Тақырып 13. Экономикалық циклдар. Инфлияция және жұмыссыздық.
Нарықтық экономикада тұрақсыздық сипатты болып келеді. Оған экономикалық цилді қалыптастыратын, экономиканың циклдығын шарттайтын өрлеу мен құлдырау тән. Экономикалық цикл – бұл нарықтық экономиканың дамуы және қызметінің объективті формасы.
Экономикалық циклдар ұлттық экономиканың барлық аумағын қамтиды және әртүрлі ерекшеліктерге ие болады. Олар мерзімі бойынша: қысқа мерзімді, орта мерзімді, ұзақ мерзімді; әрекет ету саласы бойынша: өнеркәсіптік, аграрлық; айналу формасы бойынша: құрылымдық, салалық; пайда болу ерекшелігі бойынша: мұнай, азық-түлік, энергетикалық, шикізаттық, экологиялық, валюталық; белгі кеңістігі бойынша: ұлттық және ұлтаралық болып бөлінеді.
Ұзақтығы бойынша ауытқудың үш түрі бар:
1. Нарықтық сұраныстың тауар және қызмет ұсынысынан ауытқуы. Бұндай түрдегі ауытқу қысқа мерзімді болып табылады. Қысқа мерзімді ауытқуда тепе-теңдік 3-4 жыл мерзімінде тұрақталады. Оларға:
Дж. Китчинның әлемдік алтын запасымен байланысты циклы;
Дағдарыстың себебі ақша шаруашылығында деп ұйғаратын У. Митчелл циклы;
Тұтынушы нарығындағы экономикалық тепе-теңдікті қалпына келтіру себебіне негізделген қазіргі АҚШ циклдары жатады.
2. Жабдықтарға, ғимараттарға және т.б. сұраныстың өзгеруімен байланысты ауытқулар. Ол капитал ағымымен 8-12 жыл мерзімінде қалыптасады. Өнеркәсіптік деп аталатын бұндай циклды К. Маркс, Ф. Энгельс, В. Ленин зерттеген. Орта ұзақтықтағы циклдер сонымен қатар ақша-несие жүйесімен (К. Жугляр циклы) және тұрғын үйлер мен белгілі бір өндірістік ғимараттарды кезеңдік жаңартумен (С. Кузнец циклы) байланысты болуы мүмкін.
3. Өндірістің бір технологиялық әдісінен екіншісіне өтумен байланысты ауытқу. Олардық арасындағы аралықты бір-бірінен адамзат өркениетінің ірі кезеңдері бөледі. Бұл циклдың 40-60ж мерзімдегі ұзақтығы Кондратьев орыс ғалымының атымен байланысты және ол «Кондратевтің ұзын толқындары» деген атқа ие.
Достарыңызбен бөлісу: |