Ќазаќстан Республикасы Білім жєне ѓылым министрлігі



Pdf көрінісі
бет26/82
Дата16.01.2023
өлшемі2.82 Mb.
#468438
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   82
Мал шаруашылығының асылдандыру жұмыстарын орындау

 


37 
Бақылау сұрақтары: 
1. Тұқым қуалаудың Г. Мендель ашқан заңдылықтары. 
2. Тұқым қуалау қасиетінің қандай зерттеу әдістері білесіз? 
3. Моногибридтік будандастыру дегеніміз не? 
4. Кейінгі зерттеулердің доминанттық ережелерін кіргізетін өзгерістерді 
атаңыз. 
5. Аралық доминанттылық дегеніміз не? 
6. Кодоминантты тұқым қуалаушылық дегеніміз не? 
7. Гибридологиялық (гибрид – будан, дүбара) талдау әдісі дегеніміз не? 
 
Тапсырмалар: 
1. Ірі қара малда қара түс қызыл түстен доминантты.
А) Гомозиготалы қара сиыр мен қызыл бұқадан қандай ұрпақ алынады? 
Б) Егер сиыр және бұқа гетерозиготалы болса қандай ұрпақ күтуге болады? 
В) Гетерозиготалы қара сиыр мен қызыл бұқадан қандай ұрпақ алынады? 
Берілген тапсырмаларды ширатып көрсетіңіздер. 
2. Қаракөл қой тұқымдарында көк түстілік қара түстен доминантты. 15 
қара қойды көк қошқармен шағылыстыру барысында 7 көк және 8 қара қозы 
алынды. Туылған қозылардың генотипін анықтаңыздар. 
2.4. Аллельді емес гендердің өзара әрекеттесуі. 
 
Мақсаты: гендердің өзара әрекеттесу және комплементарлық немесе 
толықтырушы әсерлерді түсіну. 
Материал және жабдықтар: генетика саласына еңбегі сіңген 
ғалымдар суреттері, ас бұршақтарының, тұқым қуалауға арналған кестелер. 
Генетикалық зерттеу әдістерінің баннерлері мен муляждары. 
Г. Мендель өзінің тәжірибелерінде аллельдің өзара әсер етуінің бір ғана 
түрін анықтады – ол бір аллельдің толық доминанттылығы мен екінші 
аллельдің рецессивтілігі. Кейінен тұқым қуалау бірлігінің өзара әсер етуі өте 
күрделі және көп түрлі екені анықталды. Кей кезде екі түрлі гендердің өзара 
әсер етуінен жаңа фенотип пайда болады, ал осы гендер жеке ғана әсер 
еткенде бұл фенотип болмас еді. Бір ген басқа гендердің көрінуіне жол 
бермейді, соның салдарынан жеке жұп аллельдердің әсерінен пайда болатын 
комбинациялар түзілмейді, немесе бұл комбинациялық күшті әсер фенотипте 
көрінбей қалады. Гендердің мұндай өзара әсер етуінің арқасында 
моногибриттік және полигибриттік будандастыру кезіндегі Мендель ашқан 
белгілердің ажырасу қатынасы өзгереді. Аллельді емес гендердің өзара әсер 
етуі нәтижесінде жаңа түзілістер пайда болады. Бұл құбылыстар алғаш 
қарағанда Мендельдің заңдылықтарына қайшы келетін секілді болып 
көрінеді. Бірақ мұқият зерттегенде бұл құбылыстарды тек қана Мендельдің 
заңдылқтарына сүйене отырып түсіндіруге болатыны анықталды. Гендердің 


38 
өзара әсер етуінен шығатын тұқым қуалау заңдылықтарын зерттеу: ата-
аналардың тиісті генотиптерін таңдап будандастыру арқылы өзімізге қажетті 
белгілері бар ұрпақтарды алдын ала есептеп арақатынаста алуымызға 
мүмкіндік берді. Бір ғана белгілерге ықпалын тигізетін әр түрлі ген 
жұптарының өзара әсер етуін зерттей келе олардың өзара әсерлерінің 
бірнеше түрі анықталды, олар: жаңадан пайда болған түр, комплементарлық 
немесе толықтырғыш факторлар, криптомерия, эпистаз және гипостаз, 
полимерия.
Жаңадан пайда болған түр дегеніміз гендердің өзара әсер етіп 
үйлесуінің арқасында бір ағзада мүлде жаңа белгілердің пайда болуын 
айтады. Гендердің өзара әсер етуінің бұл түрі тауықтың айдарларының 
тұқым қуалау заңдылығын зерттегенде анықталған. Тауықтың сыртқы пішіні 
бірнеше түрлі айдарлар кездеседі: раушан гүл тәріздес (гені А) айдар, 
жапырақ тәріздес айдарға қарағанда басым болады және бұршаққынды айдар 
(гені В) – ол да жапырақ тәріздес айдардан басым қасиет яғни екі басым ген 
А және В. Генотипі ААbb раушан тәрізді тауықтарды генотипі ааВВ 
бұршаққынды әтештермен шағылыстырғанда бірінші ұрпақтың генотипі 
АаВb болады, бұл генотипте екі басым А және В қосылады. Гендердің бұл 
үйлесімінен ұрпақтарда айдардың жаңа, жаңғақ тәрізді түрі пайда болады да 
екінші қатардағы ұрпақтарында мына арақатынаста төрт фенотип пайда 
болады: 9 А және В гендері бар жаңғақ тәрізді айдар, 3 Аabb - раушан тәрізді, 
3ааВb- бұршаққынды және 1ааbb - жапырақ тәрізді айдар. Бірінші ұрпақтағы 
тауықтарды жапырақ айдарлы өтештермен 
(ааbb) кері қайтара 
шағылыстырғанда, сол төрт фенотип бірдей қатынаста ажырасады (12-сурет). 
Комплемпентарлық немесе толықтырушы факторлар. Әрқайсысы 
фенотипте өз бетімен көрінбейтін аллельді емес екі доминантты гендердің 
үйлесуінен белгі пайда болса, ондай гендер әрекеті комплементарлық деп 
аталады. Кей жағдайларда белгілердің дамуына ағзада екі түрлі немесе 
оданда да көп заттардың түзілуі және өзара әсер етуі қажет. 
Мысалы, бір түстің бояуы қалыптасу үшін ағзада арнаулы ақуыздар 
және оларды пигментке айналдыратын ферменттер синтезделуі керек. Егер 
ағзада осы заттардың бір түрі болмаса, пигмент құрылмайды. Ағзаның бір 
затты синтездеуі әдетте басым қасиет болып табылады. Сондықтан, егер әр 
түрлі себептердің салдарынан пигменті жойылған екі ақ гүлді өсімдікті 
будандастырса, олардың бірінші ұрпағы қара қошқыл (пурпур) түстес болып 
шығады. 
Себебі олар аталық-аналықтардан осы түске қажетті заттарды алады. 
Екінші қатардағы ұрпақтарда екі түрлі ғана фенотип: 9/16-ға – бұларда екі 
доминантты басым болу факторлары үйлескен және 16-ның 7-сі ақ болады. 
Бірінші ұрпақтың өсімдіктерін толық рецессивті түрмен, яғни ақ гүлді 
өсімдіктермен қайыра будандастырғанда ұрпақтары екі түрлі фенотип: 1 
бөлігі боялған, ал 3 бөлігі ақ болады (12-сурет). Комплементарлық немесе 
толықтырушы факторлар табиғатта көп тараған. Олар өсімдіктерде, 
жануарларда, микроорганизмдерде табылған. 


39 
12-сурет. Аллельдік емес гендердің комплементарлық әрекеттесуі 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   82




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет