Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2011 жылғы 19 наурыздағы №127 бұйрығы «Ішкі су көлігі туралы»



бет33/129
Дата09.06.2016
өлшемі12.36 Mb.
#124536
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   129
§ 2. Химиялық құрамы

 

1443. Соғылмалар үшін болаттардың химиялық құрамы механикалық және арнайы қасиетіне қатысты қажет етілген болаттың нақты типіне орнатылады.

Соғылмалар жайлы ерітінділі болаттан жасалуы қажет.

1444. Соғылмалар үшін (шөмішті сынама) көміртекті және көміртекті-марганецті болаттардың химиялық құрамы мынадай шекті мәндерге сәйкес болуы қажет, %:



көміртек - 0,60;

кремний - 0,45;

марганец - 0,30 - 1,50;

күкірт - 0,040;

фосфор - 0,040;

мыс - 0,30; хром - 0,30;

молибден - 0,15 және никель - 0,40.

1445. Соғылмалар үшін (шөмішті сынама) қоспалы болаттың химиялық құрамы ең үлкен құрамды Кеме қатынасының тіркелімімен келісілген стандарттар немесе басқа техникалық талаптарына сәйкес болуы қажет, %:



көміртек - 0,45;

кремний - 0,45;

күкірт - 0,03;

фосфор - 0,035.

1446. Дайындаушы өзінің қарауы бойынша, егер басқасы қарастырылмаса, түйірлерді ұсақтайтын элементтерді қабылдауы мүмкін. Мұндай элементтер құрамы шөмішті талдауда көрсетіледі.



 

 

§ 3. Механикалық қасиеті және термиялық өңдеу



 

1447. Ағымдылық шегінің, қатысты ұзартуына, қатысты тарылуы мәнінің қажетті ең аз уақытша қарсыласуына байланысты көміртекті және көміртекті - марганецті болаттан жасалған соғылма үшін соғудан майысу сынауларының нәтижелері осы Қағиданың 218-қосымшасында көрсетілген, шыңдау мен босатудан кейінгі қоспалы болаттан жасалған соғылма - 219-қосымша, цементтелген қоспалы болаттан жасалған соғылма - 218-қосымша мәндеріне сәйкес болуы тиіс.

1448. Соғылмаларды қажетті конструкция мен механикалық қасиетті алу үшін, сондай-ақ түйірді ұсақтау үшін термиялық өңдеуге жатады.

Термиялық өңдеу режимі соғылма болатының химиялық құрамы, тағайымы және өлшемдеріне байланысты мынадай шарттарды орындаумен дайындаушы белгілейді:

1) босату температурасы 550оС төмен болуы тиіс;

2) егер сол немесе басқа себеппен соғылма термиялық өңдеуден кейін ыстық өңдеумен қыздырылады, ол қайта термиялық өңдеуге жатқызу қажет;

3) егер соғылма беттік шыңдауға жататын болса, осы процестің технологиясы және технологиялық талаптары Кеме қатынасынық тіркелімімен келісілуі қажет. Сонымен бірге, ол болат қасиетінің ақаулары мен өзгерісі болмаған жағдайда қажетті қаттылық пен тереңділіктің бет қабатының біркелкілігін тексеру үшін сынауларды жүргізуді талап етуі мүмкін;

4) егер механикалық өңдеуден кейін индукциялық шыңдау, цементтеу немесе азоттау қарастырылса, соғылманы мынадай бетін өңдеуге мүмкін болатын күйге дейін (әдетте, толық қысымға немесе нормалау және босатуға) термиялық өңдеуге жатқызу қажет;

5) егер соңғы термиялық өңдеуден кейін түзетулер орындалып жатса, соғылма кернеуді түсіру үшін термиялық өңдеуге жатқызу қажет;

6) термиялық өңдеу түрі Кеме қатынасының тіркеліміне айтылады және сертификатта көрсетіледі.

 

 

§ 4. Сынамаларды дайындау



 

1449. Сынама өлшемдері сынаулар және қайта сынаулар жүргізу үшін жеткілікті болуы тиіс, ал оның көлденең қимасының ауданы сынама өңделген соғылма бөлігінің көлденең қима алаңынан кем болмауы қажет. Арнайы айтылған жағдайлардан бөлек сынамалар соғылмалармен бірге соғып шығарылуы қажет. Сынамалар олардан жасалған үлгілердің осьтері соғылма бетінен оның диаметрі немесе қалыңдығының 10 % артық ара-қашықтықта орналасатындай етіп, ойып кесілуі қажет.

1450. Сынамаларды соғылмадан бөлшектер цементтеуге жататын болса немесе басқа да шешімдер қабылданса, олардың термиялық өңдеудің барлық түрі аяқталғанға дейін кесіледі.

1451. Жалпы жағдайда сынамадан созылуына сынау үшін бір үлгі және соғудан майысу сынаулары үшін үлгілер комплектісі жасалынады.

1452. Соғылмалар біртіндеп немесе партиямен сынауланады. Арнайы айтылған жағдайлардан басқа сынамаларды таңдау орындары мен көлемі мынадай болуы тиіс:

1) баллер және меңгеріктің қадалық істігі соғылмалары, білік, шатун: осы Қағиданың 221, 222, 223-қосымшасына (А қал.) сәйкес әрбір соғылманың соңынан бойлық осі бойымен бір сынама.

Кеме қатынасының тіркелімімен келісім бойынша сынама В, С және D қалыптарына сәйкес көлденең бағытта ойып кесілуі мүмкін. Егер бір уақытта соғылма салмағы 4 т, ұзындығы 3 м асса соғылманың әрбір шеттерінен бір-бірден сынамалар таңдалады;

2) тісті доңғалақтың соғылмасы: егер соңғы механикалық өңдеуден кейін тісті бөлігінің диаметрі 200 мм асатын болса осы Қағиданың 224-қосымшасына (В қал) сәйкес көлденең бағытта бір сынама немесе егер өлшемдері осы Қағиданың В қалпы бойынша ойып кесілуіне келмесе осы Қағиданың 224-қосымшасына (С қал) сәйкес.



Диаметрі 200 мм және одан кем бойлық сынама осы Қағиданың 224-қосымшасына ( А қал) сәйкес. Егер тісті бөліктің соңғы қзындығы 1250 мм асатын болса, соғылманың әрбір шетінен бір сынамадан ойып кесіледі;

3) тісті доңғалақтыардың соғылмалары; осы Қағиданың 225-қосымшасына ( А немесе В қал) сәйкес көлденең бағытта;

4) жайылу арқылы жасалған тісті доңғалақтардың дайындамалары: бір дайындама осы Қағиданың 226-қосымшасына ( А қал) сәйкес. Дайындаманың соңғы диаметрі 2500 мм немесе салмағы 3 т асса, осы Қағиданың 226-қосымшасында (А және В қал) сәйкес екі сынама ойып кесіледі;

5) муфтаның шыңдалуы, қабықша: осы Қағиданың 227-қосымшасына (А немесе В қал) сәйкес көлденең бағытынан бір сынама. Егер соңғы ұзындық 1250 мм асатын болса, осы Қағиданың 227-қосымшасына (А және В қал) сәйкес соғылманың әрбір шетінен бір сынамадан ойып кесіледі;



6) иінді білік мойындарының соғылмалары: әрбір соғылмадан көлденең бағытынан бір сынамадан;

7) толық тағалған иінді біліктер: осы Қағиданың 228-қосымшасына (А қал) сәйкес жалғанушы муфт жағынан соғылманың шетінен бойлық бағытта бір сынама.



Егер соғылма салмағы 3 т асса, осы Қағиданың 228-қосымшасына (А және В қал) сәйкес оның әрбір шетінен бір сынамадан ойып кесіледі. Егер иінді механикалық өңдеу немесе газ жалынымен кесу жолымен жасалса, осы Қағиданың 228-қосымшасына (О қал) сәйкес көлденең қимада қосымша сынаманы ойып кеседі;

8) белгіленген бағдар бойынша иінді біліктерінің соғылмалары және басқа соғылмалар: сынаманы таңдау саны мен орны әрбір жағдайда Кеме қатынасының тіркелімінің арнайы қарауына жатады;

9) цементтеуге жататын соғылмалар: егер Кеме қатынасының тіркелімімен басқасы айтылмаса, тағалаудан кейінгі алдын-ала сынау мен цементтеуден кейін тиісті соғылмалар үшін пп 1-8 көрсетілген орындарда ақырғы екі еселенген сынамалар ойып кесіледі. Сонымен бірге, соғылмалардың салмағы мен өлшеміне қарамастан сынамаларды тек қана бір бағытта ойып кесіледі. Сынамаларды механикалық тәсілмен қандай диаметр кішілеу екеніне байланысты диаметрі D/4 немесе 60 мм дейін өңделеді.

Алдын-ала сынаулар үшін сынамаларды тағалаудан кейін соғылма карбюризаторсыз цементтеуге және термиялық өңдеуге жатады. Ақырғы сынаулар үшін сынамаларды карбюризаторсыз цементтеуге және олардан алынған соғылмалар термиялық өңдеуге жатады.

Дайындаушының қарауы бойынша көлденең қиманың үлкен аумағын алатын сынамалардың соғылма немесе тісті доңғалақтары цементтеуге немесе карбюризаторсыз цементтеуге жатуы мүмкін, бірақ ақырға шыңдау мен термиялық өңдеуге дейін кернеуін тоқтату үшін оларды қажетті диаметрге дейін өңдеу қажет.

Цементтеуге жататын соғылмаларды сынаудың басқа тәсілдері әрбір нақты жағдайда Кеме қатынасының тіркелімінің арнайы қарауына жатады.

Ескертпе. Тістегергіш мен тісті доңғалақтардың соғылмаларында (осы тармақтың 2), 3) және 4) тармақшасы) соғылмаларға ұқсас режимі бойынша дәл сол ерітінді металынан тағалған бөлек сынамалардан механикалық сынаулар үшін үлгілер ойып-кесілуі мүмкін. Бұл жағдайда сынама соғылма партиясымен бірге термиялық өңделуі қажет.

 

 

§ 5. Сынақтар көлемі



 

1453. Кішкене соғылмаларды бір тұнбада термиялық өңдеуден өткен шамамен бірдей салмақты және көлемді бір ерітінділі сынамалар кіруі тиіс партияда сынауларға ұсынылуы мүмкін. Сынаулар үшін үлгілер соғылма уковтардың өзгеру дәрежесіне тең және соғылмалармен бірге термиялық өңдеуден өткен бөлек тағалған сынамалардан немесе тура партияға кіретін соғылмалардан жасалуы мүмкін.

Соғылмалардың әрбір партиялары үшін сынауларға ең аз дегенде үлгілердің бір жинақтамасы жасалады.

Сынаулар көлемі осы Қағиданың 229-қосымшасына сәйкес белгіленеді.

1454. Егер соғылмалардан бірнеше дайындамалар ойып кесілсе, сынаулар көлемі одан алынған дайындамалар бір тұнбада термиялық өңдеуден өту шартымен соғылма ұзындығы немесе салмағына байланысты белгіленеді.

1455. Соғылма орнына қолданылатын диаметрі 250 мм дейінгі сортты прокат партиямен сынауларға ұсынылуы мүмкін, сонымен бірге партия мыналардан тұруы қажет:



бөлек дайындамаларға кесілген, бір тұнбада термиялық өңдеуден өткен жайылған жартылай дайындалған бір өнімнен, немесе жалпы салмағы 2,5 т кем бір тұнбада термиялық өңдеуден өткен ерітінділері бірдей мен диаметрлі бірдей жайылған дайындамалар материалдарынан.

1456. Кеме қатынасының тіркелімі қаттылықты анықтауды талап етуі мүмкін:



тісшелер термиялық өңдеуден өткен соң тісті доңғалақтардың соғылмалары үшін. Қаттылықты қоршауы бойынша бірдей ара-қашықтықта орналасқан төрт жерде анықтайды. Егер тісті бөліктің соңғы диаметрі 2500 мм асатын болса, қаттылықты сегіз жерде анықтайды. Егер тісті доңғалақ соғылмасының ені 1250 мм асатын болса, қаттылықты соғылманың екі шеттерінде сегіз жерде анықтайды;

партиямен сыналған иінді біліктер немесе тісті доңғалақтардың кіші соғылмалары үшін. Бұл жағдайда қаттылықты әрбір соғылмада анықтайды;

шыңдау, азоттау немесе цементтеуге жатқан соғылмалар үшін.

Сынаулар нәтижелері Кеме қатынасының тіркелімімен келісілген құжаттама талаптарын қанағаттандыру қажет.

 

 

§ 6. Байқау



 

1457. Соғылмалар бұл қажет болғанда ішкі қабаттарын байқау Кеме қатынасының тіркелімі қызметкеріне көзбен шолып бақылауға ұсынылуы қажет.

Соғылмаларда оларды тағайымы бойынша қолдануға кедергі болатын ақаулар болмауы қажет.

1458. Егер осы Қағидамен немесе Кеме қатынасының тіркелімімен келісілген техникалық құжаттамалар бойынша қажет болға жағдайда соғылмалар, оған қоса дәнекерлеуге жататын, Кеме қатынасының тіркелімімен келісілген тәсілдер бойынша бұзылмайтын бақылауға жатады.



Магнитұнтақты немесе каппилярлы бақылау соғылмаларда олар соңғы термиялық өңдеуден өткеннен кейін орындалады, сонымен бірге рұқсат етілген ақаулардың нормалары Кеме қатынасының тіркелімімен келісілуі және олармен келісілген техникалық құжаттама талаптарына сәйкес болуы қажет.

Осы қағидамен немесе Кеме қатынасының тіркелімімен келісілген техникалық құжаттаманың талаптарымен регламенттелу бойынша соғылмалардың ультрадыбысты бақылауларын қолдану соңғы термиялық өңдеуден кейін және бақылау (сонымен қатар, және соңғы механикалық өңдеуден кейін) жүргізу мүмкіндігін қамтамасыз ететін бет қабатын дайындау осы Қағиданың 1461-тармағына сәйкес орындалады.

1459. Бет қабатындағы ақаулар өңдеуге жіберумен ғана рұқсат етіледі. Көзбен шолу немесе бұзылмайтын бақылау кезінде анықталған кішкене бет қабаттағы ақаулар жергілікті тазалау немесе кесіп алу және тазалаумен жойылуы мүмкін. Ақауларды болмауы магнитұнтақты немесе каппилярлы бақылау нәтижелерімен расталуы қажет.

1460. Ақауларды пісіру бөлек жағдайларда әдетте, аз көлемде және мағыналы жүктемені қабылдамайтын орындарда рұқсат етіледі. Жөндеу технологиясы және бақылау тәсілі Кеме қатынасының тіркелімімен келісуге жатады.



Ол аяқталғаннан кейін пісіру орындары және бақылау нәтижелері соғылма сызбасында немесе эскизінде жазылуы тиіс.

 

 

§ 7. Ультрадыбысты бақылау және таңбалау



 

1461. Ультрадыбысты бақылау осы Қағиданың 1297, 1299 және 1300-тармағы талабына сәйкес орындалады.

1462. Болатты соғылмаларды таңбалау осы Қағиданың 91-тарауы талаптарына сәйкес болуы қажет.

