Жатыр жыртылуы (Ruptura uteri) Олар толық,яғни барлық қабаттарының біртұтастығы бұзылғанда және жартылай, яғни қабырғасының бір, екі қабаты жыртылуында бола алады. Этиологиясы бойынша жатыр жыртылуларын өздігінен болған және жасанды деп бөледі. Жыртылуға ықпал етуші факторларға қабыну үрдістерінен кейінгі жатырдағы өзгерістерді жатқызу керек. Кейде күшті толғақтар, күшенулер өз септігін тигізеді.
Клиникалық белгілері. Жартылай жыртылулар клитникалық зерттеулер арқылы диагностирленбейді. Жыртылудың жалғыз белгісі қан ағуы өзге патологиялардың да белгісі бола алады. Толық жыртылуға тән белгі күшенулердің күрт тоқтауы, жатыріші құюларынан соң сұйықтықтың кері ағуы байқалмайды.
Болжам. Кішігірім жыртылуларда күмәнді, ірі жыртылуларда қолайсыз.
Емі. Егер жатыр жыртылуы туу акті кезінде орын алсатөлді жылдам шығару арқылы актіні аяқтау қажет, сосын жатыр тонусын тудыратын заттар қолданылады (питиутрин, окситоцин т.б.), ихтиол енгізеді («Туудан кейінгі цервицитті» қараңыз). Жатыр қабырғасы шеттеріне тігіс салу тиісті нәтиже бере бермейді. Осы мақсатта ұзын жіптер қолданылады. Инені жатыр қуысына енгізіп құралдарсыз екі шетіне тігіс салады. Инені шығарған соң жіптің бір шетіне ілмек жасап оған екінші шетін кигізеді. Ілмекті тартқан соң шеттері жақындайды.
Шу түспеуі. Туу акті қағанақ қабаттары (шу) түсуімен аяқталады. Шу түсуі әр жануар түрі үшін әрқилы мерзімде өтеді. Шу кешеуілдеуі жайлы мына жағдайда айту орынды: биеде 35 минуттан соң түспесе, сиырда 6 сағаттан соң, саулық, ешкі, мегежін, ұрғашы ит, мысық пен ұрғашы қоянда 3 сағаттан соң түспесе.
Шу түспеуі барлық жануар түрлерінде болады. Көбіне шу түспеуі іш тастау асқынуы ретінде байқалады. Ол толық, яғни қағанақ қабаттары туу жолдарынан шықпаса, жартылай, егер жатыр қуысында жекелеген хорион бөліктері немесе жекелеген плаценталар қалса, болады.
Шу түспеуінің негізгі үш себептері бар деп есептелінеді: 1) туудан кейінгі күшенулер мен толғақтың жеткіліксіз болуы және жаптыр атониясы; 2) эндометрийде немесе төл хорионында төлдік плацента бөлігінің аналық бөлігімен жабысып өсуі; 3) карункулдар ұлпаларының тургорының жоғары дәрежелілігі.
Ықпал етуші фактор ретінде ұстау жағдайларының маңызы зор, мәселен моцион жетіспеуі. Жатыр тонусын төмендететін барлық факторларды да ықпалдаушы ретінде қарастыру керек. Жабысып өсулер негізінде инфекциялық ауруларды да ұмытпаған жөн (бруцеллез т.б.).
Диагноз. Шудық толық түспеуі кезінде сыртқы жыныс органдарынан қызыл немесе сұрғылт-қызыл түсті шұбырынды шығып тұрады. Оның беткейі бұдырлы (сиырда) немесе барқыт тәрізді (биеде). Кейде сыртқа тек тамырсыз қабыршақ тәрізді қуықтық немесе қағанақ маңы қабаттары көрінеді. Айқын жатыр атониясы кезінде барлық қабаттары іште қалады. Жартылай шу түспуін анықтау үшін оны мұқият зерттеу керек. Плацентаны қарап, пальпациялайды, егер көрсеткіштері болса микроскопиялық және бактериологиялық талдаулар жасалады. Бөлінген шуды столда немесе тақтайшада жазып қарайды. Қалыпты шу биеде біркелкі түстенген, барқыт тәрізі және жылтыр аллантоидты беткейлі болады. Барлық алланто-амнион ашық-сұр немесе ақшылт жер-жерде қызғылтым реңді болады. Қабаттары барлық беткейінде бірдей қалыңдықта тамырларында аздаған қан болуы түрінде болады. Шу толығымен бөлінгенін анықтау үшін плацента тамырларын бағдар етеді. Туу барысында қабаттарының шығыңқы бөлігі олар арқылы өтетін тамырлармен қоса үзіледі. Тамырлар үзінділері бойынша біртұтастығын анықтайды. Мәселен егер жатыр қуысында хорион бөлігі қалса тамырлы қабатты жазып көру кезінде ол жеңіл айқындалады.
Сиырларда жартылай шу түспеуі жиі байқалады. Мұқият қарау барысында тамыр бойындағы ақауды байқамау мүмкін емес. Толық түспеу кезінде әдетте сыртқы жыныс органдарынан қағанақ қабаттарының біршама бөлігі көрініп шығып тұрады. Сыртқы факторлар әсіресе ластанулар әсерінен шығып тұрған бөліктері жылдам ыдырай бастайды, сондықтан екінші тәулікке таман кейде одан да ерте жағымсыз, шірік иіс естіледі.
Биеде шу түспеуі ауыр жалпы жағдай байқалуымен өтеді. Төлі туғаннан кейінгі бірнеше сағаттан соң жалпы күйзелу, дене температурасының жоғарылауы, тамыр соғуы сен тыныс алу жиілеуі орын алады. Егер уақытыл шаралар қолданылмаса 2-3 күн ішінде өлім туындалуы ықтимал.
Саулықтарда шу түспеуі сирек байқалады, ешкі, мегежіндерде шу түспеуі септикопиемияға әкеліп соғады. Иттерде шу түспеуі үлкен қауіп тудырады, ол өте жылдам түрде сепсиспен асқынады.
Шуды алу әдістері. Консервативтік, оперативтік және қолмен алудың көптеген әдістері ұсынылған. Әр жануар түрлерінде шуды алудың түрлі тәсілдерінің өз ерекшеліктері бар.
Сиырда егер шу 6-8 сағаттан соң түспесе 1% синэстролды 2-5 мл мөлшерінде енгізеді, питиутрин 8-10 ӨБ, окситоцинді 30-60 ӨБ енгізеді немесе массаж жасалынады. Ішіне 500 г қант береді. Крипталар мен түкшелерін хорион мен қабаты аралығына тұз қышқылы мен пепсинді (пепсин 20 г, тұз қышқылы 15 мл, су 300 мл) енгізу арқылы алу ұсынылған. Н.А.Флегматов тәжірибесіне сүйенер болсақ 1-2 л мөлшерінде ауыз арқылы сиырға енгізілген қағанақ маңы суы 30 минуттан соң жатыр бұлшық еті тонусын жоғарылатады. Қағанақ маңы суын алдын алу және емдік мақсатта қолданады. Қағанақ маңы суынан бөлінген амнистрон препаратын 2 мл мөлшерінде енгізу ыңғайлы (В.С.Шипилов, В.И.Рубцов). Жатыр атониясы мен оның жоғары тургоры нәтижесіндегі шу түспеуінде М.П.Рязанский, Ю.А.Лочкарев пен И.А.Долженко құрылымындағы электралғыштары, тері астына окситоцин немесе питиутрин егулері (30-40 ӨБ) сол сиыр уызын 20 мл мөлшерінде егу, простоглондин егулері, В.В.Мосин бойыншаа блокадалар жақсы нәтиже береді. Жатыр қуысындағы әрекеттерді тиісті костюмдерде өткізеді, құолын иығына дейін түріп, қолды операция алдындағыдай өңдейді. Қолдағы жарақаттарды йод ерітіндісімен өңдемелейді және коллодий жағады. Ветеринарлық резеңке қолғаптар киген жөн. Оң қолды дайындаған соң сол қолмен шығып тұрған плацента бөлігін ұстап айналдырып алады. Оң қолды жатырға кіргізіп шұдырайған тамырлар бойымен төлдік плацента беку орындарын тауып ағытады. Шуды алған соң жатырға 0,5 л люголь ерітіндісін енгізген пайдалы, сондай-ақ пенициллин, стрептомицин, стрептоцид, жатр таяқшаларын, метромакс, экзутер, нитрофуран енгізеді. Жатырда шіру үрдісі болмауы кезінде шуды алудың құрғақ тәсілін қолданған тиімді деп саналады, осы ккезде жатырға ешбір ерітінді енгізілмейді. Эндометриттердің алдын алу мақсатында 5-7 күн бойы консервативтік емді жалғастыру керек.
Биелерде шуды құлын туған соң екі сағаттан асырмай ала бастау керек. Бір қолмен туу жолдарынан шығып тұрған шу бөлігін ұстап, екінші қолды жатырға енгізеді. Саусақтарды баяу, бірте-бірте енгізе отырып крипталардан түктемелерді айырады. Жартылай түспеу кезінде жатыр қуысында пішінсіз қабыршақ тәріздес туындылар байқалынады, егер плацента ыдырауымен бірмезгілде атония байқалса бірден жатыр дәрілерін беру керек. Жатырды шаю кезінде асептика, антисептика заңдарын қатаң ұстанған жөн. Тері астына 1% майлы синестрол (3-5 мл) ерітіндісін егеді.
Саулықтар мен ешкілерде төлдеген соң үш сағаттан соң шуды алады. Оперативтік жәрдем жасау кезінде шудың негізін бірте-бірте қысу арқылы жәрдем жасалады, осы кезде шу «ұясынан» қысылып шығарылады. Жатыр атониясы кезінде оны өз бойымен айналдырып шығарған жөн. Жатыр тонусын жоғарылату үшін тамырішіне 40% глюкоза ерітіндісін немесе 10% кальций хлориді ерітіндісін, я болмаса 10% кальций глюконаты ерітіндісін 2 мл/ кг салмағына есебінде егеді.
Мегежіндерде шу түспеуі өте нашар белгі, өйткені септикалық күй дамуы ықтимал. Жатыр дәрілері қолданылады: окситоцин 20-30ӨБ; 0,5% прозерин ерітіндісі немесе 0,8-1,2 мл мөлшерінде 1% фурамон ерітіндісі енгізіледі.
Достарыңызбен бөлісу: |