Пельвиметрия. Организм құрылыуының заңдылығы және дене жартысының симметриясы акушер-медиктарға жамбасты өлшеу жөнін де ілім құруға мүмкіндік тигізді. Ол пельвиметрия деп аталады. Пельвиметрия шығып тұрған жамбас сүйектерінің бөліктерін өлшеуге негізделген.
Малдәрігерлік тәжірибеде пельвиметрияның мәселелері мүлдем дайындалмаған, ол келесі факторлармен түсіндіріледі: ауыл шаруашылық малдары жамбастарының құрылыстарында өте үлкен вариациялар кездеседі, олар тұқымға және малды өсіру жағдайларына байланысты. Бірақ пельвиметрияның кейбір элементтерін малдәрігерлік тәжиребесінде қолдануға болады. Малдарға акушерлік көмек көрсету кезінде ішкі пельвиметрияның әдісін қолданады. Оның маңызы келесіде - тік ішек немесе қынап арқылы кіргізген қолмен жамбастың диаметрлерін вертикальдық /тік/ және ұзын бойына өлшеу. Өз қолының саусақ аралықтарын біле отыра акушер жамбас саңылауының көлемі қандай екенін анықтайды. Маманға маңызды жайт жамбаста аномалийдің қабыну негізінде, сыну салдарынан дұрыс сүйектік өспеу секілді болуын немесе болмауын анықтау.
5.1. Туу
Төл туар алдындағы маңызды белгілерге келесі көрсеткіштер жатады:
1/ аналық малдың әдеттегі жамбасы «туу» жеріне айналуы, оның байланыс аппаратының әлсіреумен көрінеді. Жамбастың барлық сіңірлері борпылдақ болады: олардың ұзындықтары 1/3 немесе 1/4 ұзарады. Әдетте жамбас «туу» жеріне ұрықты шығарар алдындағы 12-36 сағатта айналады.
2/ жыныс еріндерінің ісінуі және үлкеюі: олардың терісі жылтыр болады, қатпарлары жазылады.
3/ ұрық туу алдында қынаптың қою жабысқақ шырышы сұйылады. Ұрықтың тууына 1-2 тәулік қалғанда қынап шырышының сұйылу үрдісі байқалады.
4/ уыздың бөлінуі әдетте 2-3 тәулік бұрын басталады, кейде ол осы уақыттан ерте немесе ұрық туғаннан кейін бөлінеді.
5/ төл туар алдында 12-50 сағат бұрын малдың дене Т-сы 0,4-1,2 С-қа төмендейді.
6/ тік ішек арқылы зерттегенде жатыр мойыны ұзындығының қысқаруы байқалады. Бұл оның ашылуын және биеде 12-24 сағаттан кейін, ал сиырда 2-3 сағат ішінде төл туатынын білдіреді.
7/ ұсақ мал аналықтарының «туатын ұрыққа орын дайындауы».
Достарыңызбен бөлісу: |