8. Қазандар, жылу ауыстырғыш аппараттар және қысымдағы ыдыстар
398. Осы бөлім нормалары қазандарды, жылу ауыстырғыш аппараттарды және қысымдағы ыдыстарды дайындауға техникалық бақылауды жүзеге асыру бойынша нұсқауларды, сондай-ақ Номенклатураға сәйкес кемеде монтаждау мен сынауды реттейді (осы Қағиданың 1-қосымшасы).
399. Жинақтаушы бұйымдарға және шыңдауды, құюды қоса қазандарды, жылу ауыстырғыш аппараттарды және қысымдағы ыдыстарды дайындауға кететін барлық материалдарға олардың техникалық құжаттамаға сәйкестігін растайтын құжаттар ұсынылады.
400. Қазандарды, жылу ауыстырғыш аппараттарды және қысымдағы ыдыстарды, олардың бөлшектерін және бөліктерін технологиялық операцияларды орындаумен дайындауды техникалық бақылау Кеме қатынасы тіркелімі келіскен техникалық құжаттама бойынша жүзеге асырылады.
401. Қазандардың, жылу ауыстырғыш аппараттардың және қысымдағы ыдыстардың бөлшектері мен бөліктерін дайындауға арналған материалдар Кеме қатынасы тіркелімімен келісілген техникалық құжаттамаға сәйкес болуы қажет.
Бұл ретте белгінің болуы және таңбалаудың осы материалдың сапасын растайтын құжатқа сәйкес келуі тексеріледі.
Сапасы немесе материалды пайдалануға арналған марка күмән тудырса, Кеме қатынасы тіркелімінің қызметкері тиісті зерттеулер мен сынауларды жүргізуді талап етеді.
402. Материалдың брак белгілері болатын табақшалардың, шыңдалу және құю ақауларының жоқтығы олардың жоғарғы бетін сыртынан қараумен белгіленеді.
403. Процесте физика-химиялық, механикалық қасиеттерін және констуркциясын өзгерту мүмкін болатын (термиялық тілу, штамповкалау, термоөңдеу), материалдарды өңдеудің технологиялық процестері мұндай өңдеу режимі және бақылау тәсілдері Кеме қатынасы тіркелімімен келісіледі.
404. Бөлшектердің өлшемдері (табақшалар қалыңдығы, радиустары, фланцовкалау, саңылау қадамдары) бұйымды жинағанға дейін сызбаларда көрсетілген және сызбалардың техникалық талаптарына сәйкестігі тексеріледі. Жинауға түсетін бөлшектер дайындаушы-ұйымның техникалық бақылау қызметімен қабылданады.
405. Бұйымның бөлшектерін және бөліктерін жинау Кеме қатынасы тіркелімімен келісілген техникалық құжаттамаға сәйкес элементтер арасындағы рұқсат етілген саңылаулар шегінде орындалады.
Жанасатын элементтерді шегінен тыс тарту жолымен келтіру, немесе суық күйінде соққымен түзетуге жол берілмейді. Кеме қатынасы тіркелімі қызметкерінің келісімі бойынша келістіру үшін жанасатын элементтерді жылытып түзетуге рұқсат етіледі.
406. Дәнекерлеу алдында Кеме қатынасы тіркелімімен келісілген сызбаға сәйкес төзетін жиегі мен саңылаулар тексерілу қажет. Жиек бетінде сызат, қабаттасу және басқа ақаулар болмауы қажет.
407. Дәнекерлеу жұмыстарын орындауға Кеме қатынасы тіркелімімен келісілген техникалық құжаттама талаптарына дәнекерленетін материалдардың сәйкестігін тексергеннен кейін рұқсат етіледі қажет болған жағдайда осы Қағиданың 380-тармағындағы талаптарды басшылыққа алады.
Дәнекерлеушілерде олардың біліктілігін растайтын құжаттары болуы қажет.
408. Егер осындай көзделсе, дәнекерленген жалғаулардың сапасын бақылау термиялық өңдеуден кейін жүргізіледі.
Бақылау көлемі және жапсарлы дәнекерленген жалғауларды бақылау әдістері Кеме қатынасы тіркелімімен келісілген техникалық құжаттамаға сәйкес келуі қажет.
409. Қазандардың, жылу ауыстырғыш аппараттардың және қысымдағы ыдыстардың арматуралары штатты орындарына орнатқанға дейін беріктілікке гидравликалық сынауға жатады.
410. Қазандардың, жылу ауыстырғыш аппараттардың және қысымдағы ыдыстардың бөлшектері мен бөліктері оларды жинағанға дейін, стандартпен көзделген норма бойынша сынама қысыммен беріктілікке гидравликалық сынау жасалады.
Сынама қысымға гидравликалық сынау келесі шарттарды орындаумен Кеме қатынасы тіркелімі қызметкерінің қатысуымен жүргізіледі:
1) жинау, дәнекерлеу және дәнекерленген тігістерді бақылау бойынша барлық жұмыстар аяқталған және дайындаушы-ұйымның техникалық бақылау қызметімен қабылданған;
2) бұйымдар элементтерінде оқшаулау және басқа да қорғау жабындары жоқ;
3) дайындаушы-ұйымның техникалық бақылау қызметінің бөлшектің немесе бұйымның гидравликалық сынаққа дайындығы туралы құжаттың болуы;
4) бөлшек немесе бұйым Кеме қатынасы тіркелімінің қызметкерімен тексерілген.
411. Қазандар, жылу ауыстырғыш аппараттар және қысымдағы ыдыстар арматурасыз жиналған түрінде оқшаулауды немесе қандай да бір қорғау жабынын жапқанға дейін цехта ішкі куәландыруға және стандартпен көзделген норма бойынша сынама қысыммен гидравликалық сынау жасалады.
412. Қазандарды, жылу ауыстырғыш аппараттарды және қысымдағы ыдыстарды куәландыру және гидравликалық сынаудың оң нәтижесінде Кеме қатынасы тіркелімінің қызметкері сертификат береді. Қажет болған жағдайда бұйымға Кеме қатынасы тіркелімінің таңбалауы және белгісі қойылады.
413. Басты үлгілерді дайындауға техникалық бақылау кезінде қосымша тексеруге принципиальды жаңа конструкцияның немесе жаңа технология бойынша дайындалған бөліктері мен бөлшектері ұшырайды. Қазандықтың (пайдаға жаратылғаннан басқа) басты үлгісі Кеме қатынасы тіркелімі қызметкерімен келісілген бағдарлама бойынша кеңейтілген стенділік сынауға жатады.
Стенділік сынақтың бір бөлігі Кеме қатынасы тіркелімінің келісімі бойынша кемеде орындалады.
414. Қазандарды, жылу ауыстырғыш аппараттарды және қысымдағы ыдыстарды орнату Кеме қатынасы тіркелімімен монтаждауға келісілген жұмыс құжаттамасының талаптарына сәйкес орындалады. Монтаж басталғанға дейін, жинау және кемелік іргетастарды дәнекерлеу бойынша жұмыстардың аяқталғандығына және дайындаушы-ұйымның техникалық бақылау қызметімен қабылданғанына, ал бұйымдардың өздері оларды қолдану мүмкіндігін растайтын тиісті құжатының бар екеніне көз жеткізу қажет.
415. Қазандарға штатты арматурамен және өлшеу құралдарымен ішкі куәландыруды, монтаждық жұмысты, қазанды іргетасқа орнатқан және бекіткеннен кейін, бірақ оқшаулауды, қаптаманы және футеровканы орнатқанға дейін Кеме қатынасы тіркелімінің қызметкері жүргізеді.
Жылу ауыстырғыш аппараттардың ішкі куәландыруын ұйымның техникалық бақылау қызметі жүргізеді.
Қысымдағы ыдыстарды ішкі куәландыруды Кеме қатынасы тіркелімінің қызметкері жүргізеді.
Егер қазан дайындаушы-ұйымнан толықтай жиналған түрінде түссе (оқшаулау, футеровкалау және қаптамалармен бірге) және тиісті құжаттары болған кезде ішкі куәландыруды қол жетімді жерде жүргізеді.
416. Қазанды ішкі куәландыруда жүргізу кезінде мыналарға көз жеткізеді:
1) қазан элементтерінде және дәнекерленген тігістерде зақымданулар мен ақаулар жоқ;
2) су қыздырғыш, экранды және түсіру құбырларының формасы өзгермеген және оларда калибрленген шариктер көмегімен тексерілетін тығындар жоқ;
3) қыздыру бетіне қатысты су көрсеткіш құралдарын орнату осы Қағиданың талаптарына сәйкес орындалған;
4) барабандардың және коллекторлардың ішкі жабдықтары сызбаға сәйкес және сенімді бекітілген;
5) қазанда орнатылған арматура және бақылап-өлшегіш құралдар, сызбаларға сәйкес келеді;
6) бақылап-өлшегіш құралдарда мерзім өтпеген таңбаларды басқыш және/немесе метрологиялық ұйымның пломбасы бар;
7) қазандықтардың барабандары және коллекторлары, сондай-ақ буды қайта қыздырғыш коллекторлар жылудың сәулелену ағынының тікелей әсер етуінен қорғалған.
417. Қазанды тығыздыққа барлық құбырлармен және арматурамен оны кемеге орнатқаннан кейін гидравликалық сынауды, стандартпен көзделген норма бойынша сынама қысыммен Кеме қатынасы тіркелімі қызметкерінің қатысуымен жүргізіледі.
Басты бу өткізгіш, қоректік ағынды құбыр, үрлеу құбырлары және су өлшегіш құралдар барлық арматурасымен қазандықпен бірге гидравликалық сынауға ұшырау керек.
Егер қазандық толықтай жиналған күйінде түссе (оқшаулаумен, футеровкамен, қаптамамен) және талап етілген құжаттары болса, қазандға кемеде гидравликалық сынақ жүргізбеуге болады. Бу құбырын кемеде гидравликалық сынау барлық жағдайларда міндетті.
418. Қазанды сынау кезінде сынама қысымын 5-10 минут уақыт ішінде ұстап тұру керек.
Сынама қысыммен ұстап тұрған уақытта айдағыш сорғы сөндіріліп тұру керек, сонымен бірге қазандағы қысым төмендемейді. Бұдан кейін қысымды жұмыс қысымына дейін төмендетіп және қарауды аяқтағанға дейін тұрақты ұстап тұру қажет.
419. Егер ағу немесе дәнекерленген тігістердің терлеуі, біліктеуші жалғаулардағы құбырлардың, жалғаушы фланцтық арматуралардағы, бақылап-өлшегіш құралдарды жалғағыштарда су өтпеуі, сондай-ақ жергілікті адыраю, қалдық деформациялар және қандай да бір жалғаулардың бұзылу белгілері байқалмаса қазан сынақтан өтті деп саналады.
420. Қысымдағы ыдыстар барлық арматуралармен және құбырлармен тығыздыққа гидравликалық сынауға, әуе сынауына және кемеде орнатқаннан кейін сыртқы қарауға жатады. Гидравликалық сынақты стандартпен көзделген норма бойынша сынама қысыммен жүргізеді.
421. Гидравликалық сынақтан кейін қысымдағы ыдыстарды жалғаулардың тығыздығын анықтау үшін жұмыс қысымында әуеде сынауға жатады.
Осы Қағида талаптарына сәйкес тексерген және реттегеннен кейін сақтандырғыш клапандар дайындаушы-ұйымның техникалық бақылау қызметінің персоналымен пломбыланады.
422. Қазандардың және қысымдағы ыдыстардың зауыттық нөмірі, дайындалу жылы, дайындаушы-ұйымның атауы, сондай-ақ техникалық сипаттамалары Жүзуге жарамдылығы туралы куәліктің тиісті бөлімдерінде жазылады.
423. Алғашқы ішкі куәландыру және гидравликалық сынақ нәтижелері кемеде монтаждаудан кейін қысымдағы ыдыстарға арналған актілерде жазылады.
Бір мақсаттағы және техникалық сипаттама актілері бірдей қысымдағы ыдыстарды барлық ыдыстардың зауыттық нөмірін көрсетіп бір бланкіде жасауға рұқсат етілмейді.
424. Қазанның буын сынау кемеде оны монтаждағаннан кейін жүргізіледі.
Бұл ретте мынадай шарттарды сақтайды:
1) сынау ұзақтылығы будың жұмыс қысымында 4-8 сағатты құрайды;
2) қазаннан бу жұмсалмайды, бу қыздырғыштың коллекторын үрлеу клапанын қоспағанда, қазанның барлық клапандары жабық;
3) қазандағы су деңгейі жұмыс диапазонында ұсталады;
4) қазанның оқшаулануы және қаптамасы осы Қағиданың 404-тармағы талаптарының орындалу мүмкіндігі қамтамасыз етілетіндей түрде шешілген.
Егер қазан толықтай жиналған күйінде түссе (оқшаулаумен, футеровкамен, қаптамамен) және тиісті құжаттары болған кезде, қазандықтың бу сынағын жүргізбеуге болады. Мұндай жағдайда қазан буын сынау оқшаулау жұмыстарына дейін дайындаушы-ұйымда орындалады.
Бу сынағынан кейін қазан арқандап байлау және жүрісте сынауға жіберіледі.
Пайдаға жаратылған қазандар бумен арқандап байлау және жүрісте сынауларда қозғалтқыш жұмыс істеп тұрған кезде сыналады.
425. Қазанды бумен сынау кезінде тексереді:
1) қазанның, арматуралар мен бу өткізгіштердің фланецті жалғауларының дәнекерленген, тойтарылған, бұрандалы және біліктеуші жалғаулардың тығыздығы;
2) қазан мен түтіндік қаптамасының тығыздығы;
3) қазанның жылуын кеңейту мүмкіндігін қамтамасыз ету үшін қазанның іргетастағы қазанды бекіту тірегі саңылауының жылулық саңылауларының болуы және өлшемдері және қазанның ығысуын сақтандыру үшін құрылғыларда саңылаулардың болуы;
4) қазан бөлігінің жылу деформациясының болуы және параметрлері.
Бу астында қазанды сынаудың қанағаттанарлық нәтижесінде және сынау кезінде байқалған ақауларды жою кезінде Кеме қатынасын тіркелімі қызметкері оқшаулауды және қаптаманы монтаждауға рұқсат береді.
426. Қазанды және басты бу өткізгішті бумен сынау нәтижелері кеменің алғашқы куәландыру актісінде жазылады.
427. Бу қазандарын арқандап байлау және жүрісте сынауда іс-қимылын тексеру, Кеме қатынасы тіркелімімен келісілген бағдарлама бойынша жүргізеді.
428. Бу қазанының арқандап байлау және жүрісте сынауға дайындығы кеме жасаушы ұйымның техникалық бақылау қызметінің құжатымен расталады.
429. Қазанды арқандап байлау және жүрісте сынау процесінде:
1) жылу жүйесінің жұмысын, оның ішінде: жылу айдағыш сорғыны, сүзгілерді, арматураларды, жылу қыздырғыштарды, шығыстық отын цистерналарын толтыруды;
2) форсункалар жұмысын және жану сапасын (визуальды);
3) конденсатты-қоректік жүйелер жұмысын: қоректік сорғыларды, сүзгілерді, арматураларды, жылу жәшігіндегі және бақылау цистернасындағы конденсат сапасын және суды дайындау сапасын;
4) желдеткіштер, шиберлер жұмысын, әуе каналдарының тығыздығы;
5) қазан және түтіндіктің бүркеніш тығыздығы;
6) автоматиканың жұмысқа қабілеттілігі;
7) электр жабдықтың жұмысы;
8) қазан және оның элементтері дірілінің амплитудасы және жиілігін тексереді.
430. Қазан пайдалану нұсқаулығымен және сынау бағдарламасымен көзделген барлық режимде сыналады. Сонымен бірге автономды қазандарды арқандап байлап сынау ақырғы сынау болып табылады.
Кәдеге жаратылған қазандар толық көлемде жүрістегі сынауда сыналады.
431. Қазанды арматуралармен, жабдықтармен, сорғылармен, сүзгілермен, жылу ауыстырғыш аппараттармен, құбырлармен және жүйенің басқа да элементтерімен сыртынан қарау жұмыс қысымы кезінде бу астында жүргізіледі.
432. Қазанды сыртынан қарау кезінде::
1) су өлшегіш шынылар каналдарын бумен және сумен үрлеу жолымен қазандағы су деңгейін, сондай-ақ сынақ крандарын үрлеумен;
2) қазан манометрінің шүмек тығынындағы қауіп қатердің дұрыс жағылғанын;
3) су көрсеткіш құралдардың дұрыстығы;
4) манометрлердегі және пломбыларды және мөртабандарды (калибрлеу мерзімін көрсетумен) және олардың шкалаларында қызыл сызықтың болуы;
5) бу өткізгіштің қарым-қатынасты клапандарының, отынды және тоқтатқыш клапандардың қашықтық жетектерінің жөнделгені;
6) қазанды жоғарыдан және төменнен үрлейтін клапандар қимылының дұрыстығы;
7) сақтандырғыш клапандарды реттеу, сонымен бірге бу қыздырғышпен бірінші кезекте бу қыздырғыштың сақтандырғыш клапаны жұмыс істеу керек, ал бұдан әрі қысымның жоғарылауы - қазанда орнатылған қаныққан будың сақтандырғыш клапандары.
Сақтандырғыш клапандарын реттеуді тексеру қазан жұмысын қолмен басқару кезінде жүргізіледі;
8) қазан бөлмесінен және оның шегінен сақтандырғыш клапандардың түсіретін қолдық жетектері әрекетінің дұрыстығы;
9) қоректік құралдар әрекетінің дұрыстығы;
10) қазан автоматтау жүйесінің, авариялық қорғаудың және сигнал беру жұмысының дұрыстығы;
11) қазан жұмысының автоматтықтан қолдық басқаруға және керісінше ауысқан кезде тұрақтылығы;
12) ағулардың болмауы, жалынды бөліктердің қаралатын жерлерінде булау және босату, кірпішті оттықты қалаудың жағдайы, оттық ағаштардың ілмектерінің дұрыстығы;
13) отын және олардың әуе құбырларын, отын құбырының, отын сорғыларының, форсункалар қоймасының жалпы жағдайы;
14) қазанды және бу өткізгішті оқшаулау сапасы тексеріледі.
Сақтандырғыш клапандарды реттеудің оң нәтижесінде тікелей қазанда орнатылған клапандардың біреуі, кеме жасаушы ұйымның техникалық бақылау қызметінің өкілімен пломбылануы қажет.
433. Арқандап байлау және жүрісте сынаулардан кейін бу қазандары ішкі куәландыруға ұсынылады.
Кеме жасаушы ұйымның техникалық бақылау қызметімен арқандап байлау және жүрісте сынаудан кейін жүргізілген қызу құбырларын өлшеу нәтижелері, оларды қазанды цехта дайындау кезінде алынған немесе техникалық құжаттамада көрсетілген өлшеу нәтижелерімен салыстыру үшін Кеме қатынасы тіркелімінің қызметкеріне ұсынады.
434. Жылу ауыстырғыш аппараттарды және қысымдағы сауыттарды швартовты және жүрістік сынауда іс-қимылда тексеруді Кеме қатынасы тіркелімімен келісілген бағдарлама-әдістеме бойынша жүргізеді.
435. Жылу ауыстырғыш аппараттарды іс-қимылда тексеруді олардың монтажының және жұмыста сенімділігінің сапасын тексеру мақсатында, қызмет көрсетуші жүйелермен, құбырлармен және құрылғылармен бірігіп орындайды.
Сонымен бірге:
1) жұмыс ортасының ерекше параметрлеріндегі жұмысын;
2) арматуралардың, бақылап-өлшегіш құралдардың және реттегіш құрылғылардың іс-қимылының дұрыстығы;
3) сақтандырғыш және сигнальды-қорғау құрылғыларын реттеуді;
4) отындық кеңейтілудің орнын толтыратын, бекіту және құрылғы конструкциясын тексереді.
436. Қысымдағы сауыттарды іс-қимылда тексеру олардың монтажын және жұмыста сенімділігі сапасын бағалау мақсатында жүргізіледі.
Сонымен бірге:
1) арматуралардың, бақылап-өлшегіш құралдардың және реттегіш құрылғылардың дұрыстығы;
2) сақтандырғыш құрылғыларды реттеуді, сақтандырғыш клапандарда пломбалардың болуы;
3) сауыттан ылғалды жою үшін құрылғылар іс-қимылын;
4) манометрлердегі пломбыларды және мөртабандарды (олардың калибрлеу мерзімін көрсетумен), манометрлер шкаласында рұқсат етілген қысымды белгілейтін қызыл сызықтың болуы тексеріледі.
9. Тоңазытқыш қондырғылар
437. Осы бөлімнің нормаларымен тоңазытқыш жабдықтарды дайындауға, кемеде тоңазытқыш қондырғыларды монтаждауға және сынауға техникалық бақылауды жүзеге асыруға байланысты қатынастар реттеледі.
438. Техникалық бақылау Номенклатураға сәйкес жасалған Тізбеге сәйкес тексеру жолымен жүргізіледі (осы Қағиданың 1-қосымшасы).
439. Техникалық шарттар және тоңазытқыш жабдықты сынау бағдарламасы Кеме қатынасы тіркелімімен келісіледі.
440. Тоңазытқыш жабдықтарды дайындау кезінде техникалық бақылау көлеміне мыналар кіреді:
1) техникалық құжаттаманы тексеру;
2) бөлшектерді, бөліктерді, жинақтаушы бұйымдарды тексеру;
3) қосылған және дәнекерленген жалғаулар сапасын тексеру;
4) беріктілікке гидравликалық сынау;
5) тығыздыққа пневматикалық сынау;
6) вакуумдаумен герметикалыққа сынау;
7) стенділік сынақтар;
8) ревизия.
441. Тоңазытқыш жабдықтарды дайындауға техникалық бақылау кезінде осы Қағиданың 20-28-тармақтарында қолданылатын ережелерді және Кеме қатынасы тіркелімімен келісілген техникалық құжаттама талаптарын басшылыққа алады.
442. Осы Қағиданың 419-тармағының 4)-6) тармақшаларында көрсетілген сынақ кезінде ІСЖКЖҚ-ның 34-бөлімінің ережелерін басшылыққа алады.
443. Стенділік сынақ және тоңазытқыш жабдыққа ревизия жүргізу кезінде, мыналарды ескере отырып осы Қағиданың 284-290-тармақтарының нұсқаулықтарын басшылыққа алады:
1) компрессорды сынауға арналған стенд, толықтай тоңазытқыш цикл бойынша ерекше тоңазытқыш агенттерді, майларды қолданумен және тоңазытқыш агенттің паспорттық параметрлерін және қоршаған ортаның шартын (суды салқындату температурасы +320 С, орта ауасы +500 С) қолдаумен компрессордың жұмысын қамтамасыз ету қажет;
2) компрессорлардың басты үлгілерін (тәжірибелі) сынау, сондай-ақ ұйымның Тану туралы куәлігін растау мақсатында мерзімді сынау суық өнімділігін, көлемді беруді, тұтынылатын қуатты және май шығынын анықтау немесе растау мақсатында номинальды қуат режимінде және бос жүрісте жүргізіледі;
3) электр қозғалтқышы ішінде орнатылған компрессорлардың іске қосу сипаттамасын, температурасын және оқшаулау қарсылығын тексереді;
4) басты (тәжірибелі) копрессорларды сынау ұзақтылығы, 150 сағат қысымның максимальды әртүрлілігі режимінде және 150 сағат ең жоғары қуат режимінде жұмыс істеуге кететін 500 сағат кем болмау қажет;
5) тоңазытқыш агенттің сорғыларын ерекше тоңазытқыш агентті қолданумен сынайды;
6) тоңазытқыш агенттің сорғысын сынау ұзақтылығы оның ерекшелік сипаттамасын анықтау үшін жеткілікті, бірақ тоқталған өндіріс кезінде 8 сағаттан кем емес болу қажет. Басқа жағдайларда сынау ұзақтылығы Кеме қатынасының тіркелімімен келісіледі;
7) тоңазытқыш агенттің қысымымен жұмыс істейтін жылу ауыстырғыш аппараттар (басты немесе тәжірибелі үлгілері), ерекше тоңазытқыш агентті қолданумен және аппараттың конструкциясы мен міндетін ескерумен стенділік жылу техникалық сынақтан өтуі керек. Стенділік жабдықтар толық тоңазытқыш циклді жүзеге асырумен аппарат жұмысын қамтамасыз етеді.
444. Типтік бұйымды мақұлдау туралы сертификатты және (немесе) ұйымды тану туралы куәлікті алу мақсатында басты (тәжірибелі) үлгілерді сынау мерзімдік немесе типтік сынаулармен біріктіріледі.
445. Кемеде тоңазытқыш қондырғыны монтаждау және сынауды техникалық бақылау кезінде мыналарды ескере отырып осы Қағиданың
Достарыңызбен бөлісу: |