Ќазаќстан Республикасы Білім жєне ѓылым министрлігі



Pdf көрінісі
бет11/82
Дата16.01.2023
өлшемі2.82 Mb.
#468438
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   82
Мал шаруашылығының асылдандыру жұмыстарын орындау

Митохондриялар (грекше «митос» - жіпше, «хондрион» - дәнек, 
түйіршек) - хондриосомалар – жануарлар мен өсімдік жасушасында ұдайы 
кездесетін, жасушаның тыныс алу үдерісін қамтамасыз ететін органоид.
Пішіні жіп тәрізді, сопақша және т.с.с. Митохондриялардың ішкі 
құрылысы қатпарлы болады (ұзындығы 0,2-7 мкм шамасындай). Ол аденозин 
үш фосфор қышқылы (АТФ) ыдырау кезінде бөлінген энергиямен жасушаны 
энергиямен қамтамасыз етеді. Митохондриялардың пішіні, саны, көлемі және 
қызмет жағдайы сыртқы әсерлер мен жасушаның физиологиялық жағдайына, 
сондай-ақ патологиялық үдерістер жағдайына байланысты өзгеріп отырады.
Гольджи комплексі – ірі қуыстардан және олардан таралған 
түтікшелер жүйесінен тұратын жасушадағы торлы құрылғы, жасуша ішіндегі 
түрлі заттардың құрылуына қатысатын органоидтық зат. Жасушаның 
синтездік қызметі нәтижесінде түзілген өнімдерді және жасушаға сыртқы 
ортадан енген заттарды (ақуыздар, полисахаридтер, майларды) қабылдайды. 
Осы заттарды кешен элементтерінде дән түрінде немесе сыртқы ортаға 
шығарады. Бұл кешенді итальян ғалымы К.Гольджи жүйке жасушаларынан 
тапқан. 
Лизосомалар (грекше «лизео»-еріту) – жануарлар мен өсімдіктер 
жасушаларының ақуыз, нуклеин қышқылдары, полисахаридтер мен 
липидтерін ыдырата алатын ферменттері бар (40-қа жуық) оргноидтар, 
шағын домалақ денелер (диаметрі 1мкм шамасындай). Лизосомалар 
эндоплазмалық 
тордан 
немесе 
Гольджи 
комплексінен 
жасалады. 
Лизосомалар жасушада ас қорыту(фагоцитоз жасушалары), жасушаны қорғау 
(бактериядан, қабынудан, иммунологиялық реакциядан, өліеттену (некроз) 
үдерістерінен), зәр шығару т.б. қатысады.
 
Жасуша орталығы орталық дене – кішкентай екі денеден – жасуша 
орталықтан 
(центриольден) 
және 
центросферадан 
тұрады, 
олар 
цитоплазманың тығыздалған бөлігі болып табылады. Жасушаның бөлінуі 
кезінде маңызды қызмет атқарады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   82




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет