16
беріліп отыратын нәсілдік ақпараты бар дезоксирибонуклеин қышқылы
(ДНҚ). жасушаның бөлінуі кезінде (митоз)
ядрошық пен ядро қабығы
жойылып, хромотиндік материал хромосомаларға айналады. Хромосомдар –
тығыз ұзынша немесе жіп тәріздес түзілістер құрап, тек жасушаның бөлінуі
кезінде ғана көрінеді. Ядроның жасушадағы зат алмасуда үлкен маңызы бар.
Ядросы жойылған жасушалар өледі (1-сурет.).
Бақылау сұрақтары:
1. Жасуша теориясының негізгі қағидаларын атаңыз.
2. Тірі ағзаларда жасушаның қандай түрлері кездеседі?
3. Жасуша құрылысы және ондағы органноидтар маңызы.
4. Өсімдік жасушасының жануар жасушасынан айырмашылығы
5. Лизосомалар маңызы және олардың түрлері.
6. Жасуша қабығының қызметін атаңыз.
Тапсырмалар:
1. Гистологиялық препаратты микроскоппен зерттеу барысында
жануарлар
және
өсімдіктер
жасушаларының
айырмашылықтарын
сипаттаңыздар,
олардың
айырмашылықтарын
ажыратып,
жасуша
органоидтарының қызметін атаңыздар, суреттерін салыңыздар.
2. ДНҚ молекуласында 17% аденин бар.
Басқа нуклеотидтер
молекуласының пайыздық мөлшерін анықтаңыз.
Достарыңызбен бөлісу: