Қазақстан республикасы ғылым және жоғары білім министрлігі


Тақырыбы: «Ақаба суды айдауға арналған насостар (сораптар)»



бет43/48
Дата09.03.2023
өлшемі5.9 Mb.
#470527
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   48
Шайдуллина УМКД ИССиО 2022 каз 130123

Тақырыбы: «Ақаба суды айдауға арналған насостар (сораптар)»

Айдалатын сұйықтықтың ерекшеліктеріне қарай насостарға қойылатын талаптар.


Құрамында қалқыма қатты заттары бар сұйықтықтарды айдауға арналған насостардың түрлері. Канализациялық насостық станция және оның құрылымы. Қажетті қысымды анықтау.


Мақсаты: Канализациялық насостық станциясы, құрылымы қажетті қысымды анықтаумен танысу.
Егер ақаба суларды тазалау қондырғыларына өзіндік ағуымен жеткізу мүмкін болмаса онда оларды айдауға насостар қолданылады. (көбіне ортадан тебу насостары). Айдалатын сұйықтықтың ерекшеліктеріне қарай (құрамында қағаз, мата, қоқыстар және т.б.), насостарға келесі талаптар қойылады:

  1. Олар ақаба судың құрамындағы лақтырындылармен бітелмеуі керек;

  2. Олардың конструкциясы жұмыстық қаңғалақты, корпусты және патрубокті тазалауға ыңғайлы болуы.

Осы талаптарды ескере отырып, ақаба суды айдауға арналған насостар, келесі конструктивтік ерекшеліктерге ие болады:
а) насостар тек бір қаңғалақты және бағыттаушы аппараттарынсыз жасалынады;
б) жұмыстық қаңғалақтың 2 немесе 4 қалағы болады;
в) насостың корпусында және патрубкасында люк — ревизилері орналастырылады.
Өнеркәсіптерден ақаба суды айдауға келесі маркадағы насостар шығарылады: Ф, ФВ, НФ, НФВ. Сонымен қатар осы мақсатқа құрамында қалқыма қатты заттары бар сұйықтықтарды айдауға арналған насостарды: жерсорғыштар (землесосы), торфонасо­стар, багерлы, шламды және т.б. қолдануға болады. Ақаба суды айдауды кейбір өзгертулер енгізіп (корпусында тазалауға арналған люкті кеседі) таза суға арналған үлкен насостардың көмегімен (20НДн және 20НДс) де жүргізеді.
Канализациялық насостық станция (бекет). Канализациялық насостық станция -насостар орналасқан машиналық бөлімнен және қабылдау резервуарынан тұрады.
Насостық станция типін таңдауға су құбырының тереңдігі, станцияның өнімділігі, құрылыстың жағдайы, насостың типі әсер етеді.
Көп жағдайда шахталық типті канализациялық насостық станция салынады (14-сурет). Жоспар бойынша оның пішіні дөңгелек тәрізді. Сору мүмкіндігі жоғары насостармен жабдықталған, өнімділігі жоғары үлкен станция үшін, машиналық бөлімге жанаса орналасқан бөлек қабылдау резервуарын пайдаланған дұрыс. Насостық станцияның жер астындағы бөлігі бетоннан және темір бетоннан, ал үстінгі бөлігі - кірпіштен қаланады.



14-сурет. Шахталық типті канализациялық насос станциясының сұлбасы.


1 өздігінен ағу коллекторы; 2 — тор; 3 — қабылдау резервуары; 4 — қозғалытқыш ; 5 — қысымыды құбыр желісі; 6 — машиналық бөлім; 7 — насос.

Қабылдау резервуары резервуарға келген суды сүзетін арнайы тормен және торда ұсталып қалған лақтырындыларды ұсақтауға арналған үгіткішпен жабдықталған. Лақтырындылар ұсақталғаннан кейін тор алдындағы ақаба су ағынына тасталынады. Тор болат стержнен аралықтары 10x60 мм болатындай етіп жасалынып, 60 - 70° көлбеу бұрышта орналастырады.


Тор аралығындағы саңылаулар насостың маркасына байланысты өзгеріп отырады. Қазіргі кезде су астында лақтырындыларды ұстап, ұсақтайтын тор-үгіткіштер (коминуторлар) кең қолданысқа ие.
Қабылдау резервуарының түбінде насостың сору құбыры астында еңістігі i=0,05...0,1 болатын шұңқыр орналасады.
Резервуардың қажетті көлемі, ақаба судың келу және насоспен айдау графиктеріне сай анықталады.
Насосты қажетті қысыммен судың максимальды келу көлеміне байланысты таңдайды. Қажетті қысым келесі формуламен анқталады:


Hтр =Hг +hпот (44)

бұндағы: Нг =z1-z2 — судың келуінің геометриялық биіктігі (бұнда z1— судың келу биіктігі; z2 — қабылдау резервуарындағы судың орташа биіктігі);


hпот — қысымды және сору құбыр желісіндегі қысымның жоғалуы.
Насос станциясының максимальды қуаттылығы ақаба судың келу және шығудың сатылы және интегральды графигі арқылы анықталады. Көп жағдайда ол келетін ақаба судың максимальды көлеміне тең болады.


Қысымды құбырды темір бетоннан немесе асбестоцементті құбырдан екі бөлек желі етіп орналастырады. Кейбір жағдайларда әр түрлі ерекшеліктерге байланысты шойын немесе болат құбырлады қолданады. Ондағы судың жылдамдығы 1,5 м/с тең болуы керек.
Жауын-шашын суын айдау сирек жүргізіледі. Бұл жағдайда пропеллерді насосты қолданған дұрыс.
Тапсырмалар:

  1. Айдалатын сұйықтықтың ерекшеліктеріне қарай насостарға қойылатын талаптар.

  2. Канализациялық насостық станция және оның құрылымын таңдау.

  3. Қажетті қысымды анықтау.

Ұсынылатын әдебиеттер: НӘ 3,5, ӘН 2




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   48




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет