Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің м а. 2011 жылғы 13 мамырдағы №276 Бұйрығы «Ішкі су көлігі туралы»


Кемелерді жасау және жөндеуге техникалық бақылау



бет4/23
Дата09.06.2016
өлшемі1.8 Mb.
#124549
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23
5. Кемелерді жасау және жөндеуге техникалық бақылау

 

154. Техникалық бақылауды жүргізу тәртібі, тексеру және сынаулар түрі осы Қағиданың 86-тармағымен анықталған Тізбемен белгіленеді.

155. Тізбеде техникалық бақылау объектілері, оның ішінде кеменің корпустық конструкциясы, қозғалтқыштар және басқа да техникалық құралдар, құрылғылар, жабдықтар және жабдықтаулар, сондай-ақ жекелеген технологиялық операциялар және Кеме қатынасы тіркелімінің техникалық бақылауымен жүргізілетін жұмыстар көрсетіледі.

Кемені модульді жасау кезінде Тізбеде корпустық конструкцияның корпус жинауына баратын панель, секция, блоктар ретінде көрсететін конструктивтік модульдер көрсетіледі.

Бір немесе бірнеше біртектес техникалық бақылауды немесе кемені жасаудың осы сатысында аяқталған жұмыс көлемін қамтитын Кеме қатынасы тіркелімінің қызметкеріне біреуін көрсету Тізбенің әрбір тармағына сәйкес келеді. Сонымен бірге технологиялық жүйелілігі және басқа да кемені жасау шарттары ескеріледі.

156. Тізбеге қосымша немесе жекелеген ұстанымдарын өзгерту Кеме қатынасы тіркелімі қызметкерінің келісімі бойынша, онда: ұйымның Кеме қатынасы тіркеліміне ұсынатын стандартттары, секция және блоктарды көрсету тізімі, су өткізбеушілікке сынау журналы тәжірибесіне сәйкес қабылданған кеме жасаушы ұйыммен әзірленген құжаттар қолданылады.

157. Егер жоюды талап ететін ақаулар және жетіспеушіліктер байқалса, Кеме қатынасы тіркелімінің қызметкері техникалық бақылау объектісін қайта тексеруге ұсынуды талап етеді.

Жасаудың қандай да бір кезеңінде ақаулар байқалған жағдайда Кеме қатынасы тіркелімінің қызметкері ақаудың пайда болу себебін анықтау және олардың әрі қарай пайда болуын алдын алу үшін алдыңғы технологиялық операцияларды тексеруді талап етеді.

158. Тексеруден басқа Тізбеге сәйкес Кеме қатынасы тіркелімінің қызметкерімен жекелеген бөлшектердің, бөліктердің және Тізбеге сәйкес техникалық бақылау құрамына кіретін конструкция элементтерінің дайындалуын, осы объектілерді дайындаудың технологиялық процестерінің сақталуын, сондай-ақ бақылаушы қызметтерді ұйым персоналдарымен тиісті орындалуының сапасын мерзімді тексеруді жүзеге асырады.



Бұл ретте тиісті жұмыстарды аяқтағаннан кейін Тізбеге сәйкес тексеру жүргізу кезінде ерекше назарды байқалуы мүмкін емес жетіспеушіліктер мен ақауларды байқауға аудару керек.

159. Ұйым кемені жасау бойынша барлық негізгі жұмыстарды және өндірістік процестердің жекелеген операцияларын техникалық бақылаудың көлемі, әдістемесі және құралдарының нұсқаулықтарын қоса типтік технологиялық процестерді әзірлейді және Кеме қатынасы тіркелімімен келіседі.

160. Ұйымның техникалық бақылау қызметімен жұмыстың аяқталған кезеңдерін қабылдау нәтижелері, стандартқа сәйкес ұйыммен әзірленген құжаттамада көрсетіледі.

161. Техникалық бақылау объектілерін тексеру және сынау нәтижелері Кеме қатынасы тіркелімінің қызметкерімен осы Қағиданың 11-қосымшасына сәйкес ресімделетін хабарламада жазумен ресімделеді.

Өндірістің ерекшелігіне байланысты Кеме қатынасы тіркелімі қызметкерінің келісімі бойынша тексеру нәтижесін көрсететін құжат ретінде осы Қағиданың 12-қосымшасына сәйкес ресімделетін жасау журналы пайдаланылады.

162. Тексеру және сынауды орындау үшін Кеме қатынасы тіркелімінің қызметкерін тәуліктен кешіктірмей хабарлама немесе телефон арқылы шақырады.



Кеме қатынасы тіркелімінің қызметкеріне хабарламаны немесе жасау журналын ұсынады.

Осы Қағида талабынан ауытқулар байқалған жағдайда Кеме қатынасы тіркелімінің қызметкері жетіспеушіліктерді жоюды және бөлікті немесе объектіні қайта тексеруді талап етеді. Кеме қатынасы тіркелімі қызметкерінің талаптарын орындағаннан кейін оған қайта хабарлама жібереді.

163. Бекітілген техникалық жобаға, жұмыс сызбасына немесе Техникалық шарттарға өзгеріс Кеме қатынасы тіркелімінің келісімі бойынша енгізіледі. Жекелеген жағдайларда жобаны авторының келісімі бойынша кеменің негізгі сипаттамасына қатысты емес және жүзу қауіпсіздігіне әсер етпейтін өзгерісті кейіннен жоба авторымен өзгеріс туралы хабарламаны ресімдеп кеме жасаушы ұйым енгізе алады.



Өзгерісті және ауытқуларды келісу үшін жоба авторы немесе ұйым Кеме қатынасы тіркелімі немесе Кеме қатынасы тіркелімі қызметкеріне қажетті техникалық негіздемелерді ұсынады.

Тек нақтыланған объектіге ғана рұқсат етілген келісілген ауытқулар және өзгерістер, Кеме қатынасы тіркелімінің алдын ала келісуінсіз ұйымның кейінгі объектілеріне қолданылмайды.

Осы Қағиданың 13-қосымшасына сәйкес жобадан және техникалық құжаттамадан ауытқулар ресімделетін ауытқуларға рұқсат ету картасымен ресімделеді.



Бұл ретте «Кеме қатынасының тіркелімі» ММ қызметкері» бағанында мыналар көрсетіледі:

1) Кеме қатынасы тіркелімі қызметкерінің қолы немесе жасауға (жұмыс сызбаларынан немесе технологиялық процестерден ауытқу кезінде) техникалық бақылауды жүргізуші Кеме қатынасы тіркелімі қызметкерінің хатына сілтеме;

2) егер ауытқу кеме сипатының негізгі ерекшелігіне өзгеріс туғызатын болса, Кеме қатынасы тіркелімінің немесе Кеме қатынасы тіркелімі қызметкерінің келісілетін құжаттамаға сілтемесі.

164. Қозғалтқыштарды және басқа техникалық құралдарды, құрылғыларды, жүйелерді, жабдықтарды және жабдықтауларды монтаждау алдында Кеме қатынасы тіркелімі қызметкері көрсетілген объектінің Кеме қатынасы тіркелімінің бақылауымен дайындауды растайтын құжаттарының бар екендігін тексереді.

165. Корпусты, қозғалтқышты монтаждауды және басқа техникалық құралдарды, құрылғыларды, жүйелерді, жабдықтарды және жабдықтауларды жасауды аяқтағаннан кейін Кеме қатынасының тіркелімі қызметкері стандарттар, осы Қағида талаптарына сәйкес әзірленген бағдарлама және Кеме қатынасы тіркелімімен келісілген кеменің жобалық құжаттамасы бойынша кемені арқандап байлау және жүрістік сынақ жүргізілуіне техникалық бақылауды жүргізеді.

166. Арқандап байлау және қозғалуды сынау бағдарламасында жеткізуге арналған стандарттар және техникалық құжаттама, сондай-ақ жеткізілетін жабдықтарға жеткізуші-ұйымның бағдарламасы ескеріледі.



Кеме қатынасы тіркелімімен келісілген сынау жүргізудің бағдарламасы болған жағдайда, арқандап байлау және жүрісте сынау бағдарламасында осы әдістемеге сілтеме жасайды.

167. Арқандап байлау және жүрісте сынау бағдарламасын Кеме қатынасы тіркелімінің техникалық жоба материалдарын қараған лауазымдық тұлғасы келіседі.

168. Арқандап байлау және жүрісте сынау бағдарламасына мынадай бөлімдер кіреді:

1) сынауға дайындау;

2) арқандап байлап сынау:

3) жүрісте сынау;

4) ревизия;

5) бақылау шығу, бақылау сынау.

Кеме қатынасы тіркелімінің қызметкері кемелерді сынаудың барлық кезеңдеріне тікелей қатысады. Сынауға дайындық кезінде жасалу кезеңі құжаттарының жинақтылығын және жинақтаушы бұйымдар құжаттамасын тексереді.

169. Сынауды жүргізудің қауіпсіздігін және кемені тапсырыс берушіге тапсырғанға дейін кеменің бүтіндігін, жеткізудің басқа жағдайлары көзделмесе кеме жасаушы ұйым қамтамасыз етеді.

170. Сынау кезінде жабдықтарды басқару техникалық пайдалану қағидасы және оған қызмет көрсету нұсқаулығына сәйкес жүргізіледі.

171. Кеме қатынасы тіркелімінің қызметкері жабдықтарды өз қолымен басқармайды немесе қызмет етуші персоналдарды іс-қимылына араласпайды. Егер персоналдардың әрекеті аварияға немесе жабдықтың бұзылуына әкелетін болса, Кеме қатынасы тіркелімінің қызметкері техникалық бақылау қызметінің өкілі және беруге жауапты арқылы мұндай әрекеттерді тоқтатуды талап етеді.

172. Объектілерді сынау кезінде ұйым қалыпты сынау жүргізуге кедергі келтіретін немесе сынауға қатысушыларға қауіп төндіретін барлық жұмыстарды тоқтатады, сынау объектісінің айналасындағы өндіріс алаңдарындағы бөтен заттардан босатады, тиісті жарықтандыру және желдеткішпен қамтамасыз етеді.

173. Арқандап байлау және жүрісте сынауды Кеме қатынасы тіркелімі қызметкерімен келісілген жоспар-кестеге сәйкес жүргізеді.



Кестеден негізделген мүмкінді ауытқу кезінде сынау жүргізу технологиясын бұзуға болмайды.

174. Егер объектілерді сынау нәтижелері осы Қағида талаптарын немесе техникалық құжаттаманы қанағаттандырмаса, оларды сынау нәтижелерінің қанағаттандыруын тудырған себептерін жойғаннан кейін қайта сынайды.



Ақауларды жою тәсілдері және қайта сынау көлемі Кеме қатынасы тіркелімінің қызметкерімен келісіледі.

175. Үздіксіз режимде объектіні сынау кезінде үзіліс мүмкіндігі сынау бағдарламасында айтылады, ал сынауды жалғастыру және оларды жүргізу шарттары (ұзақтылықты және көлемін ұлғайту) сынауды тоқтатуға мәжбүр болған себебін ескеріп Кеме қатынасы тіркелімінің қызметкерімен келіседі.

176. Сол бір үзіліссіз сынақ режимін екінші рет мәжбүрлі үзіліссіз жасау кезінде, кейіннен қажетті негізделген жағдайларда және ұлғайтылған көлемде толығымен қайта сынақ жүргізумен, үзілістерге әкелген себептерді жою үшін сынауды тоқтатады. Сынауды жүргізу уақыты Кеме қатынасының тіркелімі қызметкерімен келісіледі.

177. Объектілерді сынау мынадай жағдайларда тоқтатылады:



1) жою бағдарламада айтылған үзілістен көп уақытты талап ететін, бұзылғандық немесе ақау табылған жағдайда;

2) объектінің авариялық жағдайында;

3) кеменің қауіпсіздігіне қауіп төндіруші метеорологиялық жағдайдың бұзылуы кезінде.

Себебіне байланысты сынақты тоқтату туралы шешімді Кеме қатынасы тіркелімінің қызметкері, ұйым немесе тапсырыс беруші (Кеме қатынасы тіркелімі қызметкерінің келісімі бойынша) қабылдайды.

Тоқтату туралы шешімді кімнің қабылдағанына қарамастан, техникалық бақылау объектісі, ұзақтылығы және көлемі Кеме қатынасы тіркелімі қызметкерімен келісілетін қайта сынауға жатады.

178. Объектіні сынауды тоқтату кезінде ұйым сынауды тоқтату себебін, қайта сынау жүргізгенге дейін көрсетілген орындауға жататын себептерді жою бойынша талаптарды көрсетіп акті жасайды.

179. Қажетті өлшеулерді кеме жасаушы ұйым орындайды. Сынаудың өңделген нәтижелерін Кеме қатынасы тіркелімінің қызметкеріне ұсынады.

Оң нәтиже болғанда Кеме қатынасы тіркелімінің қызметкері ұйымның қажет болған жағдайда өлшеу нәтижелерімен кестесі қосымшаланатын объектілерді сынауды аяқтау туралы осыған көзделген ұйымның құжатына қол қояды.

180. Арқандап байлап сынау мыналарды сынау мақсатында жүргізіледі:



1) корпусты жасау сапасын, орналасуын, монтаждың жинақтылығы және сапасы, қозғалтқыштардың реттелуі және жұмысқа қабілеттілігі, құрылғылар, жүйелер, жабдықтар және жабдықтауларда, сондай-ақ олардың параметрлерінің осы Қағида және келісілген техникалық құжаттама талаптарына сәйкестігін тексеру;

2) кеменің, оның басты және қосымша қозғалтқыштарының, құрылғылардың, жүйелердің, жабдықтардың және жабдықтаудың жүрісте сынау жүргізуге дайындығы.

181. Арқандап байлап сынаудың басталуына дейін ұйым Кеме қатынасы тіркелімінің қызметкеріне мынадай құжаттарды ұсынады:



1) техникалық бақылау қызметінің персоналдарымен қол қойылған сынаудың жасалу сатысында көзделген, монтаждау және басқа жұмыстардың аяқталғандығын растайтын құжаттар, ал Тізбемен көзделген жағдайда - Кеме қатынасы тіркелімі қызметкерімен көзделген;

2) арқандап байлап сынаудың құжаттары;

3) Кеме қатынасы тіркелімі қызметкерімен келісілген арқандап байлап сынаулардың жоспар - кестесі;

4) сипаттамасы;

5) осы Қағидамен және келісілген құжаттамамен регламеттелгеннен айырмашылығы бар шешімдер тізбесі;

6) кеме техникалық құралдарға формулярлар және паспорттар;

7) құралдардың құжаттары;

8) техникалық бақылау объектісін сипаттау және оларға қызмет ету бойынша нұсқаулық;

9) имитациялық құрылғылар схемасымен сынаулар әдістемесі (оның ішінде имитациялық);

182. Швартовты сынаудың күнін және уақытын Кеме қатынасы тіркелімінің қызметкерімен келісе отырып ұйым әкімшілігі анықтайды.

183. Сынау үшін жүрістік режимдерді талап етпейтін техникалық құралдар, құрылғылар, жүйелер, толықтай арқандап байлап сынауларда сыналады және тексеріледі.

184. Жекелеген объектілер бойынша талаптарды орындау төтенше жағдайларда, егер осы талаптар жүргізіп сынау кезінде кедергі келтірмесе және кеменің жүзу қауіпсіздігіне және жүргізіп сынау процесіндегі борттағы адамдарға әсерін тигізбесе Кеме қатынасы тіркелімі қызметкерінің келісімі бойынша кейінге қалдырылады.

185. Жүрісте сынау мынадай мақсаттарда жүргізіледі:

1) басты қозғалтқыштардың және барлық энергетикалық қондырғылардың негізгі параметрлерін, сондай-ақ ерекшелік сипаттамасына сәйкестігін тексеру;

2) кеменің алдыңғы және артқы жүрісте маневрлеу кезіндегі энергетикалық қондырғының жұмысын тексеру;

3) басты қозғалтқыштардың реверсивті қасиетін тексеру;

4) басты қозғалтқыштардың және пайдалануға жақын барлық энергетикалық қондырғы шартындағы жұмыс қабілеттілігін тексеру;

5) маневрлік сипаттамасының және кеменің басқарылуын тексеру;

6) пайдалануға жақын шартындағы автоматтандыру құралдарын тексеру;

7) ревизияға ұсынылатын және кейіннен бақылау сынауға жататынды қоспағанда, объектілердің соңғы сынауын;

8) пайдалануға жақын, палубалық мехнизмдердің, құрылғылардың, аппараттардың, навигациялық, радио және электр жабдықтардың жұмыс қабілеттілігін тексеру;

9) «қозғалтқыш-білік жетек-жылжытқыш» жүйесінің айналдыру тербелісінің параметрлерін және корпустық конструкцияның діріл параметрлерін және техникалық құралдарын өлшеу;

10) жобамен көзделген кемеге оның міндетіне сәйкес Кеме қатынасы тіркелімінің сыныбын тағайындау мүмкіндігін растау.

186. Жүрісте сынау басталғанға дейін ұйым Кеме қатынасы тіркелімі қызметкеріне мынадай құжаттарды ұсынады:



1) арқандап байлап сынаудың аяқталғандығын растайтын техникалық бақылау қызметінің құжаттары;

2) Кеме қатынасы тіркелімімен келісілген жүрісте сынау бағдарламасы;

3) Кеме қатынасы тіркелімінің қызметкерімен келісілген жүрісте сынаудың жоспар-кестесі;

4) сынау әдістемелері;

5) кеменің орнықтылығы және суға батпайтындығы туралы ақпарат;

6) қисайту хаттамасы және тұрақтылық есебі (басты кеме үшін);

7) қажет болған жағдайда осы Қағиданың 160-тармағының 4), 5), 7) және 8) тармақшаларында көрсетілген құжаттамаларды ұсынады.

187. Осы Қағиданың 165-тармағында көрсетілген құжаттарды Кеме қатынасы тіркелімінің қызметкеріне ұсынғаннан кейін, арқандап байлап сынауды аяқтаудың және байқалған ақауларды жоюдың, жүрісте сынауды бастаудың күнін ұйым Кеме қатынасы тіркелімінің қызметкеріне жазбаша түрде хабарлайды.

Өтінішінде кемелердің осы сынауға дайындығы расталады және жүрістік сынауға қатысушылар саны туралы, ұжымдық және жеке құтқару құралдарының және кемелік жабдықтаулардың бары туралы ақпарат келтіріледі.

188. Айтылған құжаттар және швартовты сынаудың оң нәтижесі болғанда Кеме қатынасы тіркелімінің қызметкері кеменің жүрісте сынауға шығаруға дайындығын жазбаша түрде растайды.

189. Жүрісте сынаудың басталу күнін және уақытын Кеме қатынасы тіркелімі қызметкерінің келісімімен ұйым әкімшілігі анықтайды.

190. Жүрісте сынауды жүргізу ауданын және ауа-райы бойынша шектеуді осы Қағида және техникалық құжаттама талаптарымен көзделген шарттарға сәйкес Кеме қатынасы тіркелімінің қызметкерімен келіседі.



Жүрісте сынауды жүргізуге болжаған орын қауіпсіз, сынау бағдарламасын толық түрде орындауға және сынаудың сенімді нәтижелерін алуды қамтамасыз етеді.

191. Осы Қағиданың 184-тармағындағы нұсқауларға қарамастан, жүрісте сынауда барлық техникалық құралдардың, құрылғылардың, жүйелердің және жабдықтардың жұмысына бақылау жүргізіледі. Байқалған ақаулар жойылады және қажет болған жағдайда қайта сынау жүргізіледі.

192. Сынау нәтижелерін техникалық құралдардың, құрылғылардың, жүйелердің және басқа да жабдықтардың қалыптасуының дұрыстығын бақылауға қажетті бақыланатын мәндерді көрсетіп ұйыммен әзірленген және Кеме қатынасының тіркелімі қызметкерімен келісілген хаттамаға және журналға жазады.

193. Жүрісте сынаудың аяқталуы бойынша Кеме қатынасы тіркелімінің қызметкері ұйымға байқалған ақауларды жою бойынша жазбаша айтылған ескертулер мен талаптарды береді.

194. Жүрісте сынаудың аяқталуы бойынша немесе жүрістегі режимде имитациялық әдістемені қолданып кемені қозғалтпай сынауда, ескертулерді жою және Кеме қатынасы тіркелімі қызметкерінің талаптарын орындау үшін ұйым Кеме қатынасы тіркелімі қызметкерінің қатысуымен жұмыс көлемін көрсете отырып ревизияға жататын объектінің тізбесін жасайды.

Тізбе арқандап байлау және жүрісте сынау, сондай-ақ біртектес объектілерді техникалық бақылау нәтижелерімен жасалады.

195. Ревизия процесі кезінде олардың техникалық жай-күйін және ревизиядан кейін бақылау сынау қажеттілігін анықтау үшін техникалық бақылау объектісінің жекелеген бөліктеріне бөлшектеу жүргізіледі.

196. Ревизия нәтижелері ұйымның техникалық бақылау қызметінің мыналарды қамтитын құжатымен ресімделеді:

1) ревизияға жататын техникалық бақылау объектісінің тізбесі;

2) байқалған ақауларды сипаттау;

3) ақаулардың пайда болу себептері;

4) ақауларды жою бойынша шаралар.

Кеме қатынасы тіркелімінің қызметкері тек Кеме қатынасы тіркеліміне қатысты техникалық бақылау актісіне ғана қол қояды.

197. Бақылау шығуға дейін арқандап байлау және жүрісте сынау және ревизиялау процесіндегі барлық ақаулар жойылады.



Бақылау шығудың қажеттілігі Кеме қатынасы тіркелімінің қызметкерімен келісіледі.

198. Бақылау шығуы мынадай жағдайларда талап етіледі:



1) техникалық бақылау объектісі ревизияға ұшыраса және оның бақылау сынауы бақылау шығусыз орындалмайтын болса;

2) техникалық бақылау объектісінің дұрыс қалыптасуын сипаттайтын параметрлер, тек бақылау шығуда ғана расталады;

3) арқандап байлау және жүрісте сынау және/немесе ревизия нәтижесі бойынша объектіні толықтай ауыстыру немесе жұмысқа қабілеттілігі тек бақылау шығумен расталатын жауапты бөліктерді ауыстыру талап етілсе;

4) талап етілген режимдерді имитация құралдарымен қол жеткізу мүмкін болмаса немесе осындай құралдардың жоқтығы.

199. Арқандап байлау және жүрісте сынаулардың, сондай-ақ бақылау шығудың оң нәтижелері жасалған кемеге Кеме қатынасы тіркелімінің құжаттарын ресімдеуге негіз болып табылады.

200. Жасалған кемеге ресімделетін Кеме қатынасы тіркелімінің құжаттарының тізбесі Кеме қатынасы тіркелімінің Қағидаларында көзделген.

201. Тапсырыс берушіге кемені теміржолмен немесе басқа көлік құралымен жіберген жағдайда жасауға техникалық бақылау жүргізген Кеме қатынасы тіркелімінің қызметкері кемеге тіркеу нөмірін тағайындап, Кеме қатынасы тіркелімінің құжаттар жиынтығын ресімдеп және кеме пайдаланылатын аудандағы Кеме қатынасы тіркелімі қызметкерінің мекенжайына жіберіледі.



Алғашқы куәландыру актісінде есепке тіркеу үшін Кеме қатынасы тіркелімі қызметкерімен кемені техникалық есепке қою үшін кезектен тыс куәландыруға ұсыну талабы жазылады.

Қызмет ауданына осындай кеме келіп түскен Кеме қатынасы тіркелімінің қызметкері, кемеге және оның элементтеріне жүрістегі режимде бақылау тексерумен кезектен тыс куәландыру жүргізіп, келесі куәландыру мерзімін белгілеп және техникалық есепке қояды.

202. Кемені екі (бірнеше) кеме жасаушы ұйымдарда салған жағдайда, Кеме қатынасы тіркелімінің құжаттарын кемені жасауға дейін және сынауда техникалық бақылау жүргізген Кеме қатынасы тіркелімінің қызметкері ресімдейді.



Кемені жасаудың алғашқы кезеңінде техникалық бақылауды жүргізген Кеме қатынасы тіркелімінің қызметкері атқарылған жұмыс туралы актіні жасайды және оның материалдарға және кеме техникаларының, қозғалтқыштардың формулярларымен және басқа да объектілерге куәлігімен бірге кемені жасаушы ұйымға жіберуді бақылайды.

Акті жүзуге жарамдылық туралы куәлікті және басқа да Кеме қатынасы тіркелімінің құжаттарын толтыруға арналған мәліметтерді қамтиды.

203. Басты кемеге сынау жүргізу сериялық кемелермен салыстырғанда, кеңейтілген түрде сипаттамасын тексеру және осындай тексерусіз сериялық кемелерге қолданылуы мүмкін параметрлерді анықтауды қамтитын бағдарлама бойынша жүргізіледі.

204. Басты кемені сынау бағдарламасына жалпы мыналар кіреді:

1) ІСЖКЖҚ сәйкес қисайту тәжірибесін жүргізу;

2) маневрлеу сапасын анықтау;

3) корпустық конструкцияның және кеме техникаларының жекелеген объектілерінің діріл параметрлерін өлшеу;

4) осы Қағиданың



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет