Ќазаќстан Республикасы Білім жєне ѓылым министрлігі


І Тарау. Тұқым қуалаудың цитологиялық негіздері



Pdf көрінісі
бет9/82
Дата16.01.2023
өлшемі2.82 Mb.
#468438
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   82
Мал шаруашылығының асылдандыру жұмыстарын орындау

І Тарау. Тұқым қуалаудың цитологиялық негіздері
1.1. Жасушаның химиялық құрамы, құрылысы және қызметі 
Мақсаты: жануарлар мен өсімдіктер жасушасының құрылысы мен 
құрылымын талдау. Цитоплазмада орналасқан органнеллалар мен олардың 
атқаратын қызметімен танысу. Жасушалардың көбею жолдарын және 
олардың бір-бірінен айырмашылығын ажырата білу. 
Материал және жабдықтар: суреттер, жасушаның құрылысы мен 
құрамы және бөліну кезеңдері бейнеленген кестелер мен баннерлар және 
муляждар. Микроскоптар, және гистологиялық препараттар. 
Тіршілік жер бетінде пайда болғанына төрт миллиард жылдай уақыт 
өтті. Ұзақ созылған бұл мерзім ішінде бір жасушалы қарапайым ағзалардан 
құрымы да, түр өзгешелігі де сан алуан өсімдіктер мен жануарлардың 
таңғажайып түрлері пайда болады.
Барлық жануарлар мен өсімдіктердің құрылысы мен тіршілігінің негізі 
жасуша. жасуша терминін ағылшын ғалымы Роберт Гук 1665 жылы 
ұсынған. жасушаны биологияның арнайы бөлімі – цитология зерттейді. 
Жасушаны зерттеу ХIХ ғасырда басталады. Әрбір жасушаның құрылысында, 
қызметінде барлық жасушаларға тән қасиеттер болады.
Өсімдіктер мен жануарлар дүниесінің тегінде, сондай-ақ олардың 
құрылысы мен дамуында біртектілік бар деп қарайтын биологиялық ірі 
қорытындының бірі – жасуша теориясы. Бұл теория бойынша өсімдік пен 
жануарлардың құрылысының негізі – жасуша. Ф.Энгельс жасуша теориясын 
табиғат тануды ХIХ ғасырда үдеткен үш маңызды деректің бірі деп атаған.
Жасуша теориясын 1838 жылы неміс ғалымдары М.Я. Шлейден (1804-
1881) және Т. Шванн (1810-1882) ашқан. Жасушаны зерттеудің жаңа сатысы 
электрондық микроскоп әдісімен химиялық құрамы құрылымындағы әр түрлі 
заттардың топтануы мен жиналуы, олардың синтезі мен тасымалдануы 
цитогистохимия әдісімен, ал қызметі цитофизиология әдістерімен зерттелді.
1.1.1. Жасушаның құрылысы. 
Әрбір жасуша негізінде ядро мен цитоплазмадан және пішіні, көлемі, 
құрылысы, химиялық қасиеті, атқаратын қызметі әр түрлі құрылымдық 
заттардан тұрады (1-сурет). 


14 
1) пероксисома; 2) жасушалық жарғақша; 3) ядро; 4) ядрошық; 5) 
митохондрия; 6) эндоплазмалық тор; 7) гольджи кешені; 8) хромосома; 9) 
ядро қабығы; 10) центриол; 11) лизосома; 12) цитоплазма. 
1-сурет. Жануар жасушаларының ультрамикроскоптық құрылысы 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   82




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет