылады.
Барлық шырыш қабығы әсіресе оның аналық плацентасының функциясын атқаратын бөлігі бұзылады, сосын жатырдан лохийлер бөлінеді. Бірінші тәуліктерде лохийлер құрамында қанның болуына байланысты қызғылт-қоңыр түсті болады, сарпайдың терісінде кеуіп олар созылмалы ағындыдан қонырлау қабықтарға айналады. Біраз уақыт өткесін лохийлер ақшыл түсті болады. Лохийлердің қызылша түрлері сарғылтқа ауысады. Барлық малдардың түрлерінде туудан кейін 12-15 тәулік өткесін созылмалы ағындының байқалуы асқынудың белгісі болып саналады.
Сарпай мен қынап туудан кейінгі мерзімнің бірінші тәуліктерінде, ал жамбас 4-5 тәуліктерден кейін бұрынғы қалыптарына түседі. Іштің пішін үйлесімі /конфигурация/ қалпына келуі бірінші 2-3 тәуліктерде байқалады. Ісіктер 5-6 тәулік ішінде тарайды.
Аналық жыныс бездерінің, жатырдың және басқа органдардың инволюциялары туудан кейінгі мерзімнің үшінші тәулігінен басталады.
Туу үрдісі әдеттегідей өтсе, онда жыныс циклының қозу сатысы уақытында басталады. Соны ескере отырып барлық ауыл шаруашылық малдарды төлдеуден кейін бірінші айда, ал қоянның аналығын типті төлдегеннен кейінгі бірінші сағаттарында ұрықтандыру керек. Төлдеуден кейін 3-4 апта өткесін қозу сатысының болмауы немесе күйіттің және жыныс циклының феномендерінің болуына қарамастан ұрықтандыру процесі нәтижесіз болса, онда ол бедеуліктік бір түрінің белгісі екендігін көрсетеді. Төлдеуден кейінгі мезгіл ағымының созылуы кезінде аналық малдың жыныс органдарына массаж жасау, күйіттеушілерді қолдану, белсенді серуенге шығару арқылы мал организмін қалыптастыру керек.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   115




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет