Ќазаќстан Республикасы Білім жєне ѓылым министрлігі


Цитоплазма (грекше «цитоз» -



Pdf көрінісі
бет10/82
Дата16.01.2023
өлшемі2.82 Mb.
#468438
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   82
Мал шаруашылығының асылдандыру жұмыстарын орындау

Цитоплазма (грекше «цитоз» - ыдыс ( жасуша), «плазма» - жасалған, 
қалыптасқан) - өсімдік және жануарлар жасушасы протоплазмасының ядро 
мен қабықшадан басқа барлық элементтері болатын жасуша құрамы. 
Цитоплазма гиалоплазмадан, органоидтардан және уақытша құрамдардан 
тұрады. Онда ақуыздар синтезі және жасушаға тән басқа зат алмасу 
үдерістері жүреді. Ядро мен органоидтардың өзара әсерін және қатынасын 
қамтамасыз етеді.
Жасуша қабығы. Жасуша сыртқы ортадан биологиялық жарғақ 
(мембрана) қабатымен қорғалған. Сыртқы мембранасының (75 А

шамасындай) сыртқы және ішкі екі қабаты ақуыздардан, ал үшінші қабаты 
майлардан құралған саңылаулармен бөлінген.
Көптеген өсімдіктер жасушасының плазматикалық мембранасының 
сыртында полисахаридтерден (целлюлоза, пектиндік заттар және 
гемоцеллюза), ал саңылауқұлақтарда, кейбір балдырларда хитинен тұратын 
қатты қабығы болады. жасуша қабығы жасушаның ішіндегі заттарды сыртқы 
ортадан бөліп тұрады, зат алмасу, қорғаныс қызметін атқарады, 
жасушалардың өзара байланысына мүмкіншілік туғызады.
Эндоплазмалық тор (ЭПТ) (грекше «эндо» - ішкі) – цитоплазманың 
ядроны қоршап тұратын белгі (ішкі қабаты). Түтікшелер және ірі қуыстар 
(500А

ірі) түзуші протоплазмадағы мембраналар жүйесі. ЭПТ - ақуыздар, 
көмірсулар, майлар түзілуіне байланысты әрекеттесулерді (реакцияларды) 
жүзеге асырады. жасушадағы қоректік заттарды тасуға және олардың 
айналымына себеп болады. Эндоплазмалық тордың мембранасы әр түрлі 
құрылысты (кедір-бұдыр,түйіршіктенген,тегіс) болады.
Рибосомалар – жасушаның өте ұсақ органоидтары. Рибосомалар үлкен 
(диаметрі 400 А

) және кіші (диаметрі 200-300 А
0
) бөліктен тұрады, шар 
пішінділеу құрамында ақуыз және рибонуклеин қышқылы (РНҚ) болады. 


15 
Рибосомалар 
ақуыз 
молекулалары 
синтезін, 
олардың 
амин 
қышқылдарынан құрастырылуын жүзеге асырады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   82




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет