5.3. Туу бөлмелерін ұйымдастыру және тууға дайындау
Әрбір мал шаруашылығында туу бөлмегі және жаңа туған төлдерге арналған қора болуға тиісті. Осындай бөлмелердің жабдықтары анасының өнімділігін және денсаулығын сақтауға, жаңа туған төлдің денсаулығымен өмірін, қиын төлдеу кезінде уақытында көмек көрсетуге мүмкіндік береді.
Туу бөлмесіне арнайы қора бөледі. Ол жылы, құрғақ, жарық жақсы желденетін және жылы еденді және кең қабырғалы болуы тиісті. Үлкен сүт фермаларында және кешендерде төрт секциядан тұратын: туу алдындағы туу, туудан кейінгі және профилакторий туу цехын қарастырады.
Туу секциясында тууды өткізу үшін көлемі 3х3,5 м, биіктігі 1 м 80 см тұтас қабырғаларымен және терезелерімен есігінде бақылауға арналған тереземен, қабырғалары қыш тақташамен жабдықталған және патологиялық туу кезінде көмек көрсету үшін акушерлік аспаптармен және медикаменттермен жабдықталған арнайы бокс орналасқан. Әрбір секцияға кірер алдында дезинфекциялық ерітінділермен сіңірілген дезкілемшелер орналастырылады.
Туу бөлмесінің маңында қоршалған әрбір төлдейтін мал серуендейтін қоршау болуға қажет. Серуеннің болмауы – туу және туудан кейінгі ауруларға бейімдейтін негізгі фактор.
Туу бөлмесінде қызмет жасайтын адамдар тек осы жерде ғана жұмыс жасау қажет, ветеринарлық-санитарлық ережелерімен тыныс болу және әдеттегі туу кезінінің әдістерін білу керек.
Туу бөлмесінде тәулік бойы күзет ұйымдастырылады өйткені әдетте туу түнде өтеді.
Туу бөлмесіндегі барлық малдардың дене қызуын өлшейді, дене қызуы жоғары аналықты бөлек орындарға ауыстырады. Төлдегеннен кейінгі босаған орынды тазалап, дезинфекциялайды.
Төлдеуіне бірнеше күн қалғанда малды туу цехының төлдеу алды секциясына ауыстырады. Алдын ала оларды клиникалық зерттейді, сүт безінің жағдайына көңіл аударады, санитарлық өңдеуден өткізеді, сыртқы жыныс органдарын, аралығын, құйрығын және сауыр бөлігін әлсіз дезинфекциялық ерітінділермен сулайды. Тууға 1-2 күн қалғанда сиырларды қосымша өңдеуден кейін туу секцияның боксына ауыстырады осы жерде туу актісі өтеді. Шуды төлдеген мал жеп қоймау үшін тез арада түскеннен кейін жинап алады. Әрбір шуды әдетте шудың қалдығы жатырда қалып қоймауын білу үшін зерттейді. Байқағаннан кейін шуды жояды.
Осы жалпы шаралармен туу бөлмедегі жұмыстар шектелмейді.
Туу бөлмелерін ұйымдастыру кезінде зоогигиена ережелері мен арнайы нұсқамаларды қатаң басшылыққа алу керек.
Достарыңызбен бөлісу: |