Ќазаќстан Республикасы Білім жєне ѓылым министрлігі



Pdf көрінісі
бет8/82
Дата16.01.2023
өлшемі2.82 Mb.
#468438
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   82
Мал шаруашылығының асылдандыру жұмыстарын орындау

Бақылау сұрақтары: 
1. Генетиканың негізгі мақсаты қандай? 
2. Тұқым қуалау дегеніміз не? 
3. Генетиканы дербес ғылым ретінде алғаш ашқан ғалым 
4. 1900 жылы генетика саласында дербес ғылыми жаңалықтар ашқан 
ғалымдар кімдер (Голландия, Германия және Австрия) 
5. Тұқым қуалау жөнінде ғылыми тәжірибе жүргізуде аса маңызды қадам 
жасаған Америка ғалымы кім? 
6. Жеміс шыбынын зерттеген ғалым. 
7. Генетикалық мутацияны зерттеген КСРО- ғалымдарын атаңыз. 
Генетиканың негізгі әдістері мен заңдылықтары 
Мақсаты: генетикалық зерттеудің негізгі әдістерін, тұқым қуалау 
заңдылықтарын және Мендель тәжірибелерінің ерекшеліктерін түсіну. 
 
Материал және жабдықтар: генетика саласына еңбегі сіңген 
ғалымдар суреттері, ас бұршақтарының, тұқым қуалауға арналған кестелер. 
Генетикалық зерттеу әдістерінің баннерлері мен муляждары. 
Генетиканың қазіргі түсінігі бойынша тұқым қуалау дегеніміз - барлық 
ағзалардың өз ұрпақтарында өздеріне ғана тән биологиялық түзілуі 
(биосинтез) және зат алмасуының қайталанып отыруы. Тұқым қуалаудың 
және өзгергіштіктің құбылысын молекулалық, жасуша, ағза (дене) және 
көбею (популяция) деңгейлерінде зерттеудің негізгі әдістері: 
1. 
Гибридологиялық (гибрид - будан, дүбара) талдау әдісі – 
будандастыру, шағылыстыру және қолдан тозаңдандыру жүйесін пайдалана 
отырып тұқым қуалау заңдылықтарын анықтау. Сол үшін алынған бірінші 
(F
1
), екінші (F
2
) қатардағы және онан кейінгі ұрпақтарды зерттеу. 
Гибридологиялық талдау негізгі әдіс, оны ең бірінші Г. Мендель қолданған. 
Басқа әдістер осы гибридологиялық талдауға сүйене отырып жасалынды.
2. 
Цитогенетикалық әдіс – жасушаның бөліну кезіндегі 
хромосомалар әрекетін, олардың санының өзгеруін зерттеу. Бұл әдіс әсіресе 
хромосомалардың құрылысы, не саны өзгеруіне байланысты тұқым қуатын 
ауруларды анықтауда қолданылады.
3. 
Статистикалық әдісәртүрлі сынақтар (эксперимент) 
нәтижелерін іріктеу, өңдеу үшін оларды қорытындылап белгілі бір тұжырым 
жасау, зерттелген белгілер арасындағы байланысты анықтау және жасалған 
қорытындының дұрыстығын тексеру. 


12 
4. 
Генеологиялық әдіс – бұл гибридологиялық әдістің бір түрі болып 
табылады. Ұрпақтың шыққан тегін зерттеу, оның шежіресін білу арқылы 
белгілердің тұқым қуалау қасиеттерін, соның ішінде тұқым қуатын 
ауруларды зерттеу үшін адамдар мен баяу өсіп дамитын жануарлардың 
тұқым қуалау заңдарын зерттеу. 
5. 
Популяциялық әдіс – гибридологиялық әдістің бір түрі. Баяу өсіп 
дамитын жануарлар мен адамдардың тұқым қуалайтын белгілерін зерттеу. 
6. 
Биохимиялық әдіс – гибридологиялық және цитогенетикалық 
әдістермен қатар жеке ағзаның даму, өсу барысындағы жасушалардағы 
үдерістерді түбегейлі зерттеу және генетикалық материалдың химиялық 
құрамын, олардағы пайда болған өзгерістерді бақылау. 
7. 
Феногенетикалық әдіс – гендермен қоршаған ортаның ағзадағы 
белгілерге тигізетін әртүрлі әсерін зерттейді. Сондықтан бұл әдісті әртүрлі 
тұқымдас немесе түрлі қоршаған ортада дербес өскен ағзалардың тұқым 
қуалау қасиетін анықтау мақсатында қолданады. 


13 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   82




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет