Тақырыбы: «Канализациялық желі құбырының көмілу тереңдігін анықтау»
Құбырдың көмілу тереңдігінің маңызы. Жер бетінен құбыр түбіне дейінгі ең аз тереңдік. Жылдамдық және еңістік. Өздігінен тазалау жылдамдығы. Ақаба судың жылдамдығын шектеу. Тұрмыстық канализациялық құбырдың еңіс орналасуын анықтау.
Мақсаты: құбырдың көмілу тереңдігінің маңызы және құбырдың еңіс орналасуын анықтаумен танысу.
Құбырдың көмілу тереңдігіне байланысты: канализациялық желіні салу мерізімі және салу бағасы анықталады. Осыған байлансыты жоғарыдағы көрсеткіштерді келесі шартқа сай белгілейді (12 -сурет):
Құбырдағы судың салқындап қатып қалуын болдырмау;
Құбырды механикалық зақымдалуынан қорғау;
Ішкі кварталдық желіні көшелік желіге қосу мүмкінділігі.
12-сурет. Көшелік желінің тереңдігін анықтау схемасы
1 — ішкі кварталдық желі; 2 — көшелік желі.
Жылдың ең салқын күндерінде де ақаба судың температурасы +7 °С төмен түсуге болмайды, сондықтан канализациялық құбырды грунттың қату тереңдігінен төмен тереңдікте көмеді. Құбыр желісін көмуге болатын ең аз тереңдікті ұқсас жағдайда іске қосылған жүйе негізінде анықтайды. Ұқсас жағдай болмаса жер бетінен құбыр түбіне дейінгі ең аз тереңдікті мына формуламен есептейді:
h =hпром-е, (39)
бұндағы: hпром — грунттың қату тереңдігі;
е — құбыр диаметрі 500 мм дейін болса 0,3 м, ал дан үлкендері үшін 0,5 м тең мән.
Сонымен қатар құбыр желілерінің көму тереңдігі транспортпен тапталу кезінде зақымдалмайтын тереңдікте болуы керек. Статистикалық есептеулер көрсеткендей, канализацияда кеңінен қолданылатын құбырлар үшін жер бетінен құбырдың үстіне дейінгі ара қашықтық 0,7 м болса транспорттан түсетін салмақ қауіпті саналады. Егер құбырды жер астына тереңге көму мүмкінділігі болмаса, онда беріктілігі жоғары материалдардан жасалған құбырларды қолданған жөн. Бұл құбырларға темір бетонды, болат және т.с. құбырлар жатады.
Достарыңызбен бөлісу: |