Буаздылық пен бедеулікті зертханалық әдістер арқылы анықтау. Ұрықтың және оның провизорлы /уақытша/ органдарынан зат алмасуы кезінде пайда болған азықтар анасының организміне түседі. Одан басқа да буаздық, зат алмасуының өзгеруімен және жаңа эндокриндік жүйесінің өзгеше жағдайымен өтеді. Осының бәрі буаздықты анықтаудың негізін құрайды.
Буаздықты анықтайтын лабораторлық тәсілдер қанды, зәрді, сүтті, гормондарды табу басқа да көрсеткіштерді зерттеуден тұрады.
Буаздықты және бедеулікті анықтауға ұсынған көпшілік реакциялар (зәр және басқалары) 10-20% кейде одан да көп қателік жібереді. Сондықтан оларды тәжірибелік жағдайда қолдану үшін ұсынуға болмайды.
Кейбір зертханалық әдістердің теориялық және тәжірибелік маңызы бар. Буаз биенің қанында хориальдық және гонадотропиялық гормон (пролан), ал зәрінде - фолликулин табылады. Соған байланысты диагноз қанда - пролан, әл зәрде фолликулин анықталғасын қойылады.
Колл мен Харттын реакциясы - пролан гормоны бие қанында 30-40-ші буаздық күнінде пайда болады, пролан гормонын табу үшін ғылыми тәжірибе жұмысын тышқандарға немесе егеуқұйрықтарға қояды. Оларға зерттелетін бие қан сарысуын тері астына егеді. Егерде бие буаз болса, онда тышқандардың жатыр мүйізі үлкейеді.
Фридман мен Шнейдердін реакциясы - ғылыми-тәжірибе жұмыстарын жыныстық жағынан жетілген қоян аналығына жүргізеді. Оған зерттейтін биенің қан сарысуын 10 мл мөлшерінде құлақ күре тамырына жібереді. 48 сағат өткесін қоянға лапоротомия /құрсақты жару/ жасайды, сосын аналық бездерін қарайды. Егер бие буаз болса, онда қоянның аналық жыныс бездерінде қан құйылу байқалады.
Цондек және Ашгеймнің реакциясы - буаз малдың қанында немесе зәрінде фолликулин гормонын табу.
Буаздықты анықтайтын барлық зертханалық әдістердің ішінен гормональды-биологиялық ең дәл болып есептелінеді. Бірақ бұлардың кемшіліктері бар, ол көп еңбек қажет етеді, әрі қымбат.
Соңғы жылдары зәрде эстрогендерді анықтау үшін Иттрих ұсынған физико-химиялық әдіс қолданылып жүр.
В. Кульман және Д. Шредер буаздылықты анықтау үшін қынап кілегей қабығынан биопсия жасау әдісін ұсынды. Буаз мегежіннің эпителий 2-3 қабат, ал буаз емес мегежіндерде – 2-25 қабат, әдіс 95,5% нақтылы.
Соңғы кездері ультрадыбыс арқылы буаздылықты анықтап жүр. Әдістің кемшілігі, ол буаздылықты анықтау жұмыстарын кеш мерзімде өткізу (ұрықтандырғаннан кейін 5-6 апта өткесін).
Буаз малдардың қан сарысуында немесе сүтте сиырда, саулықта прогестерон гормонын радиоиммунологиялық әдіспен анықтау. Зерттеуді екі рет жүргізеді: бірінші рет ұрықтандыру күнінде, екінші рет 20-21 күннен кейін. Нәтиже екі күннен соң байқалады. Әдістің нақтылығы 85-95%. Зерттеуге - сүт үлгілерін алады.
Зертханалық әдістердің жалпы кемшіліктері - көп еңбек қажет етеді. Олардың көпшіліктері арнайы құрал-жабдықтарды, қосымша штат, лабораторлық малдарды талап етеді, негізгі кемшілігі – бірде-біреуі 100% толығымен буаздылық пен бедеулікті анықтай алмайды. Осы бағытта жұмыстар жүргізіліп жатыр.
Достарыңызбен бөлісу: |