 

 

102. Болат құймалар



 

§ 1. Жалпы нұсқаулар

 

1463. Болатты құймалар мынадай көрсетілген нұсқауларға сәйкес жасалуы және сыналуы қажет.

1464. Осы талаптар кеме жасауға және удовты машина жасауға арналған және қолдану аясы бөлме температурасында анықталған қасиеттерінен анықталатын көміртекті және көміртекті - марганецті болаттан жасалған құймаларға қолданылады.

1465. Төмен немесе жоғары температурада жұмыс істеуге арналған бөліктер құймалары, сондай-ақ арнайы қасиеттерімен қоспалы болаттан жасалған құймаларға қойылатын талаптар (коррозиялық ұстамдылық, ыстыққа ұстамдылық, ыстыққа тұрақтылық) әрбір жағдайда Кеме қатынасының тіркелімінің арнайы қарауына жатады. Сонымен бірге Кеме қатынасының тіркеліміне келісуге ұсынылатын құжаттамаларда химиялық құрамы, механикалық және арнайы қасиеттері, термиялық өңдеу, құймаларды сынаулардың көлемі мен тәсілдері бойынша толық мәліметтер көрсетілуі қажет.

1466. Егер құйылған күрделі нысанды бөліктерді жасау кезінде екі немесе одан аса құймаларды пісіру алдын-ала қарастырылса, болаттың химиялық құрамы және пісіру технологиясы Кеме қатынасының тіркелімімен келісілуі тиіс, сонымен бірге ол дәнекерлеу жалғанулардың технологиялық сынауларын талап етуі мүмкін.



 

 

§ 2. Химиялық құрам



 

1467. Құймаларға арналған болаттың химиялық құрамы қажетті механикалық және арнайы қасиеттеріне байланысты болаттың нақты типіне қолдануға белгіленген. Құймалар еркін ерітінді болаттан жасалуы қажет.

1468. Құймалар үшін көміртекті және көміртекті-марганецті болаттың химиялық құрамы (шөмішті сынама) мынадай ақырғы мәндерге сәйкес болуы қажет, %:



көміртек - 0,40; кремний - 0,60; марганец - 0,50-1,60; күкірт - 0,040;

фосфор - 0,040; мыс - 0,30; хром - 0,30; никель - 0,40 және молибден - 0,15.

Қазіргі стандарттар бойынша химиялық және механикалық қасиеттеріне құймалар қолданылуы мүмкін.

1469. Дайындаушы, басқасы айтылмаса, өзінің талабы бойынша түйірді ұсақтайтын элементтерді қолдануы мүмкін.



Бұл элементтердің құрамы шөмішті талдау нәтижелерінде көрсетіледі.

 

 

§ 3. Механикалық қасиеті. Термиялық өңдеу



 

1470. Қажетті ең аз уақытша қарсыласуына Rm, байланысты қатысты ұзарту, қатысты тарылудың ағымдылық шегінің мәні және көміртекті және көміртекті-марганецті болаттан тұратын құймалар үшін соғудан майысу сынаулар нәтижелері осы Қағиданың 230-қосымшасында көрсетілгенге сәйкес болуы қажет.

1471. Егер Кеме қатнасының тіркелімімен ерекшесі айтылмаса, дайындаушының қарауы бойынша соғудан майысу сынаулары кезінде осы Қағиданың 176, 177 және 174-қосымшасына сәйкес соғу жұмысы KV немесе KU, соғудан жабысқақтығы KCU анықталады.

1472. Қажетті конструкция мен механикалық қасиетін алу үшін құймалар термиялық өңдеуге жатады. Термиялық өңдеудің режимін химиялық құрамы, тағайымы және құйма формасына байланысты мынадай шарттарды орындаумен белгіленеді:



1) жіберу температурасы 500оС температурасынан төмен болмауы қажет;

2) өлшемдер бір қалыптылығы және ішкі кернеулер жоқ бөліктер кернеулерін тоқтату үшін өте маңызды болатын термиялық өңдеу 550оС жоғары температурада өткізілуі қажет, сонан кейін құймалар пешпен бірге 300оС немесе одан жоғары температурада салқындатылуы қажет.

3) егер термиялық өңдеуден кейін құйма қыздыру немесе түзетуге жататын болса, Кеме қатынасының тіркелімі кернеуді тоқтату үшін термиялық өңдеуді өткізуді талап етуі мүмкін.

 

 

§ 4. Сынамаларды дайындау



 

1473. Сынамалар тікелей құймалардан немесе оған құюлардан жасалуы мүмкін. Сынамалар қалыңдығы 30 мм кем болмауы қажет.

Бөлек құйылған сынамалар қолданылуы мүмкін, сонымен бірге олардың өлшемдері құймалар өлшемдеріне сәйкес болуы қажет.

1474. Егер құймадан екі немесе одан аса сынамаларды дайындау алдын-ала қарастырылса, оларды таңдау орындары бір-бірінен ең үлкен мүмкін болатын қашық орналасуы қажет.

1475. Сынамалар олар жасалған құймалармен бірге термиялық өңдеуге жатады.

1476. Әрбір құймадан кемінде бір сынама дайындалуы қажет. Егер бір құйма үшін бірнеше шөміштен жасалған металл қолданылса, әрбір шөміштен бір сынамадан таңдалуы қажет.



Егер тазартылған күйдегі құйма салмағы 10 т асса немесе құйма күрделі нысанды болса, одан кемінде екі сынама дайындалуы қажет.

 

 

§ 5. Сынақтар көлемі



 

1477. Құймаларды партиямен сынаулар рұқсат етіледі. Әрбір партия бір шөміш металынан құйылған және бір тұнбада термиялық өңделген шамамен бірдей өлшемді және нысанды құймалардан тұруы қажет. Құймаларды партиямен сынау кезінде үлгілерді бөлек құйылған сынамалардан немесе партияның бірден-бір құймаларынан дайындалуы мүмкін.

1478. Әрбір сынамадан созылуға сынау үшін ең аз дегенде бір үлгі және соғудан майысу сынаулары үшін үлгілер жиынтығы дайындалуы қажет.



 

 

§ 6. Байқау және таңбалау



 

1479. Құймалар тазартылған қылаулары жойылған байқау мен соңғы сынауларға ұсынылуы қажет.

Құймалар оларды тағайымы бойынша қолдануға кері әсер ететін ақаулары болмауы қажет.

1480. Қағиданың сол немесе басқа бөліктерінде тиісті талаптары болса немесе Кеме қатынасының тіркелімі қызметкері нұсқауы бойынша құймалар бұзылмайтын бақылауға алу қажет.



Бақылау тәсілі мен мүмкін болатын ақаулар нормалары Кеме қатынасының тіркелімімен келісілген техникалық құжаттамалар талаптарына сәйкес болуы қажет.

1481. Өңдеуге жіберу шегінде орналасқан бет қабат ақаулары механикалық өңдеу жолымен өңделуі мүмкін.

1482. Ақауларды осы Қағиданың 1731-тармағына сәйкес дәнекерлеумен арқылы түзетілуі мүмкін. Өлшемдері бойынша маңызды ақауларды дәнекерлеумен түзету алдында қоспалы болаттан жасалған құймалар, иінді біліктің құймалары және басқа жауапты бөліктерді осы Қағиданың 1472-тармағына талаптарын ескере отырып, термиялық өңдеуге жатады; Инспектордың талабы бойынша пісірілу орындары бұзылмайтын бақылауға жатады.

1483. Қалған құймаларды таңбалау осы Қағиданың 91-тармағына талаптарына сәйкес болуы қажет.



 

 

103. Еспелі бұрандалар үшін болатты құймалар



 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   129




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